Зейін Шашкин

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Зейін Шашкин 1912 жылы 31 желтоқсанда Павлодар облысының, Баянауыл ауданында Бозшакөл дейтін жерде кедей шаруаның отбасында туған. Руы қозған. Ата-анасы, туған-туысқандары 1913 жылы Бозшакөлден Жаймаға қазіргі 3. Шашкин атындағы шаруашылық орналасқан ауылға көшіп барып қоныстанып қалған. Оның бүкіл балалық шағы осы Қызылтау-Жайма өңірінде өтті. Әкесі Жүнісбек жергілікті байларға қарсы бас көтергені үшін Сібірге айдалды. Айдаудан келгеннен кейін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске атсалысты. 1920-1930 жылдар аралығында Зейін Павлодар қаласындағы орта мектеп кабырғасында тәрбиеленді. 1930 жылдан бастап ол Мәскеудің тарих, философия және әдебиет институтында оқыды. Сол кезден бастап әдебиетпен әуестене бастады. Алғашқы шығармалары 30 жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Әдебиет майданы» журналында жарияланды. Өлеңдері, сын, зерттеу мақалалары, бірлі-жарым әңгімелері жарық көрді. Газет, баспасөз орындарында қызмет істеді, институтта сабақ берді. Әдебиет теориясы оқулығын даярлауға атсалысты. Бұл кезеңдегі әдеби еңбектердің ішінде Абай поэзиясының тілі, Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы жайлы зерттеу мақалалары назар аударарлық. 1934 жылы Абайдың ақындық шеберлігі жөнінде жазған еңбегі жарық көрді. Ғалым Е. Ысмайыловпен бірлесіп жазған жоғарғы оқу орындарына арналған әдебиет теориясы туралы оқулық жазды.

Бірақ ,1938 жылы «халық жауы» деген атпен 10 жылға сотталуына байланысты Зейін Шашкин біраз жылдар бойы әдебиеттен қол үзуге мәжбүр болды. Дәрігерлік кәсіппен шұғылданып, медициналық қызметте тәжірибе алды, 1945 жылы Иркутск медицина институтын бітірді. Кейіннен, 50 жылдардың орта шеніне дейін Бурабай қаласындағы Бармашы санаторийінде бірнеше жыл бойы дәрігер болды. «Наступило утро», «Таң атты» дейтін атпен 1955 жылы орыс тілінде жарық көрген тұңғыш повесін осында, дәрігерлік қызметпен ұшырастыра жүріп жазған. Осыдан кейін Зейін Шашкин Алматыға ауысып, жазушылық қызметпен біржола айналысты. Алғашқы повесін өңдеп, «Ұядан ұшқанда» деп ат қойып, 1957 жылы қазақ тілінде бастырып шығарған. Қазанның 40 жылдыға қарсаңында М.Гольдблатпен бірлесіп «Заман осылай басталады» атты пьеса жазды. Бұдан кейін қалың жұртшылыққа арнап әйгілі «Тоқаш Бокин», «Теміртау», «Доктор Дарханов», «Сенім» романдарын, «Темірқазық» атты повесі мен әңгімелерін, пьесалар мен сценарийлер, очерктер мен мақалалар жазды.

Зейін Шашкин өз шығармаларында дәрігерлер өмірін жан-жақты тереңдеп, зор білгірлікпен, шеберлікпен сипаттады. «Доктор Дарханов» романында ғана емес, басқа да үлкенді-кішілі шығармаларында, повестері мен әңгімелерінде, пьесаларында, мақалаларында дәрігерлік өміріне жиі тоқталады.Бұлай етуі заңды да. Зейін Шашкин өмірінің едәуір мерзімін медициналық практикаға жұмсаған. 1946-1951 жылдары Бурабай қаласындағы Бармашы санаториясында дәрігер-отоларинголог болып қызмет атқарған. Қатардағы көп дәрігер ғана емес, өз мамандығын жетік білетін, көп ізденгіш, көпке сүйкімді, шипалы дәрігер болған.

Қазіргі заман тақырыбына, металлугтер өміріне роман жазуға бел байлаған да жазушы. «Теміртау» романын жазуға кірісер алдында, қатарынан екі жыл бойы ұдайымен даңқты өнеркәсіп ошағы Теміртау қаласына әлденеше рет барып айлап жатып, металлург жұмысшыларымен, инженер-техник мамандармен сан қабат кездескен. Заводтың өндірістік мәжілістеріне, жиналыстарына әлденеше рет қатынасып, цехтарды аралап, алуан-алуан еңбек процестерін көзімен көріп, болашақ қаһармандарымен дидарласқан.

Зейін Шашкин шығармашылық кемеліне келген шағында, 1966 жылы 29 наурызда 54 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Ол қазақ әдебиетін дамытудағы жемісті еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президиумының грамоталарымен марапатталған.

Зейін Шашкиннің шығармашылығы - мазмұн жағынан болсын, көркемдік сипаттары жағынан болсын, жан-жақты, қызықты мұра, құнарлы мұра.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Нурходжаева Майра Утеубаевна 2016-01-27 10:02
Маған көмек бердіңіздер,өйткені З.Шашкин 11-сынып бағдарламасына енгенімен қазақ әдебиеті оқулығында жоқ еді. Үлкен рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Каракат Такенова 2016-01-27 10:02
маган оте-оте коп комектестиниздер рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Nurmanova N.N. 2016-01-27 10:01
үлкен рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Guldana Ashimbaeva 2016-01-27 10:01
Rahmet magan kop komek berdinizder 11klass okylugunda jok edy
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айбек Амангосов 2016-01-27 10:01
теміртау романы барма???
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Шайман Сапар 2016-01-27 10:00
Сиздерге коп рахмет окулыкта жок еди.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту