Майлықожа Сұлтанқожаұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Майлықожа Сұлтанқожаұлы  - қазақтың суырып салма ақыны. Ол қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысының, Отырар ауданының, Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

 Ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрды. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi,яғни апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.

 Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі, оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

 Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерінің көбін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке»,т.б.), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

 Ол 20 жасынан  бастап өлең өнеріне бет бұрды.Ел ақындарымен кездесіп,кейін өзінің сауатын кеңейтіп,шығыс әдебиетін оқуға,оның кейбір үлгілерін жаттап айтып,таратуға қол жеткізді. Майлықожа 1860 жылы Сыр өңірінен қазіргі Таразға келіп,Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп,онымен сөз қағыстырған.Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген.Олар-«Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт». Майлықожаның нақыл өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор.

 Шығармаларының тақырыптық аясы кең. Қоғамдық құбылыстарды терең ашып көрсетіп, күрделі дүниетанымдық көзқарастар иірімдерін танытатын туындылар берген. Өсиеттік, ақылнамалық жырлары мол.

 

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# малика 2016-01-27 15:19
ешқайдан тапқан жоқпын бырақ енді таптым
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту