Әріп Тәңірбергенов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Абай шәкірттерінің ішінде аса талапты ақындарының бірі - Әріп Тәңірбергенов.

 Қазақ халқының классик жазушысы М.О.Әуезов ол жөнінде былайша толғанады: "...Мұраларының бәрінде де Абайға жақын келіп, ой-сана жағынан да, шеберлік, стиль, үлгі жағынан да ұлы ақынның реалистік дәстүріне үнемі иық сүйеп отыратындығын сездіреді.

 Әріп ақын бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданында 1856 жылы дүниеге келген.

 Ақынның ата-бабалары тарихта белгілі шешен,атақты ақын болған. Байғарадан Ақтайлақ бастаған он жеті ақынға шыққан. Сондықтан да, Әріптің ақындық өнеріне әсер еткен өскен ортасы, Байғара бастаған ақындар мектебі болды.

 Ауызша мәліметтерге қарағанда, болашақ ақын 11-12 жасынан бастап, ауыл мектебінде сауатын ашқан соң, ары қарай білім алуды арман етті.

 Жас кезінен болашақ ақын өлеңдерін Абайға еліктеп жазған. Әсіресе, ағартушылық, сыншылдық бағыттарына жиі назар аударған. Атап айтқанда,"Серікбай қажыға", "Байларға", "Қабдолла биге", "Тәрібек болысқа" т.б. өлеңдерінде Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиет керінеді.

Жастарды оқу, білімге  шақырған "Ғылым туралы", "Еңбек туралы", "Шәкірттеріме"  сияқты өлеңдерінде де Абайдың ағартушылық идеялары жалғасын тапқан. Қабдеш Жұмаділов секілді белгілі жазушылар мен әдебиетшілер атақты "Біржан-Сара" айтысын шығарған Әріп ақын екенін дәлелдеген.

Шұғбан, Шәкір сияқты шәкірт ақындар ұстаз ақынның қасиетін терең түсініп, тебірене жырлайды.

 Ақын өлеңдерінде  кездесетін Шығыс дастандарындағы ғашықтардың аты жөне араб, парсы сөздері де көп кездеседі. Яғни,оның Шығыс ақындарының шығармаларын көп оқығандығын және тілді жақсы білгендігін көрсетеді.

Қазір Семей, Аягөз қалаларында Әріп Тәңірбергенов атымен аталған көшелер бар.

 

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту