Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлы өмірінің негізгі жылдары және ғылыми қызметі

Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлы 1926 жылы 15 мамырда Семей облысы Жарма ауданының №13 ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолы

1941-1942 ж.ж. – Түсті металлургия халкоматының «Алтайалтын» трестінің БОКО кенішінде маркшейдерлік бюросының жұмысшысы.
1942-1943 ж.ж. – БОКО кенішінің «Колорадо» старательшілер артелінде ұңғылаушы.
1943-1944 ж.ж. – «Колорадо» старательшілер артелінде тау шебері.
1943-1946 ж.ж. – «Колорадо» старательшілер артелінде жарғыш.
1946-1949 ж.ж. – Алматы ауылшаруашылығы техникумының оқушысы.
1949-1954 ж.ж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
1954-1958 ж.ж. – С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің «Саясиэкономия» кафедрасының ассистенті.
1958-1960 ж.ж. – С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің «Саясиэкономия» кафедрасының аға оқытушысы.
1960-1961 ж.ж. – М.И.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы біліктілікті арттыру институтының тыңдаушысы.
1961-1962 ж.ж. – С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің «Саясиэкономия» кафедрасының аға оқытушысы.
1962-1963 ж.ж. – ҚазМУ-нің «Саясиэкономия» кафедрасынан жылдық аспирантураның аспиранты.
1963 ж.              – «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушы-демократтарының әлеуметтік-экономикалық көзқарастары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1963-1964 ж.ж. – АХШИ-нің «Саясиэкономия» кафедрасының аға оқытушысы.
1964-1973 ж.ж. – АХШИ-нің «Саясиэкономия» кафедрасының доценті.
1964-1971 ж.ж. – қосымша АХШИ-нің қаржы-кредит факультетінің деканы болып жұмыс істеді.
1973 ж. бастап – Т.Рысқұлов атындағы ҚазМБА-ның «Саясиэкономия» (экономикалық
осы уақытқа         теория) кафедрасының меңгерушісі
дейін
1982 ж.                – «ХІХ  ғасырдың  соңы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанда экономика-лық ойдың дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
1984 ж. бастап  – Профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ғылым министрлігінің Экономика институтында докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі арнайы кеңестің мүшесі, Т.Рысқұлов атындағы ҚазМБА-ның докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі арнайы кеңестің мүшесі.
Профессор Д.Қ.Қабдиев Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастарын, сондай-ақ ХІХ  ғасырдың  соңы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын және оның экономикалық ойдың әртүрлі ағымдарындағы көрінісін зерттеді.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Д.Қ.Қабдиев бүкілодақтық симпозиумдардың экономикалық ой тарихының мәселелері жөніндегі өткен, 1978 жылы – екінші (Сухуми), 1980 жылы – үшінші (Ташкент), 1983 жылы – төртінші (Минск) жұмыстарына қатысты.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Д.Қ.Қабдиевтің ғылыми жетекшілігімен 12 кандидаттық диссертациялар қорғалған.
Қазіргі уақытта э.ғ.д., профессор Д.Қ.Қабдиев экономикалық интеграция, нарыққа өту проблемаларын, сондай-ақ  экономикалық тұрақтылық пен өсу проблемаларын зерттеумен айналысуда.
Профессор Д.Қ.Қабдиевтің көпқырлы ғылыми-педагогикалық қызметі озі жарыққа шығарған монографияларында, ғылыми зерттеулерінде, оқулықтар мен мақалаларында (70-тен астам) көрініс тапқан.

Білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары

1941 ж. – БОКО кенішінің толық емес орта мектебінің 7 сыныбын бітірген.
1946-1949 ж.ж. – Алматы ауылшаруашылығы техникумында оқыған.
1949 ж. – техникумды бухгалтер мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.
1949-1954 жж. – С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің экономика факультетінде оқыған.
1954 ж. – университетті саясиэкономияның оқытушысы мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.
1962-1963 жж. – ҚазМУ-нің «Саясиэкономия» кафедрасының жылдық аспирантурасында оқыды.
1963 ж. 28 желтоқсанда -  «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушы-демократтарының әлеуметтік-экономикалық көзқарастары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1963 ж. 8 сәуірде – ғылыми атағы КСРО-ның ЖАК-да бекітілді.
1966 жылы 17 қыркүйекте – «Саясиэкономия» кафедрасы бойынша доцент ғылыми атағы бекітілді.
1982 ж. 1 қазанда – «ХІХ  ғасырдың  соңы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанда экономика-лық ойдың дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
1984 ж. 20 қазанда – КСРО ЖАК-да бекітілді.
1984 ж. 10 тамызда – Профессор ғылыми атағы тағайындалды.

Қоғамдық-саяси өмірге қатысуы

1944-1946 жж. – БОКО кенішінің комсомол комитетінің хатшысы.
1947-1949 жж. – Алматы ауылшаруашылығы техникумының комсомол комитетінің хатшысы.
1949-1950 жж. – ҚазМУ-дің Экономика факультетінің комсомол ұйымының хатшысы.
1950-1954 жж. – ҚазМУ комсомол комитетінің мүшесі, ҚазМУ комсомол комитетінің хатшысы.
1954-1958 жж. – ҚазМУ Экономика факультетінің партбюросының мүшесі.
1964-1971 жж. – АХШИ-ның қаржы-кредит факультетінің партбюросының мүшесі.
1980-1982 жж. – АХШИ парткомының мүшесі.
1984-1989 жж. – Алатау аудандық «Білім» қоғамының басқарма төрағасы.
1985-1987 жж. – Алатау аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты.
1983-1987 жж. – КСРО Жоғары білім министрлігінің саясиэкономия жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.
1981-1989 жж. – ҚазССР-нің Жоғары білім министрлігінің ғылыми-методикалық кеңесінің саясиэкономия секциясы төрағасының орынбасары.
1980-1985 жж. – ҚазМУ-нің экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ізденушілердің Диссертациялық кеңесінің мүшесі.
1987 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы ҒА-ның Экономика институты жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағына ізденушілерге арналған Диссертациялық кеңестің мүшесі.
1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚазМБА жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағына ізденушілерге арналған Диссертациялық кеңестің мүшесі.
1999-2000 жж. аралығында - ҚазМБА жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағына ізденушілерге арналған Диссертациялық кеңестің төрағасы.

Марапаттары

1946 ж. – «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» медалі.
1970 ж. – «В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін» мерекелік медалі.
1975 ж. – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 30 жыл» медалі.
1975 ж. – КСРО-ның Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің «Еңбектегі үздік жетістіктері үшін» төсбелгісі.
1976 ж. – Қазақстан СЖЛК ОК құрмет грамотасы.
1976 ж. – «Қазақ ССР-нің жоғары мектебінің еңбек сіңірген жұмысшысы» құрметті атағы.
1977 ж. – ҚазССР-нің Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің құрмет грамотасы.
1982 ж. – КОКП ОК-нің Лениндік Құрмет грамотасы.
1985 ж. – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 40 жыл» медалі.
1986 ж. – Еңбек Қызыл Ту орлені.
1987 ж. – КОКП ОК-нің «Марксизм-ленинизмді насихаттаудағы көп жылғы еңбегі үшін» стол медалі.
1987 ж. – «Білім» Республикалық қоғамының құрмет грамотасы.
1988 ж. – «Еңбек ардагері» медалі.
1989 ж. –  «Білім» Республикалық қоғамының құрмет грамотасы.
1991 ж. – КСРО-ның Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің құрмет грамотасы.
1995 ж. – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 50 жыл» мерекелік медалі.
1998 ж. – «Парасат» ордені.
2000 ж. – «1941-1945 жж. Соғыс ардагері» белгісі.

ҚР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлының ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк

Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлы 1926 жылы 15 мамырда Семей облысы Жарма ауданының №13 ауылында дүниеге келген.
1941 жылы БОКО кенішінің толық емес орта мектебінің жеті сыныбын бітірген. Он бес жасар бала бола тұрып, осы кеніште өзінің қызмет өтілін бастаған. Соғыстың қиын-қыстау жылдарында, ол ересектермен бірге шахтердің ауыр мамандығын игерді. 1941-1946 ж.ж. ол маркшейдерлік бюроның жұмысшысы, ұңғылаушы, тау шебері, қопарғыш болып жұмыс жасады.
Солай бес жылдық еңбек өтілін алған Дүйсенхан Қабдиұлы 1946 жылы Алматы ауылшаруашылығы техникумына оқуға түседі. 1949 жылы ол техникумды үздік бітіріп, бухгалтер мамандығын алды. Сол жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУға (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті), жаңадан құрылған экономика факультетіне оқуға түседі. Ол, 1954 жылы университетті де үздік тәмамдап, ҚазМУ-дің «Саясиэкономия» кафедрасына оқытушы болып қалдырылады.
Содан бастап Дүйсенхан Қабдиұлының ғылыми және педагогикалық қызметі Қазақстанның Жоғары мектебімен және экономикалық біліммен байланысты. 1954-1962 жылдарда ҚазМУ-дің «Саясиэкономия» кафедрасында оқытушы, одан кейін аға оқытушы болып жұмыс істеген. Кафедра жанындағы бір жылдық аспирантураны аяқтағаннан кейін, 1963 жылы «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушы-демократтарының әлеуметтік-экономикалық көзқарастары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
1963 жылы ҚазМУ-дің Экономика факультетінің базасында Алматы халық шаруашылығы институты құрылды. Д.Қ.Қабдиев, жас ғалым ретінде Қазақстанда экономикалық білім беруді ұйымдастырушы болады. Ол, 1964-1971 жылдарда, «Саясиэкономия» кафедрасы доцентінің жұмысын, АХШИ-ның қаржы-несие факультетінің деканы қызметімен қатар алып жүреді, ал 1973 жылдан бастап «Саясиэкономия» кафедрасының (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Саясиэкономия» кафедрасы) ұжымына басшылық етеді.
Д.Қабдиевтің басшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері еңбек жолының бастапқы кезеңінен-ақ қалыптаса бастаған. Оның табиғатындағы белсенділігі мен мақсатқа жетуге талпынысы, жұмысына деген адал және шығармашылық қарым-қатынасы арқасында, өзі жұмыс істеген ұжымдарда, оқыған, сабақ берген жерлерінде де ол әрдайым көшбасшы болып шығатын. Комсомол жастар БОКО кенішінде де, Алматы ауылшаруашылығы техникумында да, ҚазМУ-дің экономика факультетінде де оны комитет хатшысы, кейінірек бүтіндей университеттің комсомол комитетінің хатшысы етіп сайлаған. Алматы халық шаруашылығы институтында, орасан әкімшілік, ғылыми және педагогикалық қызметпен қатар, факультеттің партбюросының мүшесі және паркомның мүшесі ретінде үлкен қоғамдық жұмыстарды алып жүрді.
Декан ретіндегі әкімшілік жұмыстан босап, «Саясиэкономия» кафедрасының меңгерушісі қызметін иемденгеннен кейін, Д.Қабдиев оқытушылардың үлкен ұжымын басқарып қана қоймай, кафедра мен институттың педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының да көшбасшысы да бола білді. Экономикалық білімдер тарихы саласындағы өзінің ғылыми зерттеулерін жалғастыра жүріп, Дүйсенхан Қабдиұлы Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастарын, сондай-ақ ХІХ  ғасырдың  соңы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын және олардың экономикалық ойдың әртүрлі ағымдарындағы көрінісін зерттеді. Бұл зерттеулердің қорытындылары Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен Бүкілодақтық конференцияда, Ташкент, Сухуми, Минск қалаларында өткен КСРО халықтарының экономикалық ойларының тарихы жөніндегі екінші, үшінші және төртінші Бүкілодақтық симпозиумдарында баяндалды.
1982 жылы Д.Қабдиев «ХІХ  ғасырдың  соңы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады және 1984 жылы оған профессор атағы беріліп, бекітілді.
80 жылдары тәжірибелі лектор және аса білімдар ғалым ретінде профессор Д.Қабдиевті партиялық, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар насихаттық-қоғамдық жұмысқа жиі тарта бастайды. Ол «Білім» қоғамы жүйесі бойынша үлкен жұмыстар жүргізді, тоғыз жыл (1981-1989 жж.) ҚазССР-і Жоғары білім министрлігінің ғылыми-методикалық кеңесінің саясиэкономия секциясы төрағасының орынбасары болды. Д.Қабдиев КСРО-ның Жоғары білім министрлігінің саясиэкономия жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшелігіне енгізілуі, оның ғалым саясиэкономистер арасындағы беделін арттыра түсті.
Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлы оқытушы жас мамандар дайындау ісіне көп күш-жігер жұмсады. Оның жетекшілік етуімен 12 ғылым кандидаты ғылыми зерттеулерін орындап, диссертацияларын қорғады. Ғылыми зерттеулерде талантты жетекші және ұйымдастырушы бола отырып, ол бірқатар жылдар бойына ҚазМУ-нің экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ізденушілердің Диссертациялық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Экономика институты жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағына ізденушілерге арналған Диссертациялық кеңестің мүшесі, сондай-ақ ҚазМБА жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағына ізденушілерге арналған Диссертациялық кеңестің мүшесі болды.
Қабдиев Дүйсенхан Қабдиұлының еңбек және қоғамдық қызметі жоғары үкімет адамдары тарапынан жоғары бағаланды. Ол, алғашқы марапатын 1946 жылы - «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» медалін алды. Барлық соғыс жылдарында шахтердің ауыр және қауіпті жұмысын арқалаған жиырма жастағы жас жеткіншек үшін бұл награданың маңызы өте зор болатын. 1986 жылы Дүйсенхан Қабдиұлы Еңбек Қызыл Ту орденімен, ал, 1988 жылы «Еңбек ардагері» орденімен марапатталды. Біздің құрметті ардагеріміз жоғары білім беру саласында әлі де шаршамай-шалдықпай еңбегін жалғастырып, егеменді Қазақстан үшін экономист мамандарды әзірлеп, жас тәуелсіз мемлекетіміз үшін көкейтесті ғылыми мәселелерді шешіп келеді. 1998 жылы Дүйсенхан Қабдиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында оның ғылыми бағыттарының ауқымы, өтпелі кезең экономикасының және нарықтық қатынастардың орнығу проблемалары, Қазақстан экономикасының трансформациялық құлдаруын жеңіп шығу, тұрақтандыру және өсу проблемалары, тәуелсіз мемлекеттердің жуық өткен кезеңде біртұтас халықшаруашылығы кешені болып келген экономикаларын интеграциялау проблемалары болды. 90-шы жылдардағы оның мақалалары мен теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялардағы баяндамалары дәл осы мәселелерге арналды, оның редакциясымен Т.Рысқұлов атындағы ҚазМБА оқытушылары мен аспиранттарының жинақтары басылып шықты.
Оқу құралдарын құрастырып шығаруда да профессор Д.Қабдиевтің үлесі зор. Ол соңғы жылдары экономикалық теория бойынша Қазақстан Республикасында жарық көрген жаңа оқулықтардың авторларының бірі болып табылады. Т.Рысқұлов атындағы ҚазМБА-ның «Экономикалық теория» кафедрасының оқытушылары әзірлеген экономикалық теория және экономикалық саясат бойынша оқу құралдары оның редакциясымен жарық көрді.
Профессор Д.Қабдиев осымен 28-ші жыл Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы экономикалық жоғары оқу орнының ірі кафедрасын басқарып келеді.
Оның өмірінің жарты ғасырдан астамы мен қызметі Қазақстанның жоғары экономикалық білімін дамытумен байланысты. Осы жылдар ішінде керемет жеке азамат ретінде, оның көптеген жарқын тұстары ашылып, айқындала түсті. Оның ұйымдастырушылық қабілетін, ғылыми талантын, адамдармен қарым-қатынаста жұмсақтығы мен сыпайылығын, алдына келген адамдарға жан-жақты көмек көрсетуге әзірлігін және қолдау көрсете білуін әріптестері жоғары бағалайды. Оның жүздеген оқушылары өздерінің оқытушыларын үлкен құрметпен және жылы шыраймен естеріне алады. Дүйсенхан Қабдиұлын жақсы танитын барлық адамдар үшін, ол керемет адами қасиеттерге ие, өнеге етуге тұрарлық тірі бейне болып табылады.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту