Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

 

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен, "Шоқан" аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.

"Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы ка-дет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин). Ол осында белгілі шығыстанушы ғалым И. Н. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның "Жарлығына" талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.

Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспеди-цияға катысьш, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жонғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, кырғыз елін жете зерттеп, Ыстыккөл аймағының картасын жасасады. "Манас" жырын жазып алып, Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси кұрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы" атты еңбегі дүниеге келеді. Бұл — Шығыс Түркістан халықта-рының тарихына, әлеуметтік кұрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жүмысы еді. Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады.

Шоқаннан қалған мұраның бірі — бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.

Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. "Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім — өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді" деп жазады ол бұл туралы досы Достаевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмай, аға сұлтандыққа өте алмай қалады. Осыдан кейін М. Г. Черняевтің  экспедициясында болып, оның жазықсыз елді қырғынға ұшыратқан қанқұйлы қаталдығын көргендегі жан күйзелісіне қосылып, Шоқанды бәрін тастап, ел арасына кетуге мәжбүр етеді. Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.

Шоқанның мандайына "жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай" қысқа ғана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол сол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж 

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Карлыгаш 2016-01-28 12:31
Raxmet ulken))))))))))))))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# АЙНАГҮЛ 2016-01-28 12:30
МАған өте қатты ұнады?! Сіздерге көп рахмет....!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Акжүн 2016-01-28 12:30
Интернетте Шоканнын бір болсын шыгармасы бар ма???
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# GABIT 2016-01-28 12:29
КОП-КОП РАХМЕТ СIЗДЕРГЕ
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Индира Раушанова 2016-01-28 12:29
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен тәуелсіздік пен білім керек деген идеясы қандай әдебиеттен және қай басылымнан алуға болады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# бакишев рахат 2016-01-28 12:28
мына сайт балаларға пайдалы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Әлжанова Айжан 2016-01-28 12:28
Өте жақсы мәлімет! Бірақ маған оның жеті-атасы керек болған((((
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жеңісбекқызы Батиха 2016-01-28 12:28
рахмет,көп көмектесті!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# дана 2016-01-28 12:27
рахмет маған керегін таптым
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Абилкасимова Айдана 2016-01-28 12:27
өте жақсы мәліметтер.......көп рахмет)))))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Қамзақызы Динара 2016-01-28 12:27
достар маған эпигроф керек тауып бере аласыздарма??? өтинееем))))(
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Karakoz 2016-01-28 12:25
Бул малiметтер ашык сабакка улкен септiгiн тигiздi! Рахмет !
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# арайлым 2016-01-28 12:25
маған да сондай жақсы ұнады. Рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аяжан Сырымова 2016-01-28 12:24
Маған қатты ұнады.Көп-көп рахмет.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# қасиет 2016-01-28 12:24
маған да ұнады толық мәлімет алдым, бірақ маған ол туралы пікірлер керек еді
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Нурсеит Жадиков 2016-01-28 12:24
Оте жаксы жазылган рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Асел 2016-01-28 12:23
жаксы екен
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Рустем Досымкулов 2016-01-28 12:23
Құрметті отандастар!
Ғылымның, мәдениеттің, білімнің және жаңа технологиялардың дамымайынша, ұлттық экономика саласы мен қоғам өмірінің барлық салаларының дамуы мүмкін емес екеніне сөз жоқ.
Білім саласының дамуына, әсіресе, техникалық ғылымдардың, жаңа технологияларды зерттеу саласына баса мән беретін елдің өркендеу мен гүлденуге жететінін алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан біз ғылым мен білімнің, техника мен жаңа технологияны енгізудің отандық салаларын дамытып, жағдай талаптары мен зерттеушілердің жұмысын жақсарту арқылы еліміздің жаңа жас ғалымдарын тәрбиелеп, және де техникалық және технологиялық ойлауды іске асыруымыз қажет.
Мектеп мекемелерінде оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар тарапынан қазіргі технологияларды қолдануды кең түрде жөнге салу керек. Біздің мақсатымыз – еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытып, әлемдік деңгейдегі стандарттарға қол жеткізу және осы негізде мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз ету болып табылады. Біздің азаматтарымыздың терең де нақты және техникалық білімі болса, елдің техникалық және технологиялық әлеуеті одан әрі нығайса, біз осы мақсатымызға жетпекпіз.
Ел үкіметінің мақсаты – елімізде ғылым мен білімнің жоғары құндылықтарға айналуы, ғалымдарымыздың, әсіресе, жас ғалымдарымыздың жаңа өнертабыстар мен ашылулар жасауы. Елдің техникалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ете отырып, отандық ғылыми жетістіктерінің қазақ халқының мүддесіне жұмсалуы үшін іргелі ғылымдарға мықты негіз қалау маңызды.
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абай, Қаныш Сәтпаев, Мұхамеджан Тынышпаев, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхаммед Қонаев, Санжар Асфандияров, Халел Досмұхамедов сынды тағы да басқа қазақ халқының ұлы ғалымдары мен ойшылдары өздерінің шығармашылықтарының мазмұнын ғылым мәнінің ізденісіне арнауға тырысты.
Олар өз кезеңдерінің ғалымдары ретінде түрлі ғылымдарда ұлы ғылыми ашылулар мен жетістіктерге жетті.
Ұлы ойшылдардың шығармашылығында бақыланатын терең талдаулардан олардың ғылым мен білімге деген берілгіштігі, және де ғылымдардың қайта өрлеуіндегі ұлы тәжірибені көруге болады.
Ұлы ойшылдарымыздың еңбектері бүгінгі күні ғылым мен ағартушылық жолында өзін құрбан етудің жарқын үлгісі саналады.
Осыған байланысты, сіздерге, қазақ жастары, ұлы бабаларымызға лайықты болу және өздеріңіздің жаңа ашылулар мен зерттеулеріңіз арқылы отандық ғылымның мәртебесін көтерулеріңіз қажет.
Түсті металлургия, археология, медицина, нақты ғылымдар саласындағы қазіргі ғалымдарымыздың ашылуларын біз мақтан етеміз, себебі, олардың жетістіктері барлық әлемде қолданылады. Жаһандану үрдісінің жаңа процесінде және жаңа ғылыми-техникалық өзгерістерде жаңа ашылуларсыз, жоғары сапалы және кәсіби мамандарсыз қоғамның дамуы мүмкін болмағандықтан ғалымдарымыз ары қарай жемісті еңбек етіп және жаңа ашылулар жасау үшін оларға кең ғылыми мүмкіндіктер қалыптастыру өте маңызды.
Зияткерлік әлует пен ел зиялыларына арқа сүйеу біздің басымдылығымыз болып табылады. Еліміздегі ғылымның дамуы ұлттық бірліктің маңызды факторы болуға тиісті.
Біз барлық жерде ғылыми жетістіктерді қолданып, елдің зияткерлік әлуетіне баса назар аударуға және оны елдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени өміріндегі маңызды сұрақтарында қолдануға тиістіміз. Ғалымдарымыздың ұсыныстарын, ғылыми білімдері мен тәжірибелерін кең түрде қолдануымыз керек. Ұлттық табыс пен гүлденуіміздің кепілі осында жатыр.
ХХІ ғасыр – ғылымның, техника мен жаңа технологияның үдемелі дамуының ғасыры, ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестің жаңа көкжиектерінің ашылулары ғасыры, зерттеу деңгейі мен ғылыми жетістіктердің іске асуы, алдымен, оқыту дәрежесі және сапасына, оқытушылардың тәрбиесі мен тиімді қызметіне, оқушылар мен студенттердің сапалы білім алуына байланысты болмақ.
Қазіргі уақытта ғылым-білімге деген талаптар көбейіп, ғылым бағасыз қайнар көзге, өндірістік әлует пен қоғамның байлығына айналып барады. Өмір мен қазіргі әлем әр қоғам мүшесінен білімге, ағартуға, мамандық пен кәсіпке ие болуын талап етеді.
Қойылған мақсатымыз - елдің модернизациялануы мен өміріміздің ары қарай либеризациялануына сүйеніп, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан лайықты орын алу үшін білім мен тәрбие жұмыстарын жаңа да жоғары деңгейге көтеруімізді уақыттың өзі талап етеді.
Өмірдің қалай өзгеріп отыратыны мен түрлі күштер тарапынан жастар санасын жаулап алу әрекеттерінің күшейіп бара жатқаны барлығымызға жақсы белгілі. Осындай қиын жағдайларда жас ұрпақтың жоғары руханилыққа, мықты ерік пен берік сенімге, Отан тағдырына қатыстылық сезіміне ие болуы үшін, ұлттық ерекшелік пен қандай ұлы бабалардың ұрпағы екенін түсінуі үшін, бізге жат әсерлер мен зиянды ағымдарға қарсы тұруы үшін біз ел жастары арасында тәрбиелік жұмыстарымызды күшейтуге міндеттіміз.
Мектептің ары қарай дамуы жасампаз да шығармашыл ұрпақтың жігері мен талабына, және де жоғары сапалы оқытушылардың жемісті еңбегіне қатысты. Ғылымды игерген, ұлты мен Отанына адал, жоғары білімді ізбасарларымызға деген үлкен жауапкершілікті бүгіннен бастап сезінбесек, біздің ұлттық намысымыз ақырындап формальдылыққа айналып, өзіндік мән-мағынасын жоғалтып алады.
Оқу сапасын жақсарту, оқу бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау мен іске асыру, ғылыми жұмыстарды кафедраларға бағыттауды күшейту, студенттердің ғылыми үйірмелерінің қызметі, дарынды жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқулықтарды мемлекеттік тілде даярлау, жас оқытушыларды көтермелеу білім саласының дамуының маңызды факторлары болып саналады, осы негізде, техникалық ой-өрістің қалыптасу факторы да болып табылады.
Ғылымның өндіріспен байланысы алғашқы баспалдақтан басталатындықтан, алғашқы курстардан бастап студенттердің ақыл-ой жұмыстарына лайықты ден қойып, ғылыми жұмыстар мен зертханалық тәжірибелерге тарту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана еліміздің болашағын қамтамасыз етуге нағыз мамандар даярлай аламыз.
Осы бағыттағы проблемалар мен кемшіліктер: жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби дайындығының деңгейге сай келмеуі, мамандар жетіспеушілігі, кадрлар даярлаудың оқу-әдістемелік негіздерінің жоқтығын жою – ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ең негізгі міндеттері.
Бүгінгі қоғам бізден студенттер мен мамандар даярлауда санына емес сапасына басты назар аударуды талап ететіндіктен, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың сапасына қатты көңіл бөлуіміз керек.
Жоғары білім жүйесіндегі басқа маңызды сұрақ – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту. Бұл болашақ мамандарымызға жақсы кәсіби тәжірибе мен дағдыға ие болуға, өзін өндірістегі тиімді қызметке дайындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні маңызды мәселелердің бірі жоғары оқу орындарындағы ғылыми әлуеттің күшеюі. Ішкі құралдарды тарту арқылы университеттер мен институттар ішінен ғылыми-зерттеу институттарын ашып, қойылған ғылыми зерттеулер жоспарын қатаң түрде жүзеге асыру керек.
Білім Министрлігінің келесі маңызды мәселесі – жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру мен жоғарылату. Ғылым мен білімнің айтқысыз жағдайларында оқыту әдістемелері жедел қарқынмен іске асып жатқаны белгілі. Базалық ЖОО-ның ғылыми және ғылыми-әдістемелік әлуеті мен тәжірибесін пайдалану оқытушылар қызметінің деңгейін көтеру үшін маңызды. Бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жоғарылату Институтын құруды талап етеді. Осыған байланысты, Білім Министрлігі жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жоғарылату Институтын ашуға байланысты сұрақты жан-жақты талдап, осыған қатысты ұсыныстарын маған таныстыруын сұраймын.
Негізі, егемен мемлекетіміздің саясатындағы білім саласы бірінші дәрежелі мәртебеге ие, сондықтан білім саласы мен жаңа мектептер құрылысын қаржыландыруды үлкейтуіміз керек.
Қымбатты достар!
Қымбатты Атамекеніміздің дамуы мен гүлденуі үшін күресулеріңіз керек. Студенттік жылдар өмірдің ең қызықты да ұмытылмас кезеңі, себебі ол тұлғалардың қалыптасатын кезеңі. Студенттер оқу жылдарында қоғам мүдделерін ескере отырып, ғылыми білім мен өзгелердің өмірлік тәжірибелерін зерттеу арқылы өзіндік дүниетанымын кеңейтеді және өздерін дербес өмір сүруге үйретеді. Осыған байланысты, сіздер өмірлеріңіздің қайталанбас шағының әр минутын тиімді пайдалануға тиістісіздер.
Алға қойған мақсатымыз – біздің балаларымыздың физикалық және рухани жағынан сау болып қана қоймай, өздері өмір сүретін және еңбек ететін ХХІ ғасырдағы талаптарға толық сай келетін, ең жаңа зияткерлік білімге ие, жан жақты да үйлесімді дамыған адамдар болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасау.
Ендігі назарларыңызды аударғым келетін мәселе – студенттер арасындағы тәрбиелік жұмыстардың жағдайы. Жақсы ой-өріске, адал ниетке, жоғары патриоттық сезім мен ұлттық танымға ие болмаған студенттер және мамандармен бірге дені сау, өркениетті қоғам құру мүмкін болмайды. Бірақ, өкінішке орай, мектептер мен ЖОО жетекшілері, соңғы уақытта тәрбиелік жұмыстарға лайықты түрде көңіл бөліп жүрген жоқ. Бұдан былай, еліміздің білім беру мекемелеріндегі жетекшілер қызметін қарау кезінде мектеп пен ЖОО-ғы тәрбиелік жұмысқа қосқан үлесін ескеруіміз керек. Тәрбиелік жұмысы қалыптаспаған ЖОО-ның жетекшілерінің бұл мекемені басқаруға моральдық құқықтары жоқ. Қазақ Еліміз болашақта дамыған, жақсы жабдықталған елге айналуын қаласақ – өсіп келе жатқан ұрпақтың, дарынды жастардың, новаторлар мен нағыз туындыгерлердің біз жасаған жағдайларды қолдана отырып ғылыммен, шығармашылықпен және новаторлық жұмыспен тиімді айналысуы үшін, бүгіннен бастап оларды оқыту мен тәрбиелеуге барлық жағдайларды қамтамасыз етуіміз қажет. Осындай маңызды мәселелердің жүзеге асуы оқыту мен тәрбие жүйесінде әлемдік жаңа стандарттарды қамтамасыз етудегі ұлттық мақсаттарымызға жетуге мүмкіндік береді. Бұндай жүйе дамыту мен оқыту сапасының қарқынын үдетеді, қоғамның, елдің әр тұрғынын рухани тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Сіздердің үлкен мүмкіндіктеріңіз бен әлуеттеріңізді қолданып, осы биік те тарихи мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін.
Бұл, қоғамның алда жүретін, үлгілі де белсенді қабаты – зиялылардың сан және сапа жағынан жақсаруына әсер етеді. Олар адамдарды бейбітшілікті, бірлікті, мемлекеттілікті нығайтуға, отандастарының мемлекеттік нышандары – Туына, Елтаңбасына, Әнұранына деген махаббаты мен сенімін қорғауға бағыттаулары тиіс.
Ғылым мен білімге бастайтын шексіз жолда мықты денсаулық, бейбіт өмір, жаңа табыстар тілеймін!
Әрқашан дендеріңіз сау және бақытты болыңыздар!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айдар 2016-01-28 12:21
Емтихандағы сұрағында болған...Көп рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту