Super User

Super User

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев Петропавлда 1926 жылы 4-шілдеде дүниеге келген. Кейін отбасымен Алматыға қоныс аударып, үшінші сыныптан бастап қаладағы № 54 орта мектепте оқиды. Жетінші сыныпта П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінде оқуын жалғастырып, 1941-1943 ж. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқиды.

Сара  Тыныштығұлова  1942  жылы  1- қаңтар айында  Лепсі  өзені  бойлай  аққан  Алматы  облысы   Сарқанд  ауданы  Мұқан  Төлебаев  ауылында (бұрынғы  Бөрлітөбе  ауданы)  дүниеге  келген. Атасы   Тыныштығұл   Жетісу  өңірінде  өте  бай  адам  болған. Әкесі  орыс  мектебінен  білім  алған, өте  білімді  адам  болғандықтан  4жылда  8 классты  бітірген.

Рымбаева Роза Қуанышқызы 28.10 1957 жылы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келді.

1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.

Роза Тәжібайқызы  Бағланова – қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі (1967 ж.), Халық қаһарманы (1996 ж.).
1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (29.1.1936 ж.туылған, Сайрам ауданы қазіргі Бәйдібек ауылы ) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1976), Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген артисі (1994) [1].

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (01.04.1925-1998 жж.) – қазақтың күйші-сазгері, дирижер, дәулескер домбырашы.  
Туып-өскен жері – Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері – Жамбыл кесенесінің іргесі.

Нұрғали Нүсіпжанұлы - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қырғыздың Абылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның жеке әншісі.

Мұқан Төлебаев — 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысының, Бөрлітөбе ауданында, дүниеге келген. Топырағы бұйырған жер - Алматы қаласы. Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.

Латиф Абдулхайұлы Хамиди – 1906 жылы 17 шілдеде бұрынғы Татар АССР-нің Апас ауданында дүниеге келген. Белгілі композитор, Қаз ССР-нің халық артисі, Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Жұбанов Ахмет Қуанұлы (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948). Туып-өскен жері Ақтөбе облысының Темір ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

Страница 7 из 43