Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов 1930 жылдың , 12 мамырында бұрынғы Талдықорған облысының, Сарқанд ауданындағы Қарлығаш ауылында туған.Алдымен шешеден, 1941 жылы әкеден жетім қалған ол интернатта, балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. 1949 жылы Лепсі педагогика училищесін, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жазушы өзінің журналистік қызметін облыстық "Алма-Атинская правда" газетінен бастаған. 1955 жылдың наурыз айынан бастап "Литературная газетаның" Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, кейінірек "Ленинская смена" газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша "Правда" газетінің тілшісі, "Қазақфильм" студиясының Бас редакторы, "Қазақ әдебиеті" газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы, республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Жазушы Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Африка халықтарымен достықтыңАссоциациясы Басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. "Құрмет Белгісі", Халықтар Достығы ордендерімен де марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.

1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазған. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылдан жариялана бастады. Әнуар Әлімжанов шығармаларының тақырыбы сан алуан: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа кеңес адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі, т.б. Оның тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес болып келеді. "Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды. "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршылдарға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді. Империалистердің шектен шыққан озбырлығын әшкереледі,ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Джомоның қаһармандық бейнесін жасады.

Шығармалары:

Белый друг, желтый друг, черный друг. Очерк. 1958;

Когда встречаются друзья. Очерк и рассказы. 1959;

Вечные корни. Очерки и рассказы. 1960;

Пятьдесят тысяч миль по воде и суши. Очерки и рассказы. 1962;

Пылающее копье. Очерки и рассказы. 1976;

Караван идет к солнцу. Повесть. 1963;

Синие горы. Повесть. 1964;

Сувенир из Отырара. Повесть. 1966;

"Месть Карасункара". Повесть. 1969;

Стрела Махамбета. Роман. 1969;

Гонец. Роман. 1974;

Возвращение учителя. Роман. 1978;

Избранные в 2-х томах. 1979;

Көгілдір таулар. Повестер. 1982;

Дороги людей. Роман. 1984;

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту