Меңліғазиев Есенгелді Жұмаділұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Меңліғазиев Есенгелді Жұмәділұлы 23.08.1942 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылында дүниеге келген. Есенгелді Жұмаділұлы Меңлігазиев еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін 1965 жылы бітірген соң, жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасында кіші ғылыми қызметтен бастады. Есенгелді Жұмаділұлы 1970 жылы химия ғылымдарының кандидаттық диссертациясын, ал 1989 жылы докторлық диссертациясын табысты қорғап шықты.

Е.Меңліғазиев 1993 жылдан профессор. 2001 жылы ҚР ХЖҒА мүше-корреспондент болып сайланды. Профессор Е.Меңлігазиев полимерлер химиясы саласында тек қана Қазақстан Республикасы мен ТМД және алыс шет елдерге, оның ішінде АҚШ, Англия, Германия және т.б. мемлекеттердің ғылымсүйер қауымына танымал көрнекі ғалым.

Есенгелді Жұмаділұлы 1970-1991 жылдар арасында Ғылым академиясы химия институтының ионалмастырғыш зертханасында кіші (1970-1976 жж.), аға ғылыми қызметкер (1976-1986 жж.), жетекші ғылыми қызметкер (1986-1989 жж.), негізгі ғылыми ғылыми қызметкер (1989-1991 жж.) міндетін атқарды. Е.Ж.Меңлігазиев 200-ден астам ғылыми жұмыстың, 3 монографияның авторы және 40 астам КСРО дәуірінде авторлық куәлік алған өнертапқыш ғалым. Екі рет өнертапқыш таңбасымен марапатталған.

«Ион алмастырғыш заттар» (1968ж.), «Көп функционалды ион алмастырғыштар» (1986ж.), «Неорганикалық химия курсы» (2011ж.) оқулықтарының авторы.

Есенгелді Жұмаділұлы 1991-1996 жж. Алматы Автомобиль жолдары институтында ғылым проректоры, 1996-1998 жж. Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі, 1998-2000 жж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ғылым және әлеуметтік проректоры, ал 2000-2003 жылдарда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және комммуникация академиясында тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2008-2010 жылдарда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және комммуникация академиясының кафедра профессоры қызметін атқарды.

Есенгелді Жұмаділұлы транспорт-коммуникация, педагогикалық мамандар дайындау салаларында жоғары білімді мамандарды оқыту және тәрбиелеуде өзін жоғары дәрежелі педагог, білікті ғалым ретінде көрсете білді. Е.Ж.Меңлігазиев 2010 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің химия кафедрасында профессор қызметін абыроймен атқарып келеді.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту