Бесбаева Әсен Сүлейменқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген, қазақ.

1962 жылы БЛКЖО қатарына алынған. 1969 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды бітіріп, 1978 жылы – АВПШ-та тарих және қоғамтану мұғалімі, саясаттанушы.

1969-1972 жылдары – Қазақстанның ЛКЖО Алматы обкомында дәріс оқушы. 1972-1978 жылдары – Алматы қаласындағы Қазақстанның ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1978-1980 жылдары – АВПШ тыңдаушысы. 1980-1981 жылдары – Алматы қаласындағы Ленин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1981-1982 жылдары – Алматы қаласындағы Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1982-1986 жылдары – Алматы қаласындағы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.

1986-1988 жылдары – Шымкент партия обкомының хатшысы. 1988-1991 жылдары – Қазақ КСР Министрлер кеңесінің ДБ жалпы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Аппаратындағы бақылау секторының меңгерушісі. 1991-1994 жылдары – Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1998 жылдары – Өзбекстан мен Украинадағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі. 1998-2005 жылдары – Алматы қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары – «АПК» АҚ-ның және «АлЭС» АҚ-ның КБ бастығы. 2008 жылдан бері  – “KULAN OIL” ЖШС HR департаментінің директоры.

Комсомол аудандық комитетінің, қалалық комитетінің, обкомының және партия обкомының мүшесі, халық депутаттары аудандық, қалалық, облыстық кеңестерінің делегаты. Қазақстан комсомолының 15-съезінің делегаты.

“Құрмет” орденімен, екі медальмен, Қазақстан БЛКЖО ОК,  ЛКЖО ОК Құрмет грамоталарымен, БЛКЖО ОК «Комсомолдағы белсенді еңбегі үшін» белгісімен наградталған.

Менің өмірімдегі комсомол: Комсомол – өз өмірімдегі жарқын кезең болды. Бұл өмірімде қандай жетістіктерге жеткен болсам, солар комсомолдың арқасында орын алды деймін. Ол нағыз өмірлік тәртіпке шыңдаған мектеп іспеттес болды. Қазіргі уақытта осындай шыңдау мектебінен өткен жандарды кезіктірем. Негізінен, олар қай жерде жүрсе де даңқы артқан тұлғалар болып табылады. Олар – ұлтжанды азаматтар, өз істеріне аса берілген, елгезек әрі достықты қадірлей білетіндер. Және ол достықтары риясыз пәк. Адами қарым-қатынастағы бұл ізгі қасиеттерді бүгінгі жетекшілердің бойынан кездестіре бермейсің.

Меніңше, КОМСОМОЛҒА кезіккенімнің өзі менің жолымның болғаны деп түсінемін. Жақсы адамдармен кезіктім. Менің алғашқы комсомолдағы ұстазым – Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев болды. Комсомол қатарында шыңдалып жетілгенім үшін сол адамға барынша ризамын. Қазіргі кезде менің ең жақын жолдастарым – комсомол кезінен келе жатқан достарым. Біз өз арамызда бір жанұядай болып кеттік, қиыншылық кезіге қалса бірімізге-біріміз қол ұшын береміз, қуанышты сәттерде әрдайым біргеміз.

Менің пікірімше, БЛКЖО тарихын, комсомолдық басқару органдарының жұмыс атқару тарихын зерделеуіміз керек. Ол біздің қоғамымызға өте пайдалы, жастарды тәрбиелеуге де, болашақ ұрпаққа өнеге болуға да тиімді.

БЛКЖО 90-жылдығын тойлау комсомол ардагерлерінің мерекесі ретінде ғана емес, Қазақстан жастарының қозғалысы ретінде қайта жаңғырып, нәтижесінде республикамыздың билік органдарының жастарға деген қарым-қатынасын өзгертуге тиіс.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту