Хамитова Макен Сейілқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Хамитова Макен Сейілқызы 1923 жылы 27 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылында  дүниеге келген. Ата – анасы қуғын –сүргінге  ұшырап, жастайынан жетім қалған  ол, Шымкент облысы, Түлкібас ауыданындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 1936-1938 жылдар аралығында Түркістан педагогикалық училищесінде оқып білім алады.

Макен Сейілқызы өзінің ұстаздық қызметін 1939 жылы Қ.Сыпатаев атындағы  орта мектепте тарих пәнінің  мұғалімдігінен бастаған болатын  Ұлы Отан соғысы кезінде алдыңғы қатарлы  жас  мұғалім ретінде  Оңтүстік Қазақстан  облыстық комсомол комитетінің  жолдамасымен Созақ аудандық комсомол ұйымының хатшысы қызметіне келді. Соғыстан кейін 1946-1948 жылдары Шымкент қаласындағы Н.К.Крупская атындағы екі жылдық мұғалімдер институтын, ал 1953 жылы Абай атындағы  Қазақ-түрік институтының тарих  факультетін бітіріп, тарих пәні мұғалімі мамандығына ие болды.

1950-1954 жылдары А.С.Пушкин атындағы орта мектептің, ал 1960-1962 жылдары Қ.Сыпатаев атындағы  мектептің интернат-пансионаттың директоры болып қызмет атқарды.

Хамитова Макен Сейілқызы облыстың және қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып, 1950-1960 жылдары қалалық  кеңестің, 1960 жылы Қазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезінің делегаттығына  сайланады.  1953-1963 жылдар аралығында  Шымкент қалалық партия комитетінің мүшесі болды.

Хамитова Макен Сейілқызы оқушылардың білім сапасын арттыруда  және жас өспірімдерді тәрбиелеуде  көрсеткен  ерен еңбегі үшін  «Еңбек белгісі» орденімен, «Қызыл жұлдыз»,  «КСРО білім беру ісінің үздігі», «Еңбек ері» медалімен, Ұлы отан соғысының  жеңісіне 55 жыл толуына байланысты «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» төс белігісімен  және  көптеген  құрмет грамоталармен марапатталған. 2002 жылы Макен Сейілқызына «Шымкент қаласының  құрметті азаматы» атағы берілді.

Білім саласында ерен еңбегі үшін Облыстық, қалалық білім басқармаларының  алғыс хаттарымен марапатталған.

Макен Сейілқызы өзінің  саналы ғұмырын  келешек жас ұлпақты  заман  талабына  сай тәрбиелеу жолында  қарапайым мектеп мұғалімінен  бастап, жоғары оқу орындары  мен облыстық және аудандық комсомол, партия комитетінде  жемісті  еңбек етті. Елге  сіңірген  ерен еңбегі еленген ұстаз Қазақстан Республикасы Білім саласының Құрметті қызметкері.

Content 2
009-285x428
img_0021-285x190
img_0025-285x190
img_0028-285x208

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту