Доспамбет

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Ол 1490 жылы Дон өзені бойындағы Азау қаласында дүниеге келіп, 1523 жылы Астрахан қаласының маңында қаза тапқан.

Доспамбет жырау – қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі. Ноғай Ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан.

Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік - оның жырларының негізгі тақырыбы. Доспамбет жырауларында түркілік тұтастық идеясы бар.

Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады.

Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау, азау дегенің», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» және тағы басқа жыраулары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап қорғаған елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды.

Қоғалы көлдер , қом сулар

Қоғалы   көлдер, қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес.

Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес.

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес.

Жұпарын қардай   боратып,

Арулар құшқан өкінбес.

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес.

Құрама шапшақ көп   қымыз

Құйып ішкен өкінбес.

Екі арыстан жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан   судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның   бойында

Соғысып   өлген өкінбес!

Қалаға  қабылан   жаулар   тигей   ме,

Қабырғадан дұспан жалдап   жүргей   ме,

Қатарланып, қарланып,

Қайран   ер қарт күреңге мінгей ме!

Қабырғадан   қараған

Достым   менен дұспаным :

“ Апырым , ер   Доспамбет ! “ дегей ме ! ...

Азау, Азау   дегенің

Әл – Ғұсман - паша жұрты екен,

Дін ісләмнің кірті екен.

Азаудың ер   Доспамбет   ағасы

Азаудың   бір бұрышындай   нарты екен !

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту