Әбіш Кекілбайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысының, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан еді. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам болатын. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде кеңші болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болды.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-1945 жылдар аралығында стахановшы кенші, 1945-1962 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқыды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталды. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталды.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарды. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарды. Мұнда ол сыншылдық қабілетімен көзге түсті. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.

Қызмет жолы

1965-1968 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,

1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-1986 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-1990 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

     1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланды.

Отбасы

Үйленген. 2 ұлы, 2 қызы бар.

Шығармашылығы

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-1993 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат», 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР - нің Мемлекеттік сыйлығы берілді.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығын 1986 жылы, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын 1995жылы, «Отан» орденін 1999 жылы алды. Сонымен бірге, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» да алды. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен де марапатталды.

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Kasimbekova Meruert 2016-01-26 13:38
Sizderge kop raxmet,men izdegenimdi taptim jane ote tianakti jaksi jazilgan!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту