Омаров Еренғайып Сәліпұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1948 жылғы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Үржар ауданында туған. 1972 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітіріп, 1972-1982 жылдары Павлодар индустриалды институтында оқытушы болып қызмет атқарған. 1976-1979 жж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін бітірген. 1981 ж. физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Гамма сәулесінің кремний және хром ядросынан шағылуы» деген тақырыпта диссертация қорғаған.

Көптеген шетелдік басылымдарда және Халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда мақалалары мен баяндамалары жарияланған. 1982 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 1983-1993 жж. Қыздар Педагогикалық институтында доцент болып қызмет істеді, ғылыми лабораторияға жетекшілік етті. Физика ғылымы саласында 3 ғылыми жаңалық ашты. 1996 ж. профессор ғылыми атағын алды.

1991 жылы жоғары білікті мамандар даярлау үшін өзін-өзі қаржыландыратын жаңа типті жоғары оқу орны - ҚАЙНАР университетін құрды және Ректоры болып сайланды. Ол республикада жеке меншікті оқу жүйесінің негізін қалаған бірден-бір университет болып табылады. Тұңғыш талапкерлер 1991 жылы музыка, қазақ тілі және мектепке дейінгі педагогика мамандықтары бойынша қабылданған. Алғашқы жылдары Мәскеу халықаралық қатынастар университетімен (МГИМО) бірлесе жұмыс жасады. Қазақстанда алғаш рет халықаралық қатынас, экономика және құқық мамандықтарын ашуға атсалысты (1992 ж.). Лицензия ұғымы енгізілген кезде алғашқы жоғары оқу орны ретінде мемлекеттік сынақтан өтіп №1 лицензияға ие болды. ҚАЙНАР университеті ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қойылатын талаптарға сай жұмыс жасап келеді. Тиісті мерзімдерде акредетациядан және бірнеше дүркін аттестациядан өткен (соңғы рет 2010 ж.). 1994 ж. ректор Е.С.Омаров Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болып, университеттің қал-жағдайымен таныстырды. 2002 ж. Е.С.Омаровтың Қайнар университетін құруда атқарған еңбегі жоғары бағаланып Францияның өнеркәсіп кәсіпорындар қолдау ассоцациясының алтын медалімен марапатталды. Университет жанынан «Қайнар университетінің Хабаршысы» журналы тұрақты түрде шығып тұрады. 2000-2003 жж. Университет жанында тарих ғылымдары саласында кандидаттық диссертациялар қорғау кеңесі, ал қазіргі уақытта Қарағанды университетімен Біріккен докторлық диссертациялық Кеңесі жұмыс жасайды. Университет ашылған кезден бастап аспирантура бөлімі қызмет етіп келді. Көптеген шетелдік университеттермен әріптестік қарым-қатынас орнықтырған. Соның нәтижесінде ҚАЙНАР университетінің студенттері мен түлектеріне шетелдерде магистратура және докторантура оқу бөлімдерінде білімдерін жетілдіруге толық мүмкіндіктер жасалған.

Қазіргі кезеңде университеттің алты факультетінде 19   мамандық   бойынша   төрт   мыңнан   астам   білімгер   бакалавр   және   магистр академиялық дәрежесі бойынша білім алуда.

Жетік ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1995 жылы Е.С.Омаров Қазақстан Респуликасының Жаратылыстану Ғылымдары академиясының құрылуына белсенді түрде ат салысты, Президенті болып сайланды. Академия аз уақыт ішінде дүниежүзі ғалымдары мойындайтын дәрежеге жетті. Академия мен оның мүшелері халықаралық деңгейдегі сыйлықтармен марапатталды. Е.Омаров 2008 жылы Академияның ұлттық деңгейдегі академияға айналуына зор еңбек етті. 2009 жылдан бастап ҚҰЖҒА-ның Вице-президенті қызметін атқарады. «Қазақ өркениеті» идеясының авторы және оның теориясы мен тарихын зерттеуші. Аттиланың - Еділ патшаның портретін тауып, оның өмірбаянын кешенді түрде зерттеді. Франция жерінде салынған Аттила музейіне экспонаттар жинауға, оның іске қосылуына үлес қосты. «Қазақ өркениеті» атты жаңа ғылыми бағытты қалыптастырып, «Қазақ өркениеті» концепциясының авторы атанды. Қазақтарда көшпенділікпен қатар өзендік өркениет болғандығын, ертедегі қазақтардың кеме жасағандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Қазақ өркениетінің - көшпенділік, қалалық, өзендік, әскери, егіншілік, дала өркениеттері болып бөлінетіндігін айқындады. «Қазақ өркениеті» концепциясы жаңа ғылыми бағыт ретінде республикада және шет елдерде қолдауын тапты. ҚАЙНАР университеті жанындағы Қазақ өркениеті және тарихы ғылыми институтын ашуға ұйытқы болды. «Қазақ өркениеті» журналының Бас редакторы.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001, 2005 жж.); «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2005 ж.); ҚР-ның жоғары білім үздігі, ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін белгілермен; Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының (РЖҒА) П.Л.Капица медалімен (2000 ж.), Францияның өнеркәсіп және кәсіпорындар ассоциациясының алтын медалімен (2002 ж.), Еуропа жаратылыстану Ғылымдары Академиясының медалімен (2005 ж.), Халықаралық «Бөбек» қорының Алғысымен марапатталған (1994 ж.).

Е.С.Омаров - Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, Европа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Нью-Йорк ғылым академиясының толық мүшесі. Ғалым ретінде ¥лы Жібек жолын басынан аяғына дейін, яғни Пекин мен Ыстамбул аралығын жүріп өтіп, Халықаралық география қоғамының (Португалия) толық мүшесі болып сайланды.

Сорбон (Париж II) және ФАКО (Париж) унверситеттерінде (2001 ж.) Қазақ өркениеті жайында лекция оқыған. Англия, Қытай, Франция, Австралия, Германия, Португалия, АҚШ, Түркия, Ресей, Египет т. б. мемлекеттерде Халықаралық конгрестер мен конференцияларда қазақ өркениеті, тарихы, білім мен ғылым салаларының өзекті мәселелері жайында баяндамалар жасады. Италияныц Болонья қаласында Қазақстан Республикасының жиырма екі және алыс шетелдік он тоғыз жоғары оқу орындарының ректорлары қатарында 2010 жылдың 17 қыркүйегінде университеттердің ¥лы Хартиясына ҚОЛ ҚОЙДЫ.

Еңбектері: 1. Краткая история казахской цивилизации. А., 2005; 2. Қазақ өркениеті. Пекин, 2008 ж.; 3. Аттила. Цивилизаторская роль. А., 2006.; 4. Аттила. Жизненный путь. А., 2006.; 5. Портреты: Степь глазами извне от Геродота до Гумбольдта, (бірлескен автор), Алматы, 2000; 6. Иллюстрированная история Казахстана. Т.Г, Алматы, 2001 - кітабында материалдары жарық көрді. 7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік (бірлескен автор). Алматы: «Ғылым» баспасы, 1992 жыл. 8. Қазақша - қытайша сөздік. 70000 астам сөз. Жауапты редакторы. Үрімші, 1449 бет, 2010 ж. 9. Атомдық және молекулалық физика. А. -6.128. 2007. 10. Brief History of the Kazakh Civilization. Алматы. 2000.

«Қазақ өркениеті» және «Аттила және өркениет» атты монографиялық еңбектері жуық арада жарық көрмек.

E.С.Омаров    100-ден    астам    мақалалардың    авторы,    оның    бір    бөлігі    шетел  басылымдарында жаряланған.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Ержанова Айнаш Турганбаевна 2016-01-27 16:29
Сәлеметсіз бе?Мен Астана қаласы Қайнар университеттінің студентімін.Сізге осы наурыз айында Астанадан Алматыға арнайы жолыққалы келгенмін шаруаларыңыз тығыз болып қабылдайалмаймын деп секретаршыға айтқаннан соң біз сізге өтініш пен түсініктеме жазып.Забира Бекешовнаға оз қолымен тапсырып сізге беруіңізді өтінгенмін содан әлі сізден хабар күтіудемін. Менің өтінішім бойынша тікелей хабарласуыңызды сұранамын.Бірақ бір жан баласы проректор,оқу бөлімінің басшыларынан дұрыс бағыт бағдар аламадым бір- біріне сілтеп өзімді кінәләп.Дипломымды алам ба? әлде аламаймын ба? Бірақ менде бұл істі аяқсыз қалдырмаймын.Сізден бір жауап күтемін.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту