ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Академигі,

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері,

психология ғылымдарының докторы,  профессор

ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ 1961 жылы мамыр айының 17 жұлдызында Жамбыл облысы  Жуалы ауданына қарасты Дихан ауылында дүниеге келген.

1968-1978 жылдары Қайрат елді мекенінде Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. 1978 жылы осы мектепті озық бітіріп Жамбыл облысы Луговой кентінде (қазіргі аты Құлан) Жамбыл зоотехникалық малдәрігерлік техникумына түседі. 1981 жылы аталған оқу орнын үздік бітіреді. Сол жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына күндізгі бөлімге қабылданады. 1986 жылы аталған оқу орнының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ветеринария факультетін «үздік» дипломмен тамамдайды. Білім алып жүрген кезде курстың комсомол ұйымының жетекшісі және оқу озаты ретінде Республикалық және Бүкілодақтық жастар  фестивальдарының жеңімпазы аталған.

1986 жылдың шілде айында Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының  анатомия кафедрасында ассистент қызметіне қабылданады.

1988 – 1991 жылдары Украинада С.З. Гжицький атындағы Львов Ұлттық ветеринарлық медицина және биотехнология университетінің (бұрынғы Львов зооветеринарлық институты) күндізгі бөлімінде аспирантурада оқыды. Биология ғылымдарының докторы, академик С.В. Стояновский және медицина ғылымдарының докторы, профессор В.С. Кононенконың жетекшілігімен 1992 жылдың 23 сәуірінде 03.00.13.- адам және жануарлар физиологиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Кеңес дәуірінің ілгері нейро және психофизиологиялық мектептерінде білімін жетілдіріп, ми және жүйке жүйесінің қызметін зерттейтін ғалым ретінде қалыптасады.

1992 жылы сол кездегі Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының анатомия кафедрасына қайтып оралады. 1993-1994 жылдары аталған институттың ветеринария факультетінде деканның орынбасары қызметін атқарған.

1993 жылы алғашқы мемлекеттік емес жоғарғы оқу орны ретінде ашылған Қайнар университетінің халықаралық қатынастар факультетінің кешкі бөліміне түсіп, 1998 жылы елтанушы, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тамамдайды. «Қазақстандағы саяси партиялар» деген тақырыпта дипломдық жұмыс қорғайды.

1994 жылдың тамыз айынан Қайнар университетінің теориялық және қолданбалы  психология кафедрасының доценті, 2007 жылдан аталған кафедраның профессоры лауазымына конкурс арқылы тағайындалған.

2004-2007 жылдары аспирантура бөлімінің меңгерушісі, ал 2007 жылдың 16 сәуірінен Қайнар университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқарады.

Қазақстанда алғашқы рет енгізілген Бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесін енгізуге Білім және ғылым Министрлігінің өкілі ретінде белсенді қатысып, жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосады. Сонымен қатар Министрліктің білім беру ісін Еуропалық оқыту кеңістігіне бейімдеу, ілгері педагогикалық технологияларды оқыту процесіне енгізу, кредиттік жүйенің өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық және Республикалық конференциялардың, семинарлардың жұмысына белсенді ат салысады.

2004 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2005 жылы Білім және ғылым Министрінің мақтау грамотасымен марапатталған.

2008 жылдың  17 қарашасында Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланады.

2009 жылдан бері Қазақстанда жарық көрген ерлерге арналған «Дарабоз» журналында Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақалалары («Ауған қасыреті» ж. т. б.) және «Тылсым тіршілік» рубрикасының авторы ретінде редакция алқасының ұсынысымен (9 қаңтар 2010 жылы) екінші дәрежелі «Қайсар» кеуде белгісімен марапатталған.

Перленбетов Мұқан Әтенұлы «Анатомия и физиология центральной нервной системы», «Оқыту процесінің психофизиологиялық негіздері» оқу құралдарының, «Психофизиология», «Зоопсихология және салыстырмалы психология», «Нейрофизиологические основы индивидуальности», «Организация и планирование научной деятельности»  пәндері бойынша оқу - әдістемелік кешендердің және «Тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің байланысы» атты монографияның авторы. 70-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрген.

2010 жылдың 29 қыркүйегінде әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы социология, психология, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін бері жөніндегі Д 14А.02.32 диссертациялық кеңесінде 19.00.01– жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша «Тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің байланысы» тақырыбында  докторлық диссертация қорғады. Ғылыми кеңесшісі психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов. Он жыл көлемінде жүргізілген ғылыми ізденістерінде тұлғалық қасиеттерді зерттеудің индикаторы ретінде оң және сол ми сыңарлары қызметінің (мидың функциялық асимметриясы) негізінде студенттердің типологиялық ерекшеліктері зерттелген. Нәтижесінде психиканың асимметриялық концепциясы дайындалып, болашақ мамандардың әлеуетін болжауға, «қызметтік» бағыт бағдарын анықтауға жол ашатын  ілгері психологиялық технология ретінде оқыту процесіне енгізілген.

2011 жылы Қазақстанда жыл сайын өтетін «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Республикалық конкурсының жеңімпаздарының бірі ретінде, мемлекеттік гранттың иегері атанды.

Жанұясында жұбайы Гүлнар Қарауылқызы Әбенова екеуі бір ұл, екі қыз бала тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы Жанар «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Эксетер университетінің, ал ұлы Жандос Седимес институтының (Франция) магистратурасын экономика салалары бойынша тамамдаған. Кіші қызы – Жібек 4 сыныпта оқиды.

Content 2
img_7062-285x191
novaya_zhizn-285x380

Пікірлер  

# Cадирова Фарида Серікқызы 2016-01-28 09:32
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, жемісін көріңіз, әр-дайым еңбегіңіз багалана берсін. Отбасының мақтанышы болыңыз.
Ізгі ниетпен Алтынгүлдің анасы.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Baimakhan 2016-01-28 09:31
Мұқан сенің жетістіктеріңе қуаныштымын.Саған зор денсаулық,отбасыңа бақыт,еңбегіңе жемістер тілеймін!
Ізгі ниетпен курстас жерлесің Баймахан!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бурашева Айтолкын Мырзагаликызы 2016-01-28 09:31
Сизди шын журектен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін коп енбек еттиниз, жетік білуге ұмтылдыныз. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да - игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат еттиниз !Алла отбасынызга бак пен береке берсин !!!Алланын нуры жаусын.Сизди мактан тутамыз ....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Алтынай Абдыманаповна 2016-01-28 09:30
Оте куаныштымын !!!!Алланын нуры жаусын .
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Төлеген 2016-01-28 09:30
Жуалы да туған батыр бабамыз Бауыржанның Момышұлының ұрапағы Мұқан Әтенұлы.Сізді апта адамы болуңызбен құттықтаймын.Тәуелсіз мемкелекетіміздің іргетасын қалауға ат салысып жүрсіз мұндай міндетті орындау тек біртуар адамның ғана қолынан келеді.Бәрі біткен кезде қай іс те оңай секілді корінетіні рас.Еңбегіңізді осындай деңгейге дейін жеткізе алу тамаша орындалған міндет.Осы жетістіке жетуіңізгесіздің құдай қосқан қосағыңыз омірдегі тірегіңіз-аяулы Гүлнар және жанұяңыздың еңбегі зор деп білемін.Қазақта..”Қас жаман қатынын мақтайды” Ол сөзді білмеймін деп Әзілхан Нұрашайықов әкеміз айтқандай.Жолдастарымыздың ішінде Айтқали мырзаның жұбайы Гүлмира және Сіздің жолдасыңыз Гүлнар әркім өз әйелін ең асыл металл алтынға бағалайды ғой.Ол дұрыс! Сіздердің қоларыңызға тағдыр ұстатқан сом алтын жұбайларыңыз аман болсын.Жанұядағы еңбек сол ханымдардікі деп есептеймін.Жанұяңыз аман отбасыңыз аман сау болсын.Сіздің ойларыңыз-ел қазынасы.Өміріңіз үлгі.Ізгі ниеттен курстас досың Төлеген Күләйша балаларыңыз Абылай Сағындақ.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Абенов Жанайдар 2016-01-28 09:30
Құрметті Мұқан Әтенұлы.Еңбегіңіз алға өрлеп, әрдәйім халқыңа адал қызмет ете бер! Алланың нұры жаусын! Ізгі тілекпен: Қарауылұлы Жанайдар.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Sagynbekov Usenbek 2016-01-28 09:29
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз,денин сау болсын!биик шындардан корине бер!отбасын аман,дендерин сау болсын!Тилек билдируши Сагынбековтер аулети
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Гүлсім Қарауылқызы Абенова 2016-01-28 09:29
Құрметті Мұхан !!!Сізді “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Деніңізге саулық ,от басыңызда амандық ,жақсылық тілейміз.Алланың нұры жаусын .
Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз.
Тілек білдіруші Керимовтер от басы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Оспанова Қарлығаш 2016-01-28 09:24
Құрметті Мұқан құда! Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!! Алланың берген әрбір жақсылығы жүрегіңізге нұр болып құйылсын! Білім шыңында биікке самғай беріңіз! Мерейіңіз үстем болсын Сіздің осындай үлкен жетістікке жетуіңізге Гүлнар құдағидың қызметі зор Гүлнар құдағи сізді де құттықтаймыз! Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Балаларыңыздың қызығын көріп , немере, шөбере сүйіңіздер! Шын жүректен тілектес Құда - құдағиыңыз!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Қуанышев Жайлыбай Ізбергенұлы 2016-01-28 09:23
Құрметті Мұқан Әтенұлы сізді апта адамы болуыңызбен құттықтаимыз,деніңізге саулық,отбасыңызға амандық,еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспіз!!
Жайлыбай-Салтанат.Құлсарыдан
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жексенбаева 2016-01-28 09:23
Құрметті Мұқан Әтенұлы Апта Адамы болу Қурметіңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан мықты денсаулық, семьяңызға бақыт , творчестволық табыс , тек қана қуаныш болып , әрқашан үлкен биіктерден көріне беруіңізге тілектеспін! Алдағы уақытта еңбегіңіздін жемісін көре беріңіз ! Игі тілекпен Қостанайдан (Арқалық) Айгүл Жексенбаева
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Шынболатова Эльмира Муратовна 2016-01-28 09:22
Мен бұл кісімен жақында таныстым. Бір көргеннен өзіне баурап алатын, ақкөңіл, мінезі жайдары, қарапайым кісі болып көрінді. Ұстаз ретінде білгенінің барлығын тәлімгерге жеткізуге ұмтылатын және бұл қолынан оңай келетін адам болғандықтан, біз (Орталық Азия Университетінің 1-курс магистранттары)оны қатардағы дәріс беруші екен деп, іш тарта сөйлестік. Кейіннен Мұқан Әтенұлының ғылымға қосқан үлестерін осы сайттан біліп, қарапайымдылығына таң қалдық. Ең алдымен осындай ұлт жанашырларын жастарғарға жария етіп отырған осы сайтқа және Мұқан Әтенұлының еңбекқорлығы мен қарапайымдылығына группамның және өзімнің атымнан үлкен рахметімді білдіргім келеді. Ағай шұбыртпай сөйлеңдер деп үйрететін еді. Бірақ.......
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Дуйсалиев Абдихали 2016-01-28 09:22
шын журектен куттыктаймыз! От басына жаксылык,жумсыннын жемисин кор. Сени мактан тутамын. Бакытты бол.......
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Қоңырбаева Сараш 2016-01-28 09:21
Мұқан Әтенұлының ғалымдығы өз алдына адами болмысы ерекше тұлға екен. Қазақтың осындай азаматтары көп болсын!Ғалым ретінде елімізде импакт-факторлы журналдарға жариялаудан да алда тұрған тұлға. Жетістіктеріңіз көп болсын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ерсаева 2016-01-28 09:21
Саламатсызба Мукан агай? Мен сиздин 2013 жылы битирип кеткен шакирттериниздин биримин. Сизге коп-коп рахмет жане жумыстарынызда коптеген табыстарга жетиниз. Аркашан да денсаулыгыныз мыкты болып, жеке омиринизде де тек куанышты саттер коп болсын деймин. Кайнар Университетинин шакирти Ерсаева
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Даметкен Сагидуллаевна 2016-01-28 09:20
Құрметті ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ, саламатсызба? Қалыңыз қалай? Мен Дәметкен Сағидуллақызы, ЕҰУ-де жұмыс жасаймын. Ғылыми жағынан бірлестікте жумыс жасасақ деген ой бар. Ғылыми жетістіктерге жете беруіңізге және жан ұялық бақыт тілеймін.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту