Шөже Қаржаубайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазақтың атақты ақыны Шөже Көкшетау өңірінде туып өскен. Жастайынан екі көзінен бірден айрылған ол қобыз тартып, өлең айтуға машықтанды, ақындық өнерімен күн көрді. Сондықтан да  бірқатар туындылары жекелеген адамдарды көтере дәріптеп, мадақтауға құрылған. Сөйте тұра, Шөже айтыста  орыс бастықтарға сатылған, халықты қан жылатқан қазақ шенділерінің екіжүзді зұлымдығы мен озбыр парақорлығын да жұрт алдында батыл әшкерелейді .

Шөже - даңқы дүйім жұртқа тараған ақын. «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деуіне қарағанда, ол өз тұсындағы аты мәлім жүйрік ақындардың біразымен айтысқан. Бізге жеткен айтыстарында (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Қалдыбай, Балта, Орынбаймен айтыстары) ақынның қарсыластары оны жүйелі сөзден жеңе алмайтынын біліп, оның басындағы жалғыз мінін алдына кесе көлденең тарта береді, бұған ол: «Соқыр қылды көзімді көрмесін деп, жамандықтың соңына ермесін деп» іспетті уәжді сөзбен орынды тойтарыс берді.

Шөже - ірі эпик ақын. Әйгілі «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен таралды. Оның халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресінің асқан білгірі екенін кезінде Шоқан Уәлиханов та атап көрсеткен.

 

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту