Фариза Оңғарсынова

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы.
1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері.
1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
«Жүрек сенсің...» деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.

Бар сияқты менде де сана шыдам,
Жылағанды демеуге тағы асығам,
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
Қорқам ардың айбалта – жазасынан.

Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:

                    Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,
                    Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.
                    Айтар сөзін көмейге көміп қойып,
                    Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.

Ақының творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.
1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Майя Мединаева 2016-01-28 12:01
маған қатты ұнады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Рахым Улжан 2016-01-28 12:00
Мақатаевөа жазған жауапты жазып жиберіңіздерші
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Капиятов Шынгыс 2016-01-28 12:00
Маған да ұнады, деректер өте көп екен.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мереке 2016-01-28 11:59
Фариза Оңғарснованың электронды почтасының мекен-жайын жазсаңыздар екен,мүмкін болса
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# айша калифолданова 2016-01-28 11:59
маган катты катты унады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# алтынай алатау 2016-01-28 11:59
сәлеметсіздер ма? маған сіздердің сайттарыңыз ұнайды маған Фариза Оңғарсынованың ұстаз өлеңін тауып беріңізші
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мадина Кайратовна 2016-01-28 11:58
Мен ушин Фариза Онгарсынова кайталанбас ерекше тулга,шындыкты тайсалмай оз пикирин ашык айтуы коп адам баласына ой салад Фариза апама оте ризамын же бас иемин
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Асем 2016-01-28 11:58
Өте Жақсы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Гулфарида Кадыргалиева 2016-01-28 11:58
Фариз Онгарсыновагв арналган ис- шара керек еди откизетин
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жаркынбек Беибарыс 2016-01-28 11:57
сиздн олендернз оте жаксы менин жасп 11де мен менин озм шгарган 1-2 оленим барменде акн болгмкеледи
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жаркынбек Беибарыс 2016-01-28 11:57
оттттттеееее сапалы жаксы олендернз
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Адильханова Айкоркем 2016-01-28 11:57
23 желтоқсан күнi Қазақ жыр әлемi өзiнің падишасынан, яғни, аяулы да ару Фаризасынан айырылды... Поэзия әлемінің патшайымына айналған Фариза апамыздың мангілік мұра болатын мөлдір жырларын әрқашан жадымызға сақтап, қуат алатын боламыз!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Отарбаев Алдияр 2016-01-28 11:56
Маған бұл сайт ұнады өйткені бір сөздерді іздесен нақты сол шығады осынын деректорлары,немесе жұмыс істейтін адамдары маған Фариза Онғарсынованың рефератың 2 сыныптағы ініме тауып берініздерші
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Дана Мейрамкожа 2016-01-28 11:56
Фариза апамыздын жатқан жері жайлы болып, топырағы торқалы болсын. Иманы саламат болсын! Қарттарымыз қартайып, үлгі болар келешек ұрпаққа саналы ақындарымыз бен, жол көрсетер қарттардан айырылып жатырмыз. Қазақтар, батысқа еліктейміз деп қазақшылығымызды жоғалтып алмайық.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# аинагүл 2016-01-28 11:56
ФАРИЗА АПАМЫЗДЫН ТОПЫРАҒЫ ТОРҚА БОЛЫП ИМАНЫ НӘСІП ЕТСІН ЖӘНӘТТАН ТАПСЫН АПАМЗ.АҚЫН КӨП-ФАРИЗА АПАМЫЗ ЖАЛҒЫЗ.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# дүкенбаева Гүлзат 2016-01-28 11:55
Фариза апамыздай енді ақын туар ма кім білсін? Қыз ғұмырды жырлаған өлеңдерініз мәңгі есте қалады .Қош....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# fariza tuleubek 2016-01-28 11:55
Фариза Оңғарсынова апамыздың жанны жәннатта болып,топырағы торқа болсын. Қазақ әдебиетіндегі зор тұлғаның өмірден озуы қазақ халқы үшін жазылмас жара,ұмытылмас қайғы-қасірет.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ая 2016-01-28 11:53
маған Фариза оңғарсынованың өлеңдері керек едіm
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жарылкасын Нурбек 2016-01-28 11:52
Өте жақсы.Тағы да бар ма
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ZHARYLKASYN NURBEK 2016-01-28 11:51
Фариза Тілеубек дұрыс айтады.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# асилова назиля 2016-01-28 11:51
Фариза апамның озине создерине ғашық болам қазіргі таңда ерлердің өзінде жок намыс пен кайсарлык және шыншылдык Фариза апамның бойында бар тіпті артығымен...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# madian riza 2016-01-28 11:51
Фариза апамыздың әр бір айтқан сөзі мағыналы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Абдирасулова Оразкул 2016-01-28 11:50
Фариза апамыздың жаны жаннатта болсын. Ол кісідей жан енді туарма екен?, Қазағымда қазіргі уақытта жастарға салауатты ақыл берер ақсақалдар мен азиз аналар жоқтың қасы. Фариза апамыздай жанның ақыл кеңесін тыңдап өскен жандар бақытты ғой.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Арафат 2016-01-28 11:50
иә дұрыс айтады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мейіржан Ринатов 2016-01-28 11:49
Фариза апамызды ешқашан да ұмытпаймыз,
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту