Олжас Омарұлы Сүлейменов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы,саясаткер, ядролық қару – жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы,Төтенше және Өкілетті Елші.

1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірді.

1962—1971 жж. “Казахстанская Правда” ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясының сценарлық-редакциялық алқасының бас редакторы, “Простор” журналының бөлім меңгерушісі болды.

1971—1981 жж. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 жылы Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды.

1981—1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы.

1983—1991 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.

1989 жылдың ақпанында халықаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.

1991 ж. Қазақстан Халық конгресі партиясының құрметті төрағасы болды.

1994 ж. сәуірінде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.

1994—1995 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.

1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен бастап Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.

Ақын мен өлең

Олжас Сүлейменов — табиғатынан рухани бұғауланбаған адам. Еркіндік — үнемі оның шығармашылық және қоғамдық қызметіндегі негізгі ұстаным болып табылады. "Еркіндік" сөзінің мағынасы сан қырлы. Ақынның өзі де дәл осы ұғымға бірнеше түсініктемелер үсынған. Заңғар биіктікте самғап ұшу үшін де, ауа ол жақсы екендігін түсінді.

Сол себепті:

Суретшінің шаруасы не далада.

Дімкәс талант — далада емес —

Молада.

Еркіндіктің екінші аты — сол дала,

Сол даланы жүр өлеңге бала да, —

деп жырлайды. Өзіме рухани қырынан соншалықты жақын ақынды кайта-кайта оқи отырып, мен тағы бір керемет ақын әрі ойшыл Джебран Халилдің мына бір сөздерін еріксіз еске аламын. Ол былай деген еді: поэзия — күлімсіреудің нақты қасиетті көрінісі, ол — көз жасты құрғатушы белгі, адам болмысында тіршілік ететін рух, қуысы — жүрек, шарабы — махаббат. Дәл осы пікірді Олжас туралы да айтуға болады. Оның поэзиясы — өткір, жарқын және кіршіксіз таза. Оның мына бір қарапайым әрі балалық нанғыштықпен айтқан сөздеріне мен сенемін:

Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық

Қасіретке батар болса қайғы алып.

Айналайын, О, Қара Жер, айналшы,

Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.

Оның поэтикалық шығармашылығының ерекше белгісі — көркем образдардың айқын көрінісі болып табылады. Дала Олжас шығармашылығында "қыпшақтар" этнонимінің жиынтық атауы, ал Қула дүз көшпелі тайпалардың мекені деген ұғымды береді. Дала образы Олжас түсінігінде еркін әрі ерікті адам образымен тығыз байланысты.

Уа,әруақ!

Бейбіт күннен өлмейді ер,

Жебедің бе,

Қан майданда жебей гөр!

Мейлі маған жасын лақтыр,

Жай таста!

Бас сауғалап көрген емес айқаста.

Бірінші боп жығылмаспын,

Жығылсам

Жығылармын ең ақырғы шайқаста.

Ағып түскен жүлдызды мен

Аруларды сүйіп түрып,

Серт берем.

Балатонга барар жолды сілтесең,

Уа, әруақ, Айғырымды ерттер ем,

Аялаған,

Әлдилеген жан құрсын!

Ағып өтем,

Әнімнен түз жаңғырсын.

Менен калған тостақ ізге қақ түрып.

Ата жауым Содан шөлін қандырсын!

Соқпақ-жолсыз сәті болмас сапардың,

Атпен бірге жығылармын,

Жатармын.

Тасбақаша тарғыл құмды жамылып,

Қатты ұйқыға,

Тәтті ұйқыға батармын.

Ақынның сөздерді аса шеберлікпен қолданатыны соншалықты дыбыстың алғашқы құбылуының таңғаларлық ойынына таңданбасқа шараң жоқ. Дегенмен өздеріңіз зейін қойып тыңдаңыздаршы:

Балық-суын

Қыран — оқтай қарқынын,

Жаңбырлы Бұлт

найзағайдың жарқылын.

Қалай сүйсе,

Сүйсе әлсіздер даңқты,

Мен де сені солай сүйем,

Жарқыным!

Сонымен қатар, автор тек суреттеп қана қоймайды, құпия сезімдер тобын қозғалысқа түсіріп, көрген және естіген жайттардың өте айқын бейнеленген шынайы көрінісін береді. Сол себепті оқырман өзі де күтпеген жерден өлең жолдарының арасына жасырылған, әрең ұстап қалуға болатын интонация көмегімен суреткердің құпия ойларының үстінен шығады. Шынымен де бұл өлең жолдары алаңсыз, таза әрі мөлдір емес пе?! Ақынның адам жанының ең асыл шектерін қозғайтын қайғы-қасіретті дәл суреттеуі соншалық, дәл сол кезде түйсінген сезімдер қазір де сол қалпында жүректі баурап алатын ерекше қабілетті, тебіреністі де таза өлең жолдарының шынайы құпиясының неде екенін мен біле алмадым. Мәңгілік тақырып — Суреткер мен Уақыт — еш уақытта ақынның назарынан тыс қалмаған және оның бар шығармашылығының қақ ортасын қызыл жолақ болып қиып жатқан өзекті тақырып. Мысалы "Кактус" және "Құмырсқа" поэмаларында, әсіресе "Саз балшықты кітапта мынадай өлең жолдары кездеседі :

— Әр адамның өз жұлдызы түр пісіп,

Сол үзілмек,

Солай тағдыр құрылысы.

Қалғиды әлем,

Қорылдаған тобырдан

Ғасыр сайын

Бас көтерер бір кісі.

Міне, шынайы көрініс: ұйқыдағы әлем және сергек суреткер. Олжас Сүлейменов поэзиясының екінші қыры — ой ауқымдылығы. Оның поэтикалық көзқарастары өткен ғасырлар қойнауынан және қазіргі заманның өткір көріністерінен алынған ерте замандағы қазақ халқының тарихи тағдырын бейнелейтін көріністерді де қамтиды. Ақын әрі көтерілісші Махамбет ол үшін тек халық наразылығының белгісі ғана емес, сонымен қатар өз елі үшін өмірінің соңына дейін батыл шешім жасай білген күрескер!

"Кешіре біл ағайынды суысқан,

Ел бақытты, — сен жымисаң,

Туысқан!"

Дегенде ғой,

Тура тұрған болар ем

Тізгінімді шығармай-ақ уыстан.

"Жайық барда ортаймайды,

Көлге сен,

Ақын барда қартаймайды,

Елге сен.

Сен тіріде — біз де тірі" дегенді

Айтпады олар,

Айтқанда олар,

Өлмес ем!

Ақын Махамбет бейнесінен әділдік үшін әрекет еткен нағыз күрескер ер сипатын көреді.

Олжастың Махамбеті — толыққанды және құдіретті фигура:

Дұшпаныңнан қайтты кегің,

Қайтты есең.

Айтып сапсың ақиқатты,

Айт десе.

Қандай бакыт акын болып туғаным,

Сені ақын деп білер ме едім, әйтпесе!

Мен таңсықпын тұяғы мен тұлпардың.

Топшысына қыран бүркіт, Сұңқардың.

Құмыраның қыл мойны мен қылышы

Қашап жазған қайсар жырга іңкәрмін.

Бақи уақыт,

Бақи тірлік, бақи құм

Құпиясын тосып маған не қилы,

Толық Айды түніменен сөндірмей,

Құс жолынан аспан жырын оқимын.

Ақын сөздің әлемді түсіну мен қайта құруға арналған құрал екендігін жақсы түйсінеді. Менің жоспарымда Ұстаз- Олжастың шығармашылығына жан-жақты әдеби талдау жасау мақсаты болған жоқ. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мен тек ақынның шығармалар жинағын құрастырып және қайта-қайта оқи отырып, осы ұлы адаммен қарым-қатынасымдағы қуаныштарымды бөліскім келді. Алыс және жақын оқырмандар, Сіздер ақынның "ізгі сөз, ізгі ой, ізгі әрекеттеріне" менімен бірге қуансын дедім. Бұл жайлы Олжастың өз айтқаны:

— Әр адамның өз жұлдызы

тұр пісіп,

Сол үзілмек,

Солай тағдыр құрылысы.

Қалғиды әлем,

Қорылдаған тобырдан

Ғасыр сайын

Бас көтерер бір кісі.

Қарып түскен қызыл

Күйінде ол

Айқай салып сасқаннан

Оянады

Қарғып тұрған кісідей

Жұлдызы ағып түскен күні аспаннан.

Жеті том және сегіз кітаптан тұратын аталған еңбекке енген шығармалар тек олардың жарыққа келу тәртібін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар автордың шығармашылық жолының көп қырлы мәдени-тарихи және ғылыми- көркем шындығын көрсететін рухани ізденістерін танытады. Аталған шығармалар жинағы ақынның барлық туындыларын қамтиды деп айта алмаймыз. Бұл тек белгілі бір деңгейде ғана суреткер шығармашылығының елеулі кезеңін қамтиды.

Зерттеулері

Олжас тілтанушы ретінде көбінесе көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері Батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.

Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапты айтуға болады:

1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, әдет- ғұрпы сөз болған бұл кітап кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқитын ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тылсым қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы, яғни 1001 сөзі атты шығармасы этимологиялық сөздікке ұласып, бұрынғыдан да кемелдене түсті.

«1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.

1998 жылы жарық көрген «Жазу тілі» кітабы тарихқа дейінгі мәдениетке көзқарас, мұнда автор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.

«Тaрихқа дейінгі түркілер» кітабында славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ және көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.

Ақындығы

«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабының шыққанынан бері ол жиырма шақты жыр жинағына автор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин. Оқып отырсаңыз, Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес, бір ұлттың сан ғасырлық салиқалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында да өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту