Сыпыра жырау ХІҮғ.

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) –әйгілі жыршылардың бірі. Ноғай, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізге өз атымен жетпеген. Оның «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» сияқты аңыз-әңгімелері бар. Сонымен бірге  «Ер Тарғын», «Едіге батыр» сияқты эпикалық жырлары сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғай дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары  мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бір деректерде 120, кейбір деректерде 180 жасаған, яғни көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді.Қазақ халқының ауыз әдебиеті біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңінде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғауын жеткізді. Бұл толғауларда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырады ,кейін Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған тұсын ,тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғай ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасында тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін, яғни «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызында Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мысалы, ол ноғайларда  Сыбыра йырау, башқұрттарда Сыбрй йырысы, татарларда Сафардау, қырымдарда  Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы деп санайды.

 

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту