Тұманбай Молдағалиев

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.
1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді.
1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959-1970 жылдар аралығында “Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.
1954 жылы Т. Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі “Украина қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Т. Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”, 1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. «Алатау қызы», 1964 ж. ”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ”Жүрегім менің сапарда” және т. б. жинақтары шықты.
1967 жылы жарық көрген “Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. “Ескерткіш” (1969 ж.), “Шақырады жаз мені” (1970 ж.), “Жүрек ояу қашанда” (1972 ж.) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
Оның “Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971 ж.), “Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974 ж.) жарық көрді.
Т. Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын Семиречья” (1962 ж.), “Первая встреча” (1968 ж.), “Новая тетрадь” (1969 ж.) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Т. Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның “Құстар қайтып барады” (музыкасы Н. Тілендиевтікі), “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), “Шақырады көктем” (муз. Ә. Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған.
Ол Байрон, М.Ю. Лермонтов, Т.Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды.
Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі - оның өлеңдері сезімге толы.

moldagaliev-130x93
moldagaliev1_jpg-81x85

Пікірлер  

# Наушаруан Тұмарбекқызы Дөненбек 2016-01-28 11:12
Біздің жастық шағымыз жоғарыда аталған әдемі әндермен тұстас өтті. Жүрекке жылы тиіп, көңілден шығатын сол әуендердің өміршеңдігі Тұманбай ағаның қаламынан туған өлең мәтіндерінің терең сыршылдығында, ақылы мен сезімінің тамаша үндесуінде болса керек. Тұманбай аға - нағыз ақын: ол өлең жолдарын жүрегі мен жанын толқыта отырып, терең сезім мен түйсік түкпірінен тудыратын шынайы лирик-ақын.
Осы қалпыңызда ұзақ жасаңыз! Қазіргі кезде Қазақ Поэзиясының, Парасатының, Сезімінің Сіздей ірі тұлғасы көп емес.Құрметпен - қарындасыңыз Наушаруан.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# sandugash kobenova 2016-01-28 11:11
Сәлеметсіздер ме!
Менің бір сұрағым бар еді.
Тұманбай Молдағаливетің дін жағыанан сауаты қаншалықты жоғары болды?
Ислам ұғымына қатысты, ХХI ғасырда қалыптасқан діни пікірлер жайында қандай көзқараста болған еді?
Алматы қаласы, Сандуғаш
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ШЫҢҒЫСХАН 2016-01-28 11:11
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ
!!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# aydana 2016-01-28 11:10
dostar tumanbay moldagalievtin olenderi kerek tauip berinizderwi
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камбаров Даулет 2016-01-28 11:10
Туманбай Молдагалиев агамыздын олендері халык арасында кен тараган, ен жаксы ойшыл акындардын бири
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Салтанат 2016-01-28 11:09
ОТЕ ТАМАША АКЫН, ЖАЗУШЫ. МЕНИН СУЙКТИ ЖАЗУШЫМ!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# асем 2016-01-28 11:09
ОТЕ ТАМАША рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# cерікбай 2016-01-28 11:08
Тұмаға мен сізді жақсы танимын .
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# өмірдің кеңестері 2016-01-28 11:08
Адамдар Тұманбай Молдағалиев Ұлы ақын Абай атамыздың поэзиазсында қызмет атқарған
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту