Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы 1939 жылдың 11 каңтарында Қызыл Ту ауыл советіне (қaзipгi Сырдария ауданы) қарасты Майлыкұм ауылында теміржолшының жанұясында дүниеге келді.

     Бастауыш білімді ауылдан алып, 1953 жылы қаладағы №1 "1 Май" мектебінде оқуын әpi қарай жалғастырды. 1956 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия Политехникалык Институтының машина кұрастырушы - механика факультетіне оқуға тycтi. Институт қабырғасында үздік оқуымен қатар, ғылыми-техникалық ойлау қабілетінің жоғарылығымен көзге тусті.

  1961 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, Оңтүстік Қазақстан Совнархозына қарасты Қызылорда қаласындағы "Автотрактородеталь" заводына инженер-технолог мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Ол кезде Қызылорда түгілі бүкіл Қазақстан бойынша инженер мамандар жоктың қасы еді. Жас маман өзінің  терең білімі мен, қажымас қайратының арқасында, жыл сайын қызметтік сатыларға көтеріліп отырды. Бас аягы жеті жылдың ішінде катардагы инженерден завод директоры кызметіне дейін көтерілді.

1978 жылы Қызылорда облысына ауыл шаруашылығына кажетті машиналар (жатка) шығаратын завод салу туралы Үкіметтің қаулысы шықты. Бұрынғы металлоконструкция заводының орнына жаңа өндіріс орнын салу керек болды.

Облыстық партия комитетінің ұйғаруы бойынша білікті басшы, білімді инженер Даулетбаев А.С  жаңа заводка директор болып тағайындалды.

Жаңа өндіріс бірден аяғына тұрып кеткен жок, көптеген қиыншылыктар болды: біріншіден, кадр мәселесі, екіншіден қаражат бөліну мәселесі, үшіншіден қажетті техника тапшы болды. Кадр мәселесін  шешу үшін  КССРО-нің түрлі заводтарымен қарым-қатынастар орнатылып, жұмысшылар оқуға жiбepiлдi. Тула, Бердянск, Ростов, Таган-Рог, Ижевск қалаларындағы заводтарға айына 10 адамнан оқуға жіберіліп отырды. Заводтың ішінде  мамандар даярлайтын кәсіптік-техникалық училище ашылды.

Қаржы мәселесін шешу үшін сол кездегі облыстық партия комитетінің            бірінші хатшысы Е.Н.Әуелбеков, В.В.Рябовтармен бipгe А.Даулетбаев КССРО Министрлер кабинеті председателінің орынбасарлары Силаевка, Тихоновке, КССРО Ауыл шаруашылығы және автотранспорт өндірісінің министрі Ежевскийге қайта-қайта кipiп, бұл мәселенінің де шешімін тапты.

1980 жылдан бастап  бірінші жаткалар өндірістен шыға бастады.

Даулетбаев А.С. жатканы модернизациялау жолында талай рационализаторльқ жаңалыктар ашып, 1984-1992 жылдар аралығында оншакты авторлық куәліктің иeci атанды.Облысымызда шығарыла бастаған ауыл шаруашылығы жаткалары  Бүкілодақтық ауыл шаруашылғы көрмесінде «Жоғары категориялы сапа» номинациясын жеңіп алды. Бүкілодақтық көрмелерде Қызылордадан шыққан жаткалар жүлделі орындарды жеңіп алып, көптеген мақтау кағаздарымен марапатталды.

1984 жылы заводта  300 жатка шығарылса, 1988 жылдан бастап жыл сайын  1000-нан аса жаткалар шығарылып, Куба, Вьетнам, Украина, Ресей сияқты  елдерге жіберілді.

Кезінде заводта Д.А.Конаев, Н.Назарбаев тағы да басқа коғам қайраткерлері болып, өндіріспен, жұмысшылардың хал-ахуалдарымен танысты.

Бүкіл  өмip жолын Қызылорда облысының өндіріс салаларын көтеруге арнаған білімді де білікті инженер Даулетбаев Абайділда Сыздықұлының еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол кici 11 дүркін Қалалық Кеңестің, 3 мәрте Облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен марапатталды.

Content 2
otbasy-204x153

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту