Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылдың 2 ақпанында бұрынғы Семей облысының, Шұбартау ауданында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген.

1957 жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін бітіріп, бұрынғы С.М. Киров (қазіргі Әл – Фараби) атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетіне оқуға түседі.

Университеттің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 жылы бітірген.

М.Мағауиннің еңбек жолы 1965 жылдан басталады. Әуелде "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары болып істеген.

Бұдан соң Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында доцент және аға ғылыми қызметкер болып істеді, сонымен қатар Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы (дәрістік) лекциялық курстар жүргізді.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте болды.

1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының Бас редакторы болды.

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 1960 жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды ("Қобыз сарыны" монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанрда жазылды. Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, "Тазының өлімі" (1969), "Бір атаның балалары" (1973), "Көкбалақ" (1978), "Жүйріктің тағдыры" (1979), "Шақан-Шері" (1984) т.б повестерінің, "Көк мұнар" романы (1971) мен "Аласапыран" роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған. Шығармалары   шет ел тілдерінде басылған.

1984 жылы М.Мағауинге "Аласапыран" тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері болды.

М. Мағауин филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, Жазушылар одағы прозасы кеңесінің төрайымы.

В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне орай "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған. Иә, Мұхтар Мағауин тек айтулы ғалым ғана емес, сонымен бірге аса талантты жазушы, яғни бір туар тұлға.

Жазушы өзінің шығармаларында адам өмірін, олардың салт-дәстүрлері мен арман-тілектерінің қайталанбас тарихи көрінісін береді. 1997 жылы ол түркі елінің ең таңдаулы жазушылар қатарынан танылып, Түркия жазушылар мен өнер қайраткерлері Қорының «Түркі әлеміндегі еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының иегері атанды.

21 ақпан 2010 жылы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада М.Мағауиннің 70 жылдығына арналған «Бір атаның балалары» атты әдеби кеш өтті.

Халықтар Достығының маңыздылығы шағын болса да, терең ойлы «Бір атаның балалары» повесінде тағы да дәлелін тапты. Осы повесть қаһарлы әскери балалық шақ жайында сөз қозғауға арқау болды. Әсіресе, депортацияның барлық ауыртпалығын бастан өткерген, «әскери балалықтың» куәгерлері - Н. И. Мельникова мен А.Г. Штихлингтің әңгімелері тыңдармандарды немқұрайды қалдырмады. Кеш барысында «Сұхбат» клубы мүшелерінің қатысуымен повестен үзінділер келтірілді.

Біздің дарынды жерлесіміз өзінің шығармашылығы арқылы «барлық сұрақтарға жауап беретін тарихқа көңіл бөлуге» үндейді. Біз де жазушыны қолдап, өз ойымызды былай түйіндедік: «Қазір біз барлығыз – бір өзеннің арнасы, бір атаның балаларымыз. Тіпті, бір жанұяның мүшелеріміз, бір ұлыстың ұлдарымыз...» оның аты – Қазақстан.

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту