Әзілхан Нұршайықов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында, Шығыс Қазақстан облысының, Жарма ауданында Ақбұзау ауылында дүниеге келген. ҚР халық жазушысы. Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі Қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай бейнелері әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді.   Жазушы          “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық негіздегі өркендеу».

Әскери атағы - аға сержант.

Діни көзқарасы - атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - К.Маркс, В.И.Ленин, Н.Ә.Назарбаев.

Хоббиі - фотография, жақсы кітаптар жинау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - «Оқу, жазу және оқырмандармен жүздесу».

Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары - Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған ), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған ), экономист; ұлдары -Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған ), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған ), инженер-электрик.

2011 жылдың ақпанында қайтыс болған .

Жылнамалар

1941 – 45 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949).

1953 – 79 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,

1953 – 56 жылдары — Павлодар облысының “Қызыл ту” газетінің редакторы,

1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді.

1980 жылы — жиырмадан астам кітаптары жарық көрген қаламгер “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы

1980 жылы — ҚР халық жазушысы

1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Касымбекoва Меруерт 2016-01-26 13:43
Sizderge kop raxmet izdegenimdi taptim.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту