Сидорова Вера Васильевна

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сидорова Вера Васильевна (Лазукина) – Воронеж облысы Таловский (Чигольский) ауданының Верхняя Тишанка селосында дүниеге келген. Атасы - Лазукин Иван Петровичті 1931 жылы белгісіз жерге жер аударып, әкесі Василий Ивановичті Қиыр Шығысқа шахтаға жұмысқа жібереді. Анасы сайлау құқынан айрылып, темір жол нысандарын салу жұмыстарына араласады. В.В. Сидорова анасы жағынан келетін әжесі - Макарова Анастасия Фёдоровнаның үйінде тәрбие алып, бой жетеді.

Ол 1941 ж. селолық мектептің 1 сыныбына оқуға барады. Бірақта оқудың сәті түспейді, себебі, немістермен болған Ұлы Отан соғысы басталып,  барлық өңір қирап, жан сақтайтын жер табу мұңға айналады. Тек қана 1943 жылғы Сталинград шайқасынан соң ғана бірініші сыныпқа қайта оралады.  Сөйтіп, мектепті 1953 ж. бітіріп, М.Горький атындағы Қазан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. Бұл оқу орынын бітірген соң Қазақстанға тың игеру жұмыстарына жолдамамен жіберіледі.

Еңбек жолын Қостанай облысы Қарасу ауданының Жамбыл ауылында бөлімше агрономы болып бастайды. Шаруашылық жұмыстарымен қатар қоғамдық жұмыстарды бірге атқарады. 1959 жылдық қараша айында Қарасу аудандық комсомол комтитетінің  1 хатшысы болып сайланады. 1961 жылдың қыркүйегінде Қостанай облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1965 жылдың қаңтарынан   1987 жылдың наурызына дейін әртүрлі партиялық қызметтерді атқарды.

1985 ж. қаңтар айында Орал облыстық партия комитетінің екінші хатшысы,  1985 жылы Жоғары Кеңестің онбірінші шақырылымының бірінші сессиясында Төралқа мүшесі болып сайланады. 1987 ж. – Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары болды.

1990 ж. «Қазақстан Республикасы алдындағы сіңірген еңбегі үшін» құрметті демалысқа шықты.

1992 ж. – ҚР Ардагерлер ұйымының Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, бұнда  2000 жылға дейін қызмет атқарды.

1960 жылдан КОКП қатарына мүше болып қабылданды.

Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне үш мәрте мүше болып сайланған,  Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің үш бірдей шақырылымының депутаты, Қостанай, Орал облыстарының және басқа да аудандық кеңестердің  депутаты болып сайланды.

Қоғамдық жұмыстарды орындау барысында екі рет шетелге шыққан: 1979 ж. - АҚШ, 1986 ж. - Жапония.

Еңбек еткен жылдарында көптеген үкіметтік марапаттарға ие болды. 1976 жылдың желтоқсанында Социалистік Еңбек Ері атанды, «Ленин» орденімен наградталып, «Орақ пен балға» алтын медалі тапсырылды. 1972 ж. алғаш рет Ленин орденіне иеленіп, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрметті грамоталарымен марапатталған. КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс, қола медальдарымен, «Қазақ КСР еңбек сіңірген агрономы» төсбелгісімен наградталған. 1971 ж. КОКП-ның XXIV съезінің делегаты, БЛКЖО-ның XIV съезінің Қазақстан Компартиясы атынан делегаты болды. «Жер планетасының кемеңгер 100 әйелі» кітабына (2011) аты енген.

Отбасылық жағдайы – тұрмысқа шыққан,  күйеуі - Сидоров Антон Львович, бас маман, Қостанай, Орал облыстарындағы кеңшарлардың директоры болған. Екі қызы бар: Марина және Ольга. Немерелері: Ольга, Владимир, Анастасия.

Content 2
sidorova01-285x436
sidorova03-285x197
sidorova04-285x220
sidorova_001-285x188
sidorova_002-285x422

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту