Super User

Super User

Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы, 1956 жылдың  26 мамырында Алматы облысы Андреевка селосында дүниеге келген. Әкесі – Сейсембеков Әділжан Сейсембекұлы майдангер, соғыстан кейін Андреев ауданының прокуратурасында, кейіннен Жоғары партия мектебін аяқтағаннан кейін аудандық атқарушы комитеттің төрағасының орынбасары, совхозда парторг болып қызмет атқарған. Анасы – Сейсембекова Айбала Малмаққызы, соғысқа қатысушы, соғыстан кейін Андреев ауданының прокуратурасында, одан кейін 60 жылдардың аяғынан зейнеткерлікке шыққанға дейін АХАЖ бюросын басқарған.

Байсеркина Фарида Дуғалықызы 1964 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген.  Әкесі - Қамзин  Дуғалы - Ақсуат орта мектебінде 40 жылдан астам уақыт физика және математика пәнінен сабақ берген еңбек ардагері, өз ауданының құрметті азаматы, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде және білім беруде қосқан сүбелі үлесі үшін көптеген медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталған.

Мұстафа Өзтүрік (1954 – 1995 жж.) Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спортың сайыпқыран саңылығы.

Тәуелсісіздіктің бастауында азаттықтың алғашқы қарлығашындай болған азамат ата жұртына жиі келіп, жастарға шығыс жекпе-жегі – таэквондо спортын үйреніп, әр қазақтың жүрегіне жол тапқанын көзіміз көрді.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген.

Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандығын қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі.

1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз.

Едсон Арантес до Насименто (порт. Edson Arantes do Nascimento; 21 қазан немесе 23 қазан 1940 жыл, Трес-Корасойнс, Минас-Жерайс), немесе Пеле́ (порт. Pelé) — әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970).

Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет) Көкшетау облысы, Еңбекші ауданында 1864 жылы дүниеге келген.
     Баймырзаұлы Балуан Шолақ қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны

Әйтімов Зейнілқабиден Әйтімұлы. Казақстан Журналистері одағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі (кәсіби атағы), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген дербес зейнеткер, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Еңбек майданына қатысушы.

Қазақ баспасөзінің тарланы еді...

Өмірдерек:

Туған жылы - 1912 жылғы желтоқсан.

Жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының, Жамбыл  атындағы  халықаралық  әдеби  сыйлығының, Ғ. Мүсірепов  атындағы  әдеби  сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері, С. Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан университетінің  құрметті  профессоры, Аякөз, Қатонқарағай  аудандарының  құрметті  азаматы.

Страница 4 из 43