Үмбетей Жырау

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіреші, сонымен қатар халықтың музыка өнерін жетік білген  қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі - өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы ғана алған дәріс болды.Ақындық қабілеті ерте байқалған ол ауылдастарының, кейде, тіпті, ағайын-туғандарының теріс істерін әшкерелеген өткір тілді өлеңдердің авторы ғана емес,сонымен бірге ол  ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылды. Уақыт оза келе философиялық-дидактикалық толғауларға ден қойды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды. Оның  осы реттегі  жырлары оған үлкен даңқ әкелдіҮмбетей жырау қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған.

 

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту