Сүйінбай Аронұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Айтыста   алдына жан   салмаған   Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы қазіргі Алматы   облысы, Жамбыл ауданы, Сүйінбай атындағы ауылда дүниеге келген.

Анасынан ерте айырылып, жетімдіктің   азабын   бастан кешкен ақын өлеңдерінің тақырыбы - бұл дүниенің қадірін түсініп өмір сүру, дүние - байлықтың   өткінші екенін, шын қазына - адамдық екендігі. Ақын ел басқару, халық тағдыры мен адам батылдығы, жақсы мен   жаман қасиеттерді саралайды. Өмірдің құндылығымен   өткіншілігі туралы ақыл - өсиет, нақылдар қалдырды. Ақын ер тұлғасы, ел қорғанының бейнесін жырлады.

Ол он төрт – он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы кезде ел аузынан естіген аңыз – ертегілерді, қисса – жырларды жаттап алып, жиын – тойларда   айтып жүрген.  Кейінірек, өзінің   замандас ақындары   ішінен   озық   ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз   елдеріне аты тарап, әйгілі болған.

         Сүйінбай   ең   алдымен айтыстың   асқан   шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін   бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Өтеген, Қарасай, Саурық   батырларды дастанының басты   кейіпкерлері етті. Қатаған   ақынмен, Тезек төремен айтыстары   Сүйінбайдың   тапқырлығын, турашылдығын, азаматтық қайсарлығын айқындай түседі. Сондықтан да, заманымыздың   заңғар   жазушысы Мұхтар Әуезов Сүйінбайға   баға бергенде оны « он   тоғызыншы   ғасырдағы   Жетісу   ақындарының   алтын   діңгегі   деп   атаған. Сүйінбайдың өлеңдері   1935 жылы   Ілияс Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш   жинақ боп басылды. Халқының бостандығы мен азаттығы ақын шығармаларының басты тақырыбына айналған.

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жақсы жігіт   ел – жұртының қаласындай,

Жақсы   әйел әмме жұрттың   анасындай

Жақсыға ешкімнің   де жаттығы жоқ,

Көреді   бәрін де өз баласындай.

... Жақсының   сөзін әркім пайдаланар,

Миуалы   алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі - көр, көзі – соқыр,

Жүрер жолдан тал түсте адасып –ай.

Нышаны   кем болса да адамдықтың,

Жақсымын деп бәрі жүр таласып – ай.

Жамандар - өтірікші, өсегі көп,

Ел – жұрттың іріткі салар арасына – ай.

... Жақсының айтқан сөзі тиянақты,

Түйенің аумайтығын өркешіндей.

Жақсыға үлкен – кіші   бәрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

“ Олақтан   салақ   жаман “ деген   мақал,

Жамандар   түзей алмас тұрмысын – ай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек - аяң айтып жүрер,

Ешкімнің білмесе   де қылмысын - ай.

Жаманның кеудесі үлкен, сөзі – кесек,

Ақылы ауысқан   адамның жындысындай.

Екеуін салыстырып, әдейі айттым,

Қажетін   қолданарсың тұрмысыңа – ай.

Жұмыққа

... Өмірді   келген - кеткен аңдамайсың,

Адамның   болашағын болжамайсың.

Асыл сөздің білмейсің қасиетін,

Жаман ойға келгенде талғамайсың.

Қиял мінез, томырық, мұз секілді,

Қайтейін, осыныңа арланбайсың.

Сүйінбай - Алатаудай, атым дардай,

Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай.

Еңбегімнен екі ауыз сөз қалмастан,

Көктемдегі жер тартты кеткен қардай.

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# айбек 2016-01-28 09:53
шыгармалары бар ма?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аижан Каражанова 2016-01-28 09:53
Бала Жамбылга бата деген озены керек еды ертен ге
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту