Саттар Ерубаев

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданында дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.

1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.

1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді.

Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.

С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды..

Жарқ еткен сәуле ғұмыр

        Құйрықты жұлдыздай ғана қысқа ғұмырында соңыны мол мұра қалдырып кеткен каламгер Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданынның «Арыс» совхозының Ұзынқұдық жайлауында туған. 1923 жылы Түркістан жеті жылдық мектебінде оқыды. Осы мектепті үш жыл оқығаннан кейін, комсомол қатарына өттіп, аудандық комсомол біраз қызмет істеді. Зейінді жас екені ескірліп, ол жоғарғы оқу орындарына Алматыдағы дайындық курсаны жіберілді. Курсты озат аяқтағанан кейін 1930 жылы Қазақтың оқу комиссиариатының жолдамасымен Ленинградтың тарих – философия – лингвистика институтына түсті. Институтта оқып жүріп қоғамдық жұмыстырға белсене қатысты, институт газетінің алқа мүшесі болып, бірәз мақалалар жазды.

         Институтта жақсы оқығандығы үшін жыл сайын сыйлық алып отырды. 1933  жылы институтты бітірерде Саттар Ерубаев «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлтышлдық әдебиеті» деген диплом жұмысын профессор Медведевтің басқаруымен өте жақсы қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ өлкелік комсомол комитетінің талабымен Қазақстанға оралып, әуелі «Ленинская смена», соңынан «Лениншіл жас» газеттерінде әдебиет бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.

        Мұнымен қатар 1934-1935 оқу жылында Алматыдағы жоғары ауылшаруашылық мектебінің философия кафедрасында ассистент болды, лекция оқып, семинар жұмысына басшылық етті. «Лениншіл жас» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып жүргенде ашылайын деп жатқан (Қазіргі опера және балет) театрдың директоры болып істеді. Ал 1934 жылы Өлкелік партия комитеті «Қарағанды пролетариаты» газетінің редакторы етіп тағайындады.

       Саттар Ерубаев Қарағандыда істеген жылдары атақты «Менің құрдастарым» романы жазады. Ол қазақ жазушыларының тұнғыш съезіне делегат болып қатысып. Одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандарың бірі еді. 1935 Ленинград университетінің аспирантурасына түсті, бірақ мендеп кеткен ауруы бірақ жыл оқуына мүмкіндік береді. Содан Алматыға оралып КазПи-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болып орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан лекция оқыды. Ол ауырып жүргеніне қарамастан жазуын тоқтатпады, ол да С. Сейфуллин, Б. Майлин т.б. жазушылар сияқты советтік құрылысты насихаттады. Оның өмір жолы, шығармалары – Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің бір ұшқыны, бір ғана бөлшегі еді. Саттар Ерубаев «Тракторшы комсомолдың жыры», «Колхоз базарында», «Ақын жыры», «Үш шахтер туралы», «Меруерт алқа» т.б. балладарын «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новелларын , бірнеше сатиралық әңгімелер жазды. К. Чуковский, А. Сурков, Ю. Березин, И. Эренбург сынды жазушылардың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның үстіне қаншалықты қоғамдық қызмет атқарды десеңші. С. Ерубаев «Өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай» өткен талант. Мейрімсіз ажал оны 23 жасында, 1937 жылы жас өмірін үзіп кетті. Бірақ Саттар Ерубаев сұм өлімді «Мәңгілік өмірмен» - шығармашылық еңбегімен женді.

Құйрықты жұлдыздай ағып өткен

Саттар Асқарұлы Ерубаев Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.

1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.

Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады. Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары “Ленинская смена” газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, “Лениншіл жас” газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің “Қарағанды полетариаты” газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.

1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.

Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.

С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді.

С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: “Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!” депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім “Менің құрдастарым” ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.

Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан “Бақыт”, “Мәңгілік өмір”, “Өмір көркемдігі”, “Келесі соғыс туралы” новеллалары, “Өмір туралы рапорт”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа” тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.

Аяқталмаған “Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.

Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.

Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.

С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді

 

Content 2
3-194x259
4-194x259

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту