Нұрмамбетов Эмиль Исабайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Нұрмамбетов Эмиль Исабайұлы – Қазақстанның жетекші геоморфологы, ҚР БҒМ География институтының бас ғылыми қызметкері Алматы қаласында, педагогтар отбасында 1934 жылдың 7 қарашасында дүниеге келді. Ата-анасы – Нұрмамбетов Исабай мен Мұхамеджанова Зайнаб – Советтік Қазақстанның қалыққа Білім беру ді ұйымдастырушылар және белсенді қатысушылары.

Ол Алматыда орыс орта мектебін бітіргеннен кейін 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, геология-география факультетін 1958 жылы «кен орындарын іздестіру және барлау» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Университетті бітіре салып, қазақстан геологиясы мен геоморфологиясының негізін қалаушылардың бірі Г.Ц. Медоевтің шақыруымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтына жұмысқа кірді. Осында Э.И.Нұрмамбетов лаборанттықтан бастап, ғылым сатыларынан  түгелдей өтіп 1991 жылға дейін еңбек етті.

1991 жылы ол конкурстық негізде Қазақ КСР ҒА-ның География институтына өтті. Мнда ол жаңа құрылған геоморфология зертханасын басқарды, қазір де сонда жемісті еңбек етуде.

Э.И. Нұрмамбетов геоморфология саласында кең танымал ғалым. 1958 жылдан бері ол Қазақстанның түрлі аудандарында  жүргізілген бедерді, неотектониканы, неоген-төрттік шөгінділерді зерттеу бойынша түсірілімдік және сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып келеді. Бірқатар материалдары Солтүстік Евразия бойынша халықаралық басылымдарға енген  республика аумағының түрлі масштабтағы тақырыптық карталарының редакторы және авторы.

Ол бедер элементтерінің, пішіндерінің және түрлі тұрпаттарын жасқа, морфологиясына және шығу тегіне қарай жіктеудің ұстанымдарын (принциптері) жасауға , Қазақстан және бұрынғы КСРО аумақтарының карталарының легендаларын (шартты белгілер) қалыптастыруға қатысты. Оның қаламынан бірқатар ірі монографиялардың бөлімдері (Геология СССР, том ХХ; Геология и металлогения Северного Казахстана; Рельеф Казахстана) шықты, сонымен бірге көптеген ғылыми мақалалар мен есептер. Ондағы материалдар Батыс, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның бедерлерінің құрылымы мен даму тарихының астарларын қамтиды. Э.И. Нұрмамбетов өз зерттеулерінде маңызды қолданбалы мәселелерді шешуге жол ашатын жер беті бедерінің геологиялық құрылыммен нақты байланыстарын табуға көп көңіл бөлді. Ол ашқан Индер тұз күмбезіндегі оқпалық пішіндердің орналасуы мен кеңістіктегі даму заңдылықтары іздестіру ұғңғымаларының санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ол ашқан заңдылықтар  борат және калий-магнезийлі шикізаттардың қорын есептеуде қажетті коэффициент енгізуге жағдай жасады, есептеулердің дәлдігі жақсарды.

Э.И. Нұрмамбетовтың Солтүстік Қазақстандағы бұрынға палеогендік теңіздердің жағалық шекараларын анықтау бойынша жасаған әдіснамалығы аса маңызды. Айтылған шекаралар циркон мен техникалық алмаздардың шашырандыларын анықтаушы фактор. Шашырынды алтын мен жерасты суларының кен орындарын  іздестіру үшін болашағы зор  Орталық Қазақстанның ежелгі гидрологиялық желісінің аңғарларының үлескілерін картаға түсірудің әдістері жөнінде де осыны айтуға болады.

Орталық және Шығыс Қазақстанның түрлі бөліктерінде жүргізген көпжылдық далалық байқаулардың негізінде Э.И. Нұрмамбетов салыстырмалы түрдегі тектоникалық тыныштық дәуіріндегі үдерістің күшеюіне байланысты Сарыарқаның бедерінің даму тарихын  және үгілуін анықтады  Ол дәлелдеген инфильтрациялық қабық қалыптасу теориясы жас жанартаулықтың стратификациясы, ежелгі аңғарлардың тектік табиғаты және палеогеографияның өзге де  бірқатар мәселелері жөніндегі дискуссиялық  мәселені шешуге көмектеседі.Э.И. Нұрмамбетов соңғы онжылдықтардағы өзінің зерттеулерін Батыс Қазақстанда өткізіп жүр. Онда ол бедер қалыптасудың қазіргі замандық табиғи-антропогендік үдерістерін қарастыруда. Геоморфологияның мұндай бағыты мұнай-газ саласының қарқынды даму аудандары үшін аса маңызды экологиялық астарға ие . Э.И Нұрмамбетовтің көмірсутек шикізатын барлау және алумен, магистральді құбырлар салумен айналысатын бірқатар компаниялардың кеңесшісі болуы кездейсоқ емес.

Оның жұмыстарында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің тайыз сулы қайраңының жағалаулық геоморфологиясы ерекше орын алад. Ол теңіз деңгейінің соңғы 10 мың жылдық өзгерісінің жер беттік және суасты шекаралары анықталды. Бедердің табиғи ерекшеліктерін және антропогендік қорғау ғимараттарын  ескере отырып  жағалаудың түрлі үлескілеріндегі желбөгеттік сулардың мүмкін болатын таралу шекараларын анықтады. Каспийдің морфологиялық және генетикалық өзгешіліктері бар қазақстандық жағалауының жағдайы анықталған, олардың түрлі деңгейдегі  теңіз дамуының болжамы берілген, мұнай өнімдерінің апатты төгілу жағдайындағы құтқару жабдықтарын орналастыру үшін келу жолдары ұсынылған.

Э.И. Нұрмамбетов басқаратын топ Каспийдің қазақстандық жағалауының ірі масштабты геоморфологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрологиялық және геоэкологиялық карталарын құрастырды. Осымен қоса Арал теңізі бойынша осыған ұқсас жұмыстардың серіктес авторы ретінде, ол өзіне бір табиғи зонада өтіп жатқан қарама-қарсы құбылыстарды (қазіргі замандық Каспийдің трансгрессиясы мен Аралдың регрессиясын) ғылыми мақсатта максимал пайдалануды мақсат етіп қояды. Мұндай керемет «табиғат зертханасының»  нысанында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өшпес маңызға ие.

Динамикалық бедері қазіргі кезде болмаған антропогендік ықпалға ұшыраған Каспий теңізінің қайраңын зерттеу жөніндегі Э.И. Нұрмамбетовтің жұмыстарын атап өту қажет.

Халықаралық концорсмумдардың қолдауымен Солтүстік – Шығыс Каспийдің тайыз сулы қайраңының айтарлықтай бөлігіні терң зерттеуге қол жеткізді. Су табаны бедерінің морфометриясын, желдік толқын мен маусымдық ағыстардың ықпалымен болатын түп шөгінділердің тасымалдану жолдарын, сең қалыптасу кезеңіндегі мұз алаңдарының бедерге әсерін анықтады.

Көп жылдардағы материалдардың талдауы кіретін зерттеулер Казақстанның тайыз сулы қайраңының алғашқы геоморфологиялық картасын жасауға мүмкіндік берді. Онда суасты жазықтарының түрлі тұрпаттары,бедердің ірі генетикасы әртүрлі  пішіндерін  . ерекшеленді Мәліметтер базасының кеңеюіне қарай жасалатын карталардың масштабы да 1 : 200 000 дейін ірілене түсті, ал жеке үлескілер үшін және де ірірек (ұқсастық және векторлық нұсқалар). Еділ, Жайық, Жем өзендерінің авандельталарының дамуының, барлардың, қайырлардың, аккумуляциялық және алғашқы аралдардың түр өзгертуінің, Маңғыстау түбегінің абразиялық беткейлері мен бенчтерінің қайта құрылуының болжамын жасауға мүмкіндік туды. Құрылып жатқан жасанды аралдардың архипелагының және қосарлана жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстарының мониторингі олардың табандық бедердің динмикасына ықпалын, ағыстардың өзгеруін анықтайды. Мұның барлығы тайыз судың ерекше биотасында көрініс береді. Э.И. Нұрмамбетовтің Солтүстік Капийдегі зерттеулері қазақстандық теңіз геоморфологиясының негізін салды деуімізге әбден болады.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту