Байжанов Қайрат Балабиұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Байжанов Қайрат Балабиұлы 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына «Жаратылыстану» факультетінің «География және биология» мамандығы бойынша студент қатарына қабылданды.

1986-1988 жж. КСРО әскері қатарында борышын өтеді.

1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университетін «География және биология» мамандығы бойынша бітірді.

Ауылшаруашылығы ғылымдары кандидаты, доцент, 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған, 7 авторлық куәліктің, 2 инновациялық патенттің иегері.

1992-2001 жж. – Қазақ Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы «Картоп және көкеніс шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. Алматы облысы, Қарасай ауданы.

2001 жылы – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы. Тараз қаласы.

2002-2004 жылдар – «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті деканының орынбасары.

2004-2008 жж. – А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «География және биология» кафедрасының меңгерушісі. Тараз қаласы.

2008 жылдан – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту