Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы 1960 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1978 жылы Түркістан қаласындағы орта мектепті жақсы тәмамдаған ол еңбек жолын киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы мұражайдың кіші ғылыми қызметкері болып, жөндеу қызметіне қатысудан бастады.

1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1988-1991 жылдар аралығында «Өнер» баспасында редактор, 1991-1994 жылдар аралығында «Алдаспан» жастар шығармашылық бірлестіктері қауымдастығының бас директоры болып қызмет атқарған.

Шәмшидин Әшенқожаұлы 1997 жылдан бері халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы болып қызмет етеді. Осы уақыт аралығында ол қалыпты  газет шығаруға ұйытқы болып қана қоймай, басылымның жаңа тұрпаттағы  келбетін жасады. Газет бетінде түрлі қоғамдық мәселелерге салиқалы сараптама жасауды тілшілерден үнемі талап етіп отыратын басшы ретінде ол «Түркістан» газетінің республикалық қазақтілді газеттер арасындағы абырой-беделін жоғарылатып, басылым танымдылығын арттыра түсті.

Шәмшидин Әшенқожаұлы мемлекетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Оның қоғамдық пікірталастарда, түрлі БАҚ-тар арқылы мемлекеттік тіл, оралмандар тағдырына орай айтып жүрген  сүбелі ойлары ұдайы көпшіліктің қолдауына ие.

Шәмшидин Әшенқожаұлы 2009 жылы, халықаралық «Түркістан» газетін басқарып келе жатқанына он бес жыл  толғанда, ҚР «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Бұған дейін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған..

Отбасылы, 4 баланың әкесі.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Айман Кудербаева 2016-01-28 09:19
Еңбегіңің тек алға бассын!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту