Елешев Рақымжан Елешұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1938 жылдың 13 маусымы күні Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданының «Саралжын» совхозында дүниеге келген. Қазақ.

 Әкесі – Әлібаев Елеш, марқұм болған. Анасы – Әлібаева Ұрқия, марқұм болған.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Биология және химия факультетін (1961 ж) бітірді, биология, химия мұғалімі, Қазақ ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірді, агроном-ғалым (1967 ж).

 Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1968 ж), докторы (1984 ж). Докторлық диссертицаясының тақырыбы: «Қазақстан топырағының фосфаттық режимі және ретке келтіру тәсілдері» Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры (1985 ж бастап), ВАСХНИЛ академигі (1994 ж), Білім беру Халықаралық академиясының академигі (Мәскеу, 1995 ж), ҚР ҰҒА академигі (1996 ж бастап), Қазақстан Жоғарғы мектебінің ҒА академигі (2002 ж бастап).

 285-тен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде, 7 монографияның, жоғарғы оқу орындары мен мектептерге арналған 9 кітап пен оқу құралының; тыңайтқыштарды пайдалану және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруге қатысты мәселелер бойынша түрлі басылымдарда жарық көрген 250 ғылыми мақалалардың авторы. Топырақтағы жылжымалы фосфаттың жаңа талдау әдістерін жасауға патенті бар (Ульрих әдісіне қосымша модификация, 1991 ж).

 Қазақша, орыс және неміс тілдерін біледі.

 КОКП мүшесі (1968–1991 жж).

 1971 жылдан бастап – Қазақ Ауылшаруашылық институтының доценті, профессоры. 1972 -1985 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы институтының топырақ-агрохимиялық факультетінің деканы.  1986 -1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы институтында ғылым жөніндегі  проректор. 1993 жылдан  Қазақ ауылшаруашылығы институтында бірінші проректор.

1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық аграрлық универсиитеті жанындағы Агробиология және экология ҒЗИ директоры, сонымен бірге агрохимия және топырақтану кафедрасының меңгерушісі.

КСРО ЖАК Сараптау кеңесінің мүшесі (1986–1990), ҚР ЖАК Сараптау кеңесінің мүшесі (1993–2000),  ҚР ЖАК Төралқасының  Сараптау кеңесінің төрағасы (2000–2003). ҚазҰУ жанындағы Диссертациялық кеңестің төрағасы (2004). КСРО Мемлекеттік сыйлығының, А.И. Бараев атындағы сыйлықтың  (2000), «Агрохимия және тыңайтыш қолдану жүйесі» оқулығы үшін А. Байтұрсынов атындағы сыйлықтың  (2003) лауреаты.

 «Құрмет» орденімен  (2005); «Ерен еңбегі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Тыңды игергені үшін» (1979, 2004), «Еңбек ардагері» (1989, 2001), «ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер», «Қазақстанның ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (ҚР ЖАК 10 жылдық мерейтойына), «Ғылыми еңбектерінің кешені және ауылшаруашылығы ғылымын дамытуға қөосқан үлесі» (1990), «Астананың 10 жылдығы» (2008), А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл (2008) медальдарымен марапатталған.

 Әскери атағы – кіші лейтенант.

Қазақстанның болашағына болжамы  – «Қазақстан таяудағы 5 жылда ВТО-ға енеді және әлемдік кеңістіктегі жетекші елдердің қатарына қосылады деп ойлаймын».

 Хоббиі – оқығанды ұнатамын.

 Әдеби қызығушылығы – тарихи кітаптар.

 Үйленген. Жұбайы – Айтхожаева Тұрғанай, химия ғылымдарының кандидаты, доцент. Ұлы  – Елешев М.Р., Ақпараттық технологиялар институтының директоры; қызы – Елешева А.Р.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту