Мәшһүр Жүсіп Көпеев

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Мәшһүр Жүсіп  Көпеев – қазақ   ақыны, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ол 1858 жылы   Павлодар облысының, Баянауыл ауданының   өңірінде туып   өскен. Жасында   ауыл   молдасынан   сабақ   алды. 1870 жылдары   Хамеретдин   хазіреттің медресесінде, одан кейін   Бұхара діни   жоғары   оқу орнында   оқыды. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен   ерте танысып, халықтық жыр - дастандарды жаттап өскен. 1875 жылдан   бастап   біраз уақыт   оқытушы болды.

           « Дала   уалаяты “ газетінде хат – хабар , мақала   жіберіп, тілші болып «Мәшһур “ атанды. 1887 – 90 жылдары Орта Азияны   аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұхара   т.б. қалаларда болды. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың   классикалық   әдебиетімен   жете танысқан. Ол осы жылдары түрколог – академик   В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап   бастыру ісімен айналысты. Мәшһүр Жүсіп   Көпеевтің әлеуметтік көзқарасына   1905 жылғы бірінші орыс революциясы   тұсындағы оқиғалар үлкен әсер етті. 1917 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында « Хал - ахуал “ , “ Сарыарқа   кімдікі» , « Тірлікте көп жасағандықтан   көрген бір тамашамыз'' атты кітаптарын бастырып шығарды. Мәшһүр Жүсіп Көпеев бұл   шығармаларында қазақ   халқына   бостандық беру, елде мектеп - медреселер ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы т.б. өзекті мәселелерді көтерді.

           Мәшһүр Жүсіп Көпеев   халық   ауыз әдебиетінің   көптеген үлгілерін – дастандар   мен хикаяларды, шежірелер   мен   айтыстарды, тарихи   жырларды ( «Көрұғлы “ , « Ер   Көкше “, “ Сайын   батыр” т.б.) жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже т.б. ақын - жыраулардың әдеби   мұрасын   хатқа түсіріп   қалдырды. Қазақ ауыз әдебиеті мен   Шығыс дастандарының үлгісінде « Гүлшат   Шеризат “ , «Ғибратнама “ , “ Шайтанның саудасы» , “ Баяннама” т.б. қисса – дастандар жазды.

Баласы дін мұсылман  ояныңдар!

Жатқандай   тәтті ұйқыда қазақ халқы,

Айырылмай жақсы менен жаман парқы.

Баласы дін мұсылман ояныңдар,

Көрінер өз пайдасы жұрттың   нарқы.

... Өнерге ғылым - білім болсаң жерік,

Берілер   ақыр бір күн басыңа ерік.

Көп жұртты көз жасыңа   қылсаң куә,

Табылар   мұңлы - зарлы саған серік ...

Қазақтың қылып   жүрген жұмысы

Қорқатын адам қайда құдайынан,

Бұзық іс ойлағаны ұдайынан.

Тартылды биылғы жыл көк рахыметі,

Пенденің пейілі азған ыңғайынан.

Қуаттап алып жүрсе әркім дінін,

Өткізсе ғаділдік пен ай мен күнін.

Бұл заман айтушы бар, тыңдаушы жоқ,

Сөйлеген хат сызғандар сөздің шынын.

 

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Ардақ 2016-01-27 15:16
1946 жылы Мәшһүр Жүсіптің қабіріне түскен қазақтың академик жазушы кім?
Және М.Жүсіптің жақын араласып,таныс болған түркітанушы ғалым, академик кім?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Дәулет 2016-01-27 15:15
Мәшһүр Жүсіптің “Баласы дін мұсылман ояныңдар” өленің толық нұсқасы керек еді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мәшһүр Жүсіп Көпеев 2016-01-27 15:15
Мәшһүр Жүсіп Көпеев қалай “МӘШҺҮР” болды???
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айгерим 2016-01-27 15:14
Баянауылда Шорманның Мұсасы салдырған медреседе білім алады. Мұса өзі салдырған медресеге келіп, шәкірттердің оқуын қадағалайды. Мұса көп шәкірттің ішінен құранды ерекше зеректікпен оқитын кішкене Жүсіпке назар аударады. Жүсіп хазірет Халимолданың рұқсатымен басқа да көптеген өлеңдерді жатқа айтып береді. Сонда таңдана отырып, Мұса: “Сен өзі мәшһүр болайын деп тұрған бала екенсің. Жүсіп атына Мәшһүр есімін қосып айтатын бол”, - деп ризалық білдірген екен.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Әсел 2016-01-27 15:14
Дайын болсаң алып көр,бір адам бар өрік мейіз ағашы, сықылды жемісінен дүние жүзі бахра алады.
Отқа отын болғаннан басқағажарамайды, деген үзінді кай өлеңнен алынған
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# айдын бакытжан 2016-01-27 15:13
“Гүлшат-Шеризат” дастанының толық нұсқасы болса?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Фариза 2016-01-27 15:13
Машhyр атамымызга арналган шыгарма болса жаксы болар едi
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ерсултан 2016-01-27 15:12
Машхур Жусип атамыз жайында жана,тын малиметтер бар ма?бар болса жазыныздарш отиниш
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айгерим 2016-01-27 15:10
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы туралы қандай мәліметтер бар?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айко 2016-01-27 15:10
казак адебиетiне коскан улесi кандай???
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту