Достай Жақыпбай Достайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жақыпбай Достайұлы Достай - география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ірі географы, геоэкологы, топонимисі, ҚР БҒМ География институтының су мәселелері бөлімінің меңгерушісі 1951-жылы сәуірдің 17-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі әулие ауылында қазақ шаруасының отбасында дүниеге келді. 1958-жылы Теректі жеті жылдық мектебінің 1-сыныбына барып, 1968-жылы Боралдай қазақ орта мектебін үздік бітірді. Мектептен соң бір жылдай өз аулында шопанның көмекшісі болып істеді.

1969 – 1975 жылдары зілзалаға ұшыраған Ташкент қаласын қалпына келтіру жұмыстарына Главташкентстрой трестінде тас қалаушы, электр дәнекерлеуші, биіктегі құрастырушы (высотник-монтажник) болып қатысты. Осы жылдары жұмыстан қол үзбей Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университетінің география факультетінде оқыды. Екі жыл Совет Армиясында борышын өтеді.

1975 – 1979 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің күндізгі бөлімінде  гидрология мамандығы бойынша оқып, гидролог−инженер дипломымен бітірді.

1979-1981 жылдары Қазақтың гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтында, Жайық гидрологиялық экспедициясының құрамында далалық ізденістер жүргізді.

1981 жылы ұшқан ұясы Қазақ Ұлттық университетіне арнайы шақырылып, онда Іле − Балқаш мәселелерімен айналысатын арнайы кешенді экспедицияны басқарды (1981-1986 жж.). Осы жылдары ол инженер, аға инженер, жетекші инженер, «Мелиоративті гидрология» салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

1986-1989 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының География институнда аспирант (гидрология, су ресурстары және гирохимия мамандығы бойынша). 1990 жылы қазанда Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында «Іле Алатауының олтүстік беткейіндегі өзендердің ағындысының түр өзгертуі» тақырыбында диссертация қорғап, география ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

1989 – 2002 жж. − География институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі сатыларынан өтті.

1999 жылы қазанның 15-де докторлық диссертация қорғады. Докторлық диссетациясы Орталық Азиядағы тұйық алаптардағы гидроэкологиялық жағдайларды басқару мәселесіне арналған. Жұмыстың негізгі тұжырымдары «Упраление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш» монографиясында жарық көрді.

 1997 жылдан география доценті , 2004 жылдан – геоэкология профессоры.

2002 – 2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің «Геоэкология және табиғи орта мониторингі» кафедрасының меңгерушісі, университеттің Үлкен ғылыми кеңесінің мүшесі, география факультетінің ғылыми кеңесінң мүшесі.

2005 жылдан осы күнге дейін География институтының Су мәселелері бөлімінің ғылыми жетекшісі, меңгерушісі.

Ж. Д. Достайдың негізгі ғылыми-зерттеу жұмысы аридтік климат жағдайындағы тұйық алаптардағы су ресустарын басқару мәселелерімен байланысты. Ол Қазақстанның географиялық қоғамдастығы, гидрологтары, геоэкологтары және топонимистері арасында, сонымен бірге шетелдердегі географиялық орталықтарда гидрология, су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану салаларының ірі ғалымы ретінде танымал. Ол гидрология мен географияның жаңа саласы − гидроэкология бағытының негізін салушы. Білімнің осы бағытында Орталық Азияның тұйық алаптарының негізінде тұңғыш рет гидроэкологиялық жағдайларды басқарудың ғылыми негіздерін теориялық тұрғыда дәлелдеді.

Ж. Д. Достайдың ғылыми қызметінің тағы бір маңызды бағыты − трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселелерін зерттеу болып табылады. Бұл мәселе аса өзекті маңызға ие, себебі  Еліміздің су ресурстарының жартысына жуығы шекаралас елдердің аумағында қалыптасатындығында.

Оның шығармашылығының тағы да бір маңызды бағыты − қазақ халқы қалыптастырған жер-су атаулары мен географиялық терминдер. Географиялық атаулар мен аталымдардың қалыптасуының географиялық, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық негідері алғаш рет жүйеге келтіріліп, тұжырымдамасы жасалды. Осы бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның тікелей жетекшілігімен топонимия бағытында 4 кандидаттық, 1 докторлық диссертациялар қорғалды.

Жақыпбай Достайұлының қазақ тіліндегі ғылыми терминология мен жоғарғы дәрежелі мамандар даярлаудағы (университет және аспирантура, докторантура арқылы) еңбегі зор. Ол университеттердің география, гидрометеорология және су шаруашылығы мамандықтары үшін қазақ және орыс тілдерінде «Гидроэкология: табиғат суларын сарқылудан және ластанудан қорғау» атты арнайы дәріс дайындап, оқу құралын басып шығарды (1993 ж.). Тұңғыш рет университеттер үшін қазақ тілінде «Жалпы гидрология» оқулығын басып шығарды (Білім, 1996). Қазір оның өңделген, түзетілген екінші басылымы баспаға дайын тұр.

Оның қаламынан «Геология, география және геодезия», «Су шаруашылығы», (Рауан, 2000) және «Селтану/ Селеведение» (2007) қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер, «Су шаруашылығы» (2002), «География және геодезия» (2007) түсіндірме сөздіктер шықты. Бұл еңбектерде автордың шығармашылық әлеуеті туындатқан бірқатар гидрометеорологиялық, геоэкологиялық терминдер қазақ ғылыми тілінің айналымына түсті.

Оның гидрология, гидроэкология, геоэкология, география, су шаруашылығы, топонимия салалары бойынша жазған еңбектерінің саны 150-ден асады (Қазақ энциклопедиясында басылған 250-ден аса мақалаларды есептемегенде). Олардың 7-  монография, университеттер үшін 1 оқулық,  3 оқу құралы, орта мектептер үшін 2 оқулық жарық көрді.

Ол Венада, Гиссенде, Үрімшіде, Пекинде, Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Ташкентте, Бішкекте, Астанада, Павлодарда, Шымкентте, Таразда, Семейде т.б. өткен халықаралық, республикалық конференцияларда мақалалар жасады. Көптеген халықаралық ғылыми жиналыстарда төрағалық етті.

Жақыпбай Достайұлы қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласады. Ол халық шаруашлығы мен ғылым салаларында пайдаланылатын қазақша терминдерді бірізділікке (унификация) түсіруде айтарлықтай үлес қосты. Әр уақытта қоғамдық негізде Ғылыми техникалық білім жөніндегі комиссияның Мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі жауапты хатшысы, ҚР ҰҒА Жер туралы Ғылымдар бөлімшесінің терминологиялық комиссиясының мүшесі, Қазақ Ұлттық энциклопедиясының география редакциясының төрағасы, «География және геоэкология мәселелері/Вопросы географии и геоэкологии» журналының бас редакторының орынбасары, «Вестник КазНУ. Серия географическая», «Гидрометеорология и экология», «География және табиғат», «Экологическое образование в Казахстане» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, География институтының докторлық диссертациялық кеңестерінің мүшесі болып істеді. Қазір Қырғыз Ұлттық университетінде; Геология институтарындағы докторлпық кеңестердің мүшесі. Қазақстан Жоғарғы Аттестациялық Комиссиясының эксперті (сарапшысы).

Ғалымның жетекшілігімен ғылымның география (гидрология, су ресурстары және гидрохимия; геоэкология; топонимия; геоморфология; ландшафттану және т.б.), техника салалары бойынша 18 кандидаттық  2 докторлық диссертациялар қорғалды.

Ж.Д.Достайдың негізгі еңбектері:

1.Жалпы гидрология: Университеттер үшін оқулық  – Алматы: Білім, 1996. – 256 бет.

2. Арало-Сырдарьинский бассейн. Гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления. – Алматы: Дәуір, 2001. – 180 с. (соавторы Турсунов А.А. и Бурлибаев М.Ж.)

3.  Су шаруашылығы / Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002. -  392 бет (ұжым жетекшісі және негізгі автор)

4. Современное экологическое состояние бассейна озера Балкаш. – Алматы: Каганат6 2002. – 388 с. (в соавторстве)

5.Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балкаш. – Алматы: Каганат, 584 с. (в соавторстве)

6. Analysys of drain rows of the Syrdarya and Amudarya rivers and models of management by a level regime of Aral sea. – Almaty: Ewera, 2004. – 196 p.  . (Sadykov D.Sh., Cretaux J …).

7. География және геодезия./ Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы:Мектеп, 2007. - 264 бет (Авторлар ұжымы)

8. География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. − Алматы: Мектеп, 2003; 2007; 2010. – 328 бет. (авторлық ұжым)

9. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. − Алматы: Мектеп, 2003; 2007; 2010. – 328 бет. (авторлық ұжым)

Бұл оқулықтар орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде де 3 рет қайта басылып шықты.

10. Опустынивание: деградация земель. – Астана: Проект ПРООН, 2005. – 88 с. (Павличенко Л.М., Чигаркин А.В. и др.)

11. Селтану саласы атауларынының қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі, негізгі терминдер. – Алматы: РИИЦ АЗИЯ, 2006. – 184 бет7 (авторлық ұжым)

12. Wasserressourcen and deren Nutzung im Ile-Balchasch Becken. – Discussion Papers, #34, Giessen, November, 2006. – 76 p.

13. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістерінің негізі /Университеттер үшін оқулық – Алматы, 2008. – 128 бет (Д.А.Умутбаевамен бірге)

14. Управление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш. – Алматы: Изд.ИГ МОН РК, 2009. – 235 с.

15. Управление водоснабжением и водоотведением города Алматы. – Алматы, 2009. – 176 с.

16. Национальный Атлас Республики Казахстан (автор карт и редактор) – Алматы, 2006.

17. Республика Казахстан. 1 том. (автор и редактор) – Алматы, 2006.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Сергеева Айгүл Мақсатқызы 2016-01-26 16:30
Жақып Достайұлы! Сіздің география ғылымына сіңірген еңбегіңіз өте зор. География ғылымының қазақ тіліндегі ғылыми тілін қалыптастырушылардың көш басында Сіз тұрсыз. Әрдайым халқыңыздың арда ұлдарының бірі болып жүре беріңіз.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амангелді Назерке 2016-01-26 16:29
salemetsizderme dostar! Magan ‘‘su jane jer resustaryn korgau’’ takyrybynda malimetter kerek edi otinish!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту