Дәрібаева Жадыра

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1948 жылы  4 қыркүйекте  Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария)  орталығында дүниеге келген. 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8 сыныбын, 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін бітірген. Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған. 1968-1970жж. Қызылорда пединститутының филология факультетінде сырттай оқыған.  1970 жылы Мәскеу қаласындағы  М. Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөліміне түсіп, оны 1975 жылы тәмәмдаған.

            1977-1981 жж. Мәскеудегі А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында  ( ГИТИС )  қазақ  актерлер бөлімінде дәріс берген.

            1982-1990 жж. Қазақстан Жазушылар Одағында секретариат меңгерушісі, 1991-1992жж. «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 2003 жылы БҰҰ Даму Бағдарламасында баспасөз үйлестірушісі қызметін атқарған.

            Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторларының бірі.  1996 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

            Жанұялы, балалары, немерелері бар.

            Жыр жинақтары:  Гүлжайна.  Өлеңдер. Алматы,  «Жалын», 1979;   Мейір. Өлеңдер. Алматы,  «Жалын», 1988;   Біздің жақтың аспаны.  Өлеңдер. Алматы,  «Жазушы», 1998;

Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. Алматы, «Балалар әдебиеті»,  2007;  «Ақ бура сезімдер». Әңгімелер жинағы. Алматы,  «Қайнар» баспасы  2009;  1томдық шығармалар жинағы.  Астана.  «Фолиант»  баспасы 2009.

Content 2
1985_zhyl_almaty-285x403
almaty_1989_zhyl-285x444
izobrazhenie_017-285x428

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту