Super User

Super User

Қабышұлы Ғаббас 1935-жылы көкек айының 9-ы күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1956-жылы орта мектепті тәмәмдап, облыстық «Алтай большевигі» гәзетінің редакциясына жұмысқа орналасты. Шәкірт кезінде гәзетке өлең, хабар жазып тұрған (ол гәзет бүгінде «Дидар» деп аталады).

Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов 1950 жылы дүниеге келген.

1976 жылы Самарқанд Мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын бітірген. Негізгі мамандығы суретші, сәулетші, тарихшы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (академигі), ҚР Мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасының

еңбегі сіңген қайраткері,

Алматы облысының

құрметті азаматы,

Қазақстан Жазушылар

Одағының мүшесі

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген.

Сидорова Вера Васильевна (Лазукина) – Воронеж облысы Таловский (Чигольский) ауданының Верхняя Тишанка селосында дүниеге келген. Атасы - Лазукин Иван Петровичті 1931 жылы белгісіз жерге жер аударып, әкесі Василий Ивановичті Қиыр Шығысқа шахтаға жұмысқа жібереді. Анасы сайлау құқынан айрылып, темір жол нысандарын салу жұмыстарына араласады. В.В. Сидорова анасы жағынан келетін әжесі - Макарова Анастасия Фёдоровнаның үйінде тәрбие алып, бой жетеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы 1960 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1978 жылы Түркістан қаласындағы орта мектепті жақсы тәмамдаған ол еңбек жолын киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы мұражайдың кіші ғылыми қызметкері болып, жөндеу қызметіне қатысудан бастады.

Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылдың 13 маусымында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Көкбастау ауылында дүниеге келді. Нұрлан Оразалин - қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

      1970 жылы С.М. Киров (қазіргі әл Фараби) атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетін бітірген.

П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және «фортепиано»

класы бойынша (профессор Л.Н.Власенко класы) аспирантурасын бітірген.

1948 жылы  4 қыркүйекте  Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария)  орталығында дүниеге келген. 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8 сыныбын, 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін бітірген.

Ізбасар Балтағұлұлы 1930 жылы қаңтар айының 1-ші жұлдызында, Алматы облысы Балқаш ауданы Желтораңғы ауылында халық ақыны Бигелдиев Балтағүл мен Мәделі қызы Мәрияның отбасында дүниеге келген. Білімі жоғары, философия ғылымының кандидаты.

Страница 5 из 43