Қазтуған жырау

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазтуған жырау - қазақ ақыны. Ол 1420 жылы Астрахан қаласына жақын Қызылжар деген жерде дүниеге келген, қайтыс болған жері мен жылы туралы дерек жоқ.

1480 жылдары Қазақ хандығына қосылған алшын тайпасы руларымен бірге Еділдің бергі бетіне өткен.

Қазтуған жырау шығармаларынан бізге «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сенгір» деп аталатын үш толғауы ғана жеткен.

Жыраудың бұл жырлары ең алғаш Ғ. Мұштақтың «Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген атпен 1912 жылы Орынбор   қаласында  бастырған кітабында жарық көрді.

Қазтуған жырау жырларынан сол дәуірдің өмір көріністерін елестетуге болады. Ол «Бұдырайған екі шекелі » толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз бейнесін өзі жасап, оны ұтымды әрі әсем бейнелеп берген.

Ал, «Алаң да алаң, алаң жұртта» халықтың туған мекені – Еділін тастап басқа жаққа қоныс тебуін меңзейді. Жыраудың бұл толғауы ата мекен, туған жерге деген ыстық сезім, зор махаббатын танытады.

«Белгілі биік көк сеңгір» жырынан жыраудың өмір жайлы таным-түсінігі ерекше аңғарылады. 

 

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту