Махамбет Өтемісұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Махамбет   Өтемісұлы   1804 жылы қазіргі Орал облысының , Жәнібек   ауданында дүниеге келген. Ол - қазақтың   көрнекті   ақыны, Исатай   Тайманов бастаған шаруалар   көтерілісін ( 1836 - 37) ұйымдастырушының   бірі, әрі көтерілістің   жалынды жаршысы. Бала кезінде оқып, сауатын ашқан. Халық алдында беделді , дарынды ақынды Жәңгір хан « сарай   ақыны “ етпек болған. Махамбеттің қасына баласын қосып, Орынборға оқуға жібереді. Ол   онда 1824 жылдан 1829 жылға дейін тұрды : “Сарай   ақыны» болғысы   келмегені   үшін   әрі   үстем   тап   өкілдеріне   қарсы   кекті  өлең - жыры үшін   Жәңгір хан   оны   қуғындай бастайды. Екі жыл түрмеде отырып, 1831 жылы   қашып   шыққан   Махамбет хан - сұлтандарға   қарсы   шаруалар қозғалысын   ұйымдастыру   мақсатымен   Исатай   батырмен   тізе   қосады. Бұлар басқарған   көтерілісшілер күші   басым қарсыластарынан   жеңіліс   табады. Бір шайқаста   Исатай   қаһармандықпен   қаза тауып ( 1838), Махамбет азғана   серіктерімен   қашып   құтылады. Ол   Хиуа   хандығына   барып, тағы да жасақ жинауға күш салады. Бұл ниетінен   нәтиже шықпағаннан   кейін   Бөкей ордасына   жасырын өтіп, ел ішін паналайды. Мұны естіген   Жәңгір хан   Махамбетті ұстап   әкелуге 40 кісіден құралған   отряд   жібереді. Тілекеев деген   қазақтың үйінде жайбарақат отырған Махамбетті   олар қолға   түсіреді. Қазіргі   Тайпақ   ауданында екі апта   түрмеде ұстап, Орынборға айдатады. Орынбордың   генерал - губернаторы   Махамбеттің   ісін әскери соттың қарауына   тапсырған. Сот   бұдан   былай “ бүліншілік “ іске   араласатын   болса, қатаң   жазалансын   деп   үкім   шығарады. Махамбет тұтқыннан   босағаннан   кейінгі   өмірін   Жайықтың   бергі бетінде   өткізеді. Жәңгір хан өлгеннен   соң елге аға сұлтан болған   Баймағамбет   Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймайды. Ол   Махамбеттің   басына 1000 сом тігіп, қара   ниетті адамдардан   шағын   отряд   құрып, Махамбеттің   үйіне жібереді. Олардың ішінде   жағымпаздық істері хан - сұлтандарға ұнап, хорунжий   атағын   алған   Ықылас   Төлеев те болды. Махамбет соның   қолынан қаза   тапты.

             Махамбет - бұқара   халықты   патша   өкіметіне, оның   жергілікті   өкілдері - хан – сұлтандарға   қарсы ұйымдасқан   түрде   қарулы   көтеріліске шақырған   алғашқы   қазақ ақыны. Ол « Жәңгірге» , “ Баймағамбет  сұлтанға “ деген   өлеңдерінде   үстем   тап   өкілдерін   аяусыз   шенеп , бет – пердесін  жыртса , « Мұнар   күн “ жырында   ел   басына   орнаған   ауыртпалықты   ашына   айтты. Махамбет   шығармалары - өз дәуіріндегі   еңбекші   бұқара   өмірінің рухани - поэтикалық   шежіресі, шаруалар   қозғалысының   шындық бейнесі. “ Ереуіл атқа ер салмай» , « Ұлы   арман “ т.б. жырларында   алдағы   күнге   зор сеніммен   қарайды , жақсылылыққа   иек артады , «Халық   қозғалса   хан тұрмайды   тағында '' - дейді.

Махамбет   өлеңдерінде   халықтың басшысы   ретінде   Исатайдың   бейнесі   және   көтерілістің   ұраншысы   ретінде   ақынның   өз бейнесі де бар. Исатай - ақынның көп өлеңдерінің   басты   қаһарманы. « Тайманның     ұлы   Исатай “ , “ Исатай   сөзі “, “Қызғыш   құс “ , “ Тарланым “ т.б. өлеңдерінде Исатайдың   адамгершілігі , азаматтығы, тапқырлығы , қайсарлығы сипатталады. Махамбет бейнелеуінде Исатай - үстем тап өкілдеріне   жаны   қас , ел үшін күрескен ер, халыққа   қамқоршы патриот.

Ереуіл   атқа ер салмай

Ереуіл   атқа ер салмай,

Егеулі найза, қолға алмай,

Еңку – еңку жер шалмай ,

Қоңыр салқын төске   алмай ,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей ,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен   туған жас балааа

Сақалы шығып жат болмай ,

Ат үстінде   күн көрмей ,

Ашаршылық   шөл көрмей ,

Арып – ашып   жол көрмей ,

Өзегі   талып ет жемей ,

Ер төсектен безінбей ,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып   жүріп , түс қашпай ,

Тебінгі теріс   тағынбай ,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай ,

Ерлердің ісі бітер ме ?!

Тарланым

Таудан мұнартып ұшқан,тарланым,

Саған ұсынсам қолым жете ме?

Арызым айтсам өтер ме?

Арыстаным, көп болды –ау,

Саған да менің арманым!

Кермиығым, кербезім!

Керіскедей шандозым

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!

Теңіздей терең  ақылдым!

Тебіренбес ауыр мінездім!

Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған.

Тереңнен көзін ойдырған

Сұр жебелі оғына

Тауықтың жүнін қойдырған.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан,

Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.

Айғайласа белдік байланған,

Астана жұртын айналған,

Атына тұрман   болсам деп,

Жұртына құрбан болсам деп,

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен.

Атқан оғы Еділ – Жайық   тең өткен.

Атқанын қардай боратқан,

Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,

Арыстан еді – ау Исатай!

Бұл   фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен ?!

 

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту