Асан Қайғы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз.

Ол шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған.

Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал тағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді.

Ол Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде ол Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ ордасын құрған Керей хан мен Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.

Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады.

Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз-Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі халық болашағын Жәнібектің ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды.

АСАН ҚАЙҒЫ.

                     Сөзі, әні.

           Серікбай Маханұлынікі.

Сахара самалынан   желпиді леп,

Қайғысын елдің Асан естиді кеп.

Тоқшылық орнатуға кедейлерге

Шарлады жер жаһанды көрейін деп.

             Қайырмасы:

     Күннің көзі жанды оттай,

     Желді Мая жортты тынбай.

       Әзиз ата   Асан қайғы

      Жұмақ мекен іздеп таппай.

      Шарлады кеп тайғақ жолда,

      Бар сенімі   анық қолда.

       Ұрпағының қамын ойлап

      Айналды   ол   аңыздарға.

Қамқор боп, ел - жұртына ортақтасып,

Жеті су   топырағын   анық   басып.

Идірдің   боз інгеннің   тас емшегін

Қалдырып ұрпағыңа   жарық болып.

             Қайырмасы:

Қиялың   самғап ұшты бар өңірге,

Сыйпаттап жер жағдайын бұл өмірге.

Рухыңмен   Асан бабам тебіреніп

Жүрсің ғой жалбарынып бір Тәңірге.

             Қайырмасы :

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту