Жиренше шешен

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жиренше – Қазақ хандығы құрылған тұста (ХV–XVI ғасырлар) өмiр сүрген атақты шешен.

Жиренше шешен есімі ақыл, парасаттың үлгici ретiнде қазақ ауыз әдебиетiнен берiк орын алған. Халық аныздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын кұруда Жәнібек ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, бұқара халықтың атынан сөйлеген.

Жиренше шешен айтыпты деген, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендiк сөздер көп. Олардың көпшiлiгi XV-XVI ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен.

Жиренше шешен туралы аңыздарда оңың әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен жайында ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта (Жиренше) шешен, қырғыздарда (Жээренче чэчэн), түрікменде ақылды да тапқыр, әділ (Ийкренче) туралы аныздар бар. Жиренше шешенге қатысты әңгімелерді негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттеледі, үшіншісінде оның әйелі Қарашашпен, басқа қарапайым халық өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетіледі.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Ернат Жумагали 2016-01-27 09:33
Оте жаксы сайт издегенимди таптым
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сакенулы Бекнар 2016-01-27 09:32
Керек нарсемды таптым сыздерге коптен коп рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Али 2016-01-27 09:31
оте жаксы сайт керек акпаратты таптым
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# белибер 2016-01-27 09:30
Маган унады. Рахмет)
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту