Қашаған Күржіманұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақындардың бірі- Қашаған Күржіманұлы. Ол 1841 жылы Түрікменстан облысының, Ташауыз қаласының маңында туған. Жалшы отбасында дүниеге келген,жастайынан жетімдік,жоқшылықтың тауқыметін көп  тартқан. 16- 17 жасынан бастап ақын атанған, яғни 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.

Бірқатар шығармалары алғаш  рет «Әдебиет майданы» журналында (1935, №5) жарияланды .

Қашаған өзінің өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелейді ("Есқали сұпыға айтқаны", "Оразалыға", т.б.), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейді ("Берекет акынға", "Сақыпқа айтқаны", т.б.), елдік пен ерлікті, халық мұратын жырлайды ("Ізім шайырмен айтысы", "Ізбасқа айтқаны"). "Атамекен", "Топан", "Адайтегі", "Әзірет Ғали"сияқты дастандарында халыктың көне шежіресі мен оның тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақын "Қырымның қырық батыры" деп аталатын жырларды ел арасына таратқан. Шығармалары "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (А., 1967), "Ақберген" (А., 1972), "ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы" (А., 1985), "Бес ғасыр жырлайды" (II томдық шығармалар жинағы(  ІІ том . А., 1984,1989 жылдар). Қашаған Күржіманұлының щығармалары ” Топан" (А., 1991), "Ал қаласа әлеумет" (А., 1991), «Жыр-дария» (Ақтау.,1995) атты жинақтарда жарық көрген.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін 1991 жылы арқалы ақынның 150 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Жылма-жыл Қашаған күндері өткізіліп, жыр айтыстары болып тұрады. Қазіргі кезде Қашаған ақынның есімін дүние жүзі біледі. Өйткені ақынның атымен аталатын Қашаған  мұнай  кен орны,мұнай-газ көлемі мен қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың  санатына кірді.

Бүгінде «Қашаған» кен орнын игеріп, ел игілігіне жаратуда НКОК компаниясының орны ерекше.

Қашаған Күржіманұлы-өз кезеңінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# аллажар манас 2016-01-27 10:47
ote kereme! Kuwti magan katti unad!men bulardi Kuwan apaima aitp berem! Xe
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту