Жәния Әубәкірова

ДерекнамаМақалаларСуреттер

П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және «фортепиано»

класы бойынша (профессор Л.Н.Власенко класы) аспирантурасын бітірген.

Халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо байқауында «Заманауи француз композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы сыйлығы және Гран-при иегері (Франция, 1983ж.) және Халықаралық камералық ансамбльдер байқауында Гран-при жүлдесі (Франция, 1985).  

Жәния Әубәкірованың жеке концерттері Қазақстан, Франция, Англия, Германия, Жапония, Ресей, Польша, Италия, АҚШ, Израиль, Грекия, Венгрияның ірі концерт залдарында өтуде.
 Пианист Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының залында, Санкт-Петербург филармониясында, Мәскеулік Музыка үйінде, «Salle Pleyel», «Salle Gaveau», «Barbican Hall», «Wigmore Hall», «Vigoda Hall»,  «Konzerthaus»,  «The Kennedy Centre Concert Hall», «Carnegie Hall» залдарында өнерін көрсетті.

Жәния Әубәкірова Марат Бисенғалиев, Гауһар Мырзабекова, квартет “Danel”, Михаил Плетнев, Александр Сладковский, Александр Ведерников, Александр Тростянский, Денис Шаповалов, Кристоф Мангу, Ресей ұлттық оркестрі, Француз радиосының симфониялық оркестрі, Үндістан симфониялық оркестрі, Ағылшын камералық оркестрі, Израильдік камералық оркестрі секілді тағы да басқа атақты музыканттармен және ұжымдармен ынтымақтастықта қызмет етеді.

1997 жылдан бастап  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. Ж. Әубәкірованың басшылығымен консерватория әлемдегі жетекші музыкалық білім берудегі жоғары оқу орны ғана емес, сонымен қатар республиканың мәдени-ағартушы ордасына айналды.

Ж. Әубәкірованың ағартушылық және білім берудегі бастамалары негізінде 1994 жылы заманауи білім беру әдістері және технологиялармен  жұмыс істейтін «Жәния Әубәкірованың авторлық мектебі» тұсауын кесті.

Жыл сайын Оңтүстік Кореяда, Германияда, Францияда, Ресейде мастер-кластар өткізеді.

Жәния Әубәкірова бастамасымен 1998 жылы ашылған “Классика” музыкалық агенттігі үлкен жетістікпен “Франциядағы қазақ маусымдары” іс-шараларды өткізіп, 25-ке жуық мемлекеттерде концерт ұйымдастырып, 50-ден аса компакт дисктерді жазып, қазақстандық орындаушылар туралы 20-ға тарта музыкалық фильмдерді түсірді.

Жәния Әубәкірова мәдениет және білім беру саласында белсенді қызметі үшін көптеген марапаттарға ие: Қазақстан Республикасы Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Премиясының лауреаты, Франция Республикасы өнер және әдебиет орденінің кавалері, «Платиналық Тарлан» тәуелсіз премиясының лауреаты, «Қазақстан мен Ресей достығын нығайтқаны үшін» Екатерина Ұлы ІІ дәрежелі Орденінің кавалері.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту