Балтағұлов Ізбасар Балтағұлұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Ізбасар Балтағұлұлы 1930 жылы қаңтар айының 1-ші жұлдызында, Алматы облысы Балқаш ауданы Желтораңғы ауылында халық ақыны Бигелдиев Балтағүл мен Мәделі қызы Мәрияның отбасында дүниеге келген. Білімі жоғары, философия ғылымының кандидаты.

Еңбек жолы сол ауданда мектеп мүғалімі, директоры, аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары, аудандық партия комитетінің хатшысы, аудандық Совет атқару комитетінің председателі қызметтерін атқарған.

Ал 1970 жылдан бастап Алматы облысының партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Республикалық КазГлавлито комитетінің торағасы қызметтерін атқарған.

1989 жылдан еңбек демалысына шыққанға дейін Республикалық «Ықылас» атындағы халық саз аспаптары мұражайының төрағасы қызметтерін атқарған.

Ізекең ұзақ жылдарға атқарған жемістері еңбектері үшін 4 орден, он шақты медальдармен марапатталған. Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер деген құрметті атақтың иегері.

Әкесі Бигелдиев Балтағұл 1891 жылы туылған. Октябрь революциясына дейін диханшылық кәсіп. Революциядан кейін  1952 жылға дейін қызметкер болып келді. Ден саулығына байланысты қазір зейнеткер.

Ізбасар Балтағұлұлы  1936-1940 жылдары Желтораңғы бастауыш мектебінде оқып 4 класты бітіріп Бақанас орта мектебінде оқып 8 класын бітіріп, ол кезде одан жоғары класс болмағандықтан қызмет істеп бастаған. Қаңтар 1944. Тамыз 1945 жылға дейін Желтораңғы заготонивсырье конторында бухгалтер болып қызмет істеген. 1945-1947 жылға дейін Бақанаста ауылшаруашылық бөлімінде экономист-плановик қызметін атқарған.

1946 жылдан 1951 жылға дейін БЛКЖО қатарында болған. БЛКЖО қатарында жүргенде аудандық облыстық комсомол комитетінің мүшесі болып келген. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатынасқан және аудан комсомолдарын ауылшаруашылық жұмысқа қатысуларын ұйымдастырып дұрыс жолға қойғандығы үшін БЛКЖО ҚЛКЖО орталық комитеттерімен облыстық комитеттің грамотасымен марапатталған.

 1947-1949 жылға дейін Бақанаста аудандық пионерлер үйінің директоры болған. 1949 жылы Түргендегі педучилищеге сырттай оқуға түсіп, 3 курсын бітіріп келіп 09.1949 жылдан бастап Желтораңғы бастауыш мектепте мұғалім болған. 1950-1953 жылға дейін осы мектепте меңгеруші болған. 1953-1954 жылға дейін Қызылту жеті жылдық мектебінің директоры болып қазмет істеген. 1954 жылдан КПСС мүшесі.  1954-1959 жылға дейін аудандық комсомол комитетінің 1-секретары болып қызмет істеген. 1959-1960 жылдары Бақанас қой совхозында бастауыш партия ұйымының секретары болып істеген.

1960 жылдан осы уақытқа дейін ҚКП Балқаш аудандық комитетінің секретары болып қызмет атқаруда.

Content 2
baltagulov_izbasar-3-285x428
baltagulov_izbasar-4-285x428
baltagulov_izbasar_i_oi_shina_gulsagilya-285x191

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту