Ілияс Жансүгіров

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.

Жансүгіров Ілияс – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген  Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып катеді.Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. 1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқыған.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# kirgizbekova meir 2016-01-28 12:54
iздеген нарсемде онша тапкам жок,тапсамда онша кунарлы соз жок.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Асел 2016-01-28 12:53
3 байтеректин бири
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# руслан 2016-01-28 12:53
тапкан жокпын бес арыс реферат
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# алия 2016-01-28 12:53
салеметсіздерме, маған ілияс жансүгіров туралы айтылған пікірлер тауып бересіздерме? бугінге керек болып тур.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Байменова Курбанкуль 2016-01-28 12:52
Саламатсыздарма ИЛИАС ЖАНСУГЫРОВТЫН ПСИХОЛОГИА ЖАЙЛЫ ЖАЗГАН ЖОБАЛАРЫН ТАУЫП БЕРЕАЛАСЫЗДАРма отыныыыыш
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту