Құлыншақ Кемелұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Өз заманында, көзінің тірісінде – ақ атақ-даңқы алыс аймақтарға тараған күнгейлік ақын- Құлыншақ Кемелұлының  туған жері шұрайлы  Шымкент өңірі,туған жылына келер болсақ1840 жылы дүниеге келген.

Дегенмен де, зерттеуші Ә.Оспанұлы өзінің1983 жылы жарияланған «Қаратау атырабының ақындары» атты кітабында, ол кісі жайында тақыл-тұқыл ғана мәлімет беріп шығуымыздың негізгі себебі -деректерде. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кездері 63-64-тердегі Исахан ақсақалдың,яғни Исакеңнің айтуынша ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Мекке сапарына кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы қатты науқастанып, қайтыс болған делінеді. Бірақ кейіннен ҚР-ның ұлттық ғылым академиясының корреспондент- мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев өзінің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында (1967),  сонымен бірге біздің мәліметті ұстанған профессорлардың бірі Ханғали Сүйіншәлиев болатын. Ол өзінің жарияланған  зерттеулерінде,еңбектерінде Құлекеңнің дүниеге келген – кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар аралығы деп көрсеткен.Оны  кезінде Қазақ Совет энциклопедиясына жариялап та  жіберген.«Бес ғасыр жырлайды» атты кітапта да, ақын Құлыншақ Шымкент облысының, Созақ ауданының, Жартытөбе кеңшарында 1840 жылы туылып, 1911 жылы сол жерде қайтыс болған, - делінген. Бұл кісі күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі болған деседі.

Ол ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға", "Дүйсенбі датқа" дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдірді.Сонымен бірге жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптеді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", "Мөделіге", т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Кемелұлы  Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже сияқты ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын кезінде аса жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР ҰҒА-ның қолжазба қорына тапсырған.

Құлыншақ ақын діни сауатты, араб әлемінен азда болса да хабары болған адам. Ал жоғарыда аталған кітаптардың ішінде Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден  көбінесе зерттеушілер қашқақтаған. Дегенмен, біздің ақиқаттан аттағанымыз дұрыс болмас. Ол кісінің діни сауатты әрі діндар қаламгер болғандығы айдай анық нәрсе емес пе? Діндарлығының ең негізгі белгілерінің бірі, ол кенже ұлы Исахан айтқандай, Исламның бес парызының бірі болған қажылықты орындауы. Бұл кісі өмірінің соңында қасиетті Мекке қаласына, қажылыққа барып келген. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұлтанбек Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлеңнің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың Меккеге барғандығын былайша баяндаған: Айтайын уақытында болған ерді, ел берген дүниенің арқасында ,Меккені мен көріп қайтты Мединені. Діндарлығының екінші бір дәлелін, оның Майлықожамен айтысынқанында көре аламыз. Қысқаша тоқталсақ, Исламның бес парызының біріншісі тілін кәлимаға кәлтіру, яғни: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту. Осы сөзді айтқан адам мұсылман болып есептеледі. Енді ақының осы сөзді (кәлиманы) айтқан өлең жолдарын келтірейік: Қожеке екенсіз ғой ақылсыз жан, Басында айыбың көп мың менен сан. Келмегейдің баласын кәпір дейсің, Лә иләһә иллалла мен мұсылман. Акын өзінің діндар әрі мұсылман болғандығын мақтан тұтқан адам екендігін мына жоғарыдағы өлең жолдарынан байқауға болады. Бұл нәрселердің барлығы Құлыншақ ақынның шығармаларының араб әдебиетімен, мұсылманшылықтың негізі болған Құранмен байланысы бар екендігін көрсетеді. Сол заманда тек Қүлыншақ ақын ғана діндар қаламгер болмаған. Өзімсн қатарлас, замандас ақындар да діни сауатты болған. Бұл сөздеріміздің бірден- бір дәлелі, ол кісілер сөйлеген сөздерінде, айтқан өлендерінде Алла есімін, діни қағидаларды естен шығармаған. Араб әдебиетіне де жақындықтары болған. Себебі олар өз өлеңдерінде араб сөздерін (сол сөздердің баламасы казак тілінде бола тұрса да) қолданған. Мәселен Құлыншақ ақынның "Қисық ақынмен тілдесу" атты өлеңінде мынадай жолдар бар: Максұдың Алла Тағала бергеннен соң. Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Енді осы өлеңдегі араб сөздері мен діни ұғымдарды карастырайық: біріншіден, әрбір нәрсені Алланың беретіндігін мойындаған, ал екіншіден берген нәрсесін алушы да Құдай екендігін тағы да айтып кеткен. Араб тіліне жақындығын айтар болсақ: өлеңде «мақсұд», «мүбәрәк» деген араб сөздері қолданылған. Ол кісі мақсұдың сөзін келтірген. Оның негізгі мақсаты, ниет етілген нәрсе. Мағынасы "сұрағаның" десек те болады. Ақын араб сөзінің орнына өз сөзімізді қолданса болар еді ғой. Бірақ олай етпеген. Ақын бұдан кейінгі қатарда  да араб-қазақ сөздсрін қатар қолданған. Өлеңдегі «мүбәрәк» сөзі қазақша «құтты болсын» деген мағына білдіреді. Атап өтсек , мүбәрәк сөзі бір ғана құтты болсын деген мағына емес, басқа да мағыналар береді. Мысалы: көрікті дегсн сияқты. Ақын осы мағынадағы мүбәрак сөзін Майлықожамен айтысқан кезінде былай қолданған: Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Кей кездерде Құлыншақ ақын араб сөздерін, қазақ өлендерінің ұйқастарын да қолданған. Мәселен: Құлыншақ пен Майлықожаның айтысына үңілейік. Онда Құлыншақтың мынадай сөздері бар: Қалай-қалай қожа едің аузың залым. Сыртында кім болсаң да, ішің мәлім. Құдай бергсн дәулетім менің калың, Ықырар болсаң, тапқаның менін малым. Бұл жердегі «залым» (мағынасы арам, зұлымдық көрсетуші адам), «мәлім» (мағынасы белгілі) ол араб сөздері. Қазақ залым сөзін жиі қолданады. Ал мәлім сөзі де көп қолданылғанымен, онымен теңдей қолданыста жүретін өзіміздің "белгілі" сөзіміз бар емес пе? Бар болса да бұл кісі араб сөзін қолданған. Қолдану себебі сөздің бір- біріне жақсы ұйқасып, жеңіл айтылуына байланысты. Қорыта айтқанда, Құлыншақ Кемелұлы өз заманының көрнекті ақыны болған. Бір өкініштісі Құлыншақ жайлы деректер аз, жоқтың қасы десе де болады. Әсіресе шығармалары, өлең жырлары осы күнгі шығарылған кітаптарда  шағын ғана. Мәселен, «Бес ғасыр жырлайды» атты кітапта ары кетсе оның он ғана өлеңі жарым- жартылай берілген. Десек те, Құлыншақ ақынның бізге жеткен өлең жырларын көзіміздің ағы мен қарасындай бағалай білгеніміз жөн болар.

 

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# малика 2016-01-27 10:26
ол кісі туралы көп білдім
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту