Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , <a >xanax online</a> Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

- Ең алдымен сіздің кәсіби кызметіңіз туралы. Осындай көз тойғысыз сулулықтың иесі бола отырып тілшілік қызметті таңдап, теледидардан орныңызды іздегеніңіз тусінікті-ақ. Осы ісіңіз өзіңізге ұнайды ма?
- Жалпы адам баласы өмірлік жар таңдауда, сосын мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Екеуіне де таңдау жасағанда, шүкір, қателеспедім деп ойлаймын. Бұл үшін Аллаға алғысым шексіз. Журналистика саласы менің бала күнгі арманым деп жалған көлгірсімей-ақ қояйын. Себебі кішкентайымнан мұғалім болуды армандадым. Сол мақсатпен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түстім. Ол кезде телевизия саласында жұмыс жасаймын-ау деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген болатын. Алайда тағдыр мені мүлде басқа арнаға бұрып жіберді. 2004 жылы «Ана тілі» аруына қатысып, 1 орынға ие болдым. Сол сайыстан кейін мені «Хабар» арнасы шақыртты. Кастингтен өтіп, актер Ерлан Біләлмен бірге «Алтыбақан» бағдарламасын жүргізе бастадым. Ал бір жылдан кейін «НТК» телеарнасындағы «Соңғы ақпараттарды» жүргіздім. КТК арнасында 2006 жылдан бері қызмет етіп келем. Эфирге жаңадан шығып жүргенде талай сын естідім. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» ғой. Мақтағанға сеніп, «болдым, толдым» деуге болмайды. Әлі талай сын естиміз де, себебі үйренгенімнен әлі үйренерім көп деп ойлаймын. Камера - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Диктордың өз-өзін ұстауы, түр-келбеті, дауыс ырғағы, үстіндегі костюмі үйлесім тапқан кезде ғана халық жылы қабылдайды.
Жалпы журналистика- өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Журналистің жұмысы оңай емес, ол күнделікті жаңалықтарға беретін оқиғаға жеңіл қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аударып, көз жеткізіп барып беруге тиіс. Себебі тілшінің бір ғана қателігі - қанша көрермен бар, сонша мың халыққа зияны тиюі мүмкін. 30 минуттық жаңалықты тамашалаған көрерменге тілшінің жұмысы жеңіл көрінуі мүмкін, біткен іске қашан да сыншы көп қой, мақтай салады, немесе керісінше сынай салады, алайда бір ғана 2 минуттық сюжеттің астарында қыруар еңбектің атқарылатынын бірі білсе, бірі біле бермейді. Кейде диктор тікелей эфир барысында шатасып қалып жатады. Ал сол материалды тілші күні бойы жүріп, дайындады. Мұндай келеңсіздіктер туындаған сәтте алдымен халықтың, сосын журналистің алдында қатты қысылам. Эфир аяқталған соң ол адамнан міндетті түрде кешірім сұраймын.
Жанкештілікті қажет ететін, қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл салада қызмет етіп жүргеніме шүкіршілік етемін. Қызметім өзіме қатты ұнайды.
- Жалпы, әрбір қазақ қызы үшін үлгі, өнеге боларлықтай көркіңіз бен қасиеттеріңіз бар. Осы орайда не ақыл немесе кеңес айтар едіңіз сіңлілеріңізге? Былайша айтқанда, Қазақ қызының болмысы қандай болуы шарт"?
- «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» демекші, біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған. Нәзіктік пен өжеттілік бір бойынан табылатын қазақтың аруларына тәнті болған ақын-жазушыларымыз «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп әнге қосып, өлең шығарғаны жасырын емес. Ал жалпы қазақ қызының менталитетіне «қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық» сияқты қасиеттер кіретіні сөзсіз ғой. Мен осы қасиеттің бәрі «қазақ» деген қыздың барлығының бойынан табылса екен деп армандаймын.
Қазақ халқы қыз баланы «қонақ» деп есептеп, төрге отырғызады. Меніңше, қыз баланың барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты болып бойжетуіне анасы үлкен роль атқарады. Қазақта «Ана көрген тон пішер» деген мақал осыдан қалса керек.
Тарихқа көз жүгіртсек Домалақ ана, Айша Бибі, Ұлжан, Зере сияқты аналарымызды нағыз қазақ әйелдерінің символы деп білеміз. Ал бүгінгі күні «қыз» дегенде, көз алдымызға талантымен, тәлім-тәрбиесімен халықтың құрметіне бөленіп жүрген Бибігүл, Майра, Роза, Фариза сияқты апайларымыз оралатыны сөзсіз. Осындай дара тұлғаларға қарап мақтанасың, қуанасың, шаттанасың! Осы апаларымызды үлгі тұтып, еліктеп өссе, артымыздан бойжетіп келе жатқан сіңілілеріміз жаман болып өспейді деп ойлаймын.
- "Ана көрген тон пішер" деген мақалдың бүгіндегі өзектілігі қай деңгейде деп ойлайсыз?"
- Басында айтып өттім ғой, қыз баланың ибалы, инабатты болып өсуіне анасының атқарар ролі зор деп, алайда қазіргі күні қыз бала тәрбиесіне тек анасы ғана емес, бүкіл ел жауапты болып отыр ғой. Себебі технология дамыған бүгінгі күн - бала тәрбиесіне жан-жақты әсер етуде.
Міне, биыл тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болды, алайда кей жастар «тәуелсіз» деген сөздің мағынасын әке-шешесінен, ұстаздардан тәуелсіз болу деп түсінеді. Қазір бұрынғы кездегідей әр үйде сегіз-оннан бала жоқ, әрі кетсе 2 бала тәрбиеленіп отыр. Сондықтан «бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар» дегендей, сол жалғыздың асты-үстіне түсіп, дегенін жасап отырғаны жасырын емес. Уақыт өте келе қызының жаман қылығын көрген анаға тізе соғудан басқа амал қалмайды. Міне, осылай қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше. Жастар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Қаракөз қыздарымыздың арақ ішіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жаның түршігеді. Осындай әрекеттердің салдарынан қыздар жүкті болып, онан соң жасанды түсік жасатып, аналық құқығынан айырылып жатады. Батыстан бел түзеген түрлі жағдайлар біздің салт-санамызға өз әсерін тигізіп отыр.
- Қыздарымыздың киіну мәдениеті көңілден шыға ма?
- Көпке топырақ шашудан әрине аулақпын, алайда кей ата-анаға қарап отырып еріксіз жағаңды ұстайсың. Қыздарының бесіктен белі шықпай, ашық-шашық киінулеріне жол береді. Ол қыз мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. Есіл-дерті киім болып тұрған баланың ойында оқу, білім алу деген ой қайдан болсын... Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай Ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Қыз баланың ең қасиетті жері, әрине ол құрсағы емес пе? Дегенмен көптеген аруларымыз өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Әр адамның көзі түскен, ер-азаматтарымыздың ойы бөлінген кіндік тұсындағы құрсақта пайда болып, жетілген баладан қандай азаматты, қандай қазақ қызын күтеміз?
Теледидардан сандарын жылтыратып, кіндік тұсын ашып, денелерін жартылай жалаңаштаған қыздарды көрсететін клиптер күніне сан мәрте беріледі. Біз еліктегіш халықпыз ғой, бойжетіп келе жатқан қыздарымыз сол теледидар, ғаламтордан көргендерін істейді. Дәл солай киінеді. Сондықтан сіңілілеріме айтатын ақылым, біз қазақ қызымыз, ендеше әсемдіктің сұлу үлгісін біздің бойымыздан көруді көксеген ата-бабамыздың арманын аяқ асты етпейік. Етек-жеңемізді жинақы ұстайық. Мәселе киімнің бағасында емес, жарасымдылығында.
- Ашық киіну, бұрымды кесу, арақ пен темекі секілді теріс әдеттердің бой алуы неден?
- Заман өзгерді. Технология тым қарқынды түрде дамуда. Тіпті газет-журналды айтпағанның өзінде, қазіргі күні халық теледидарды көруді де қойып барады. Себебі ақпарат алдымен ғаламторға жарияланады. Қажетіңің барлығын дәл осы ғаламтордан табасың. Әрине бір жағынан бұл қуантатын жайт. Бірақ ғаламтордың жастардың тәрбиесіне пайдасымен қоса зиянын да тигізіп жатқаны жасырын емес. Бірде ғаламтор бетіне мектепте оқитын орыс қыздарының төбелесі көрсетілген ролик пайда болды. Ал бір айдан кейін дәл сондай «қазақ қыздарының» төбелесін тамашаладық! Бұған енді не дерсіз?!
Қыз-келіншектеріміздің арақ ішіп, темекі тартуы әлбетте, бұл үлкен қасірет. Себебі ана бойымен балаға дарыған жағымсыз қасиеттен ұрпағымыз уланары сөзсіз. Қыз-болашақ ана. Ал Ана бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесік тербетеді. Әйел болудың, ана болудың Алланың сыйлаған баға жетпес бақыт екенін қаркөз сіңілілерім түсінсе екен деймін...
Ерді ер қылатын да, жер қылатын да әйел екенін о бастан болжаған бабаларымыз жар мәселесіне байланысты өсиетті көп айтып кетті. Орта ғасырлық ақын Жүсіп Баласағұни үйленер кезде жар таңдауға қатысты төрт түрлі өсиет айтыпты: «Атақты әйелді алсаң, атағына тіленерсің. Бай әйелді алсаң, ұстап-тұтқан затындай меншігіне айналарсың. Сұлуды алсаң, сұлуға сенен басқа көзін тіккен көп, күйеу емес, күзетші боларсың. Ал, адал жарың – атағың да, байлығың, әрі сүйген сұлуың. Үшеуін де қондырғаның қолыңа», - депті. Сондықтан мен бүгінгі қыздарымыз ертең ақылды, ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болса екен деп тілеймін.
- "Қызға қырық үйден, қала берсе күңнен тыйым" деген нақыл неге қолданыстан шығып қалды?
- Иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел-шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Бірақ, бүгінгідей жалаңаштанып, езулеріне темекенің түтінін бұдақтатып, қаланың түнгі қонақтарына айналған аруларымызға қараған сәтте, бүкіл қазақ қыздарының болмысы өзгергендей болады. Тіпті, мектеп табалдырығындағы қыздарымыздың өзі тым еркінсіп кеткен. Халқымыз ертеден-ақ қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Бірақ көптеген қазақ қыздары сипағанды білмей, секіріп-ақ жүр. Өз басым қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына жыным келеді, рас айтам. Жарайды, өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатыр, оған да көндік. Бірақ, сол ұзатылған қыздарымыздың барлығы бақытты болып, барған жеріне тастай батып, судай сіңіп жатыр ма? Әрине, жоқ. Бір жылдан кейін-ақ баласын арқалап, жылап, еңіреп келіп жатады. Кім өз баласын сыртқа тепсін, кезінде жұртқа масқара болған ата-анасы қызын қайтадан үйіне кіргізіп жатады. Қарапайым халыққа кешіріммен қарағанымызбен, елдің тізгінін ұстап отырған беткеұстар зиялыларымыздың, қалам ұстаған қаламгерлеріміздің ішінде де өзге ұлтпен құдаласып, «құда мың жылдық» деп, ұлан-асыр той жасап, қыздарын ұзатып жататындары да аз емес. Мұның өзі қыздарымыздың ата-анасын тыңдамайтындығын білдірсе керек. Бұрындары әкенің қабығына қарап сөйлейтін қыз қазір әкенің қабағы түгілі атаның қабағына да қарамайды. Қазақта «әкенің сөзі - оқ» деген жақсы сөз бар, алайда біздің қоғамда бұл сөздің мәні де, қадір-қасиеті де қалмаған-ау шамасы.
Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген сөздері есімде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін. Отбасы тәрбиесінде әйел адамның орны бөлек. Міндеті мен жүгі ауыр. Ал қазақ қыздарының қанында бар «қасиет» бұл міндеттерді орындауға көндіреді. Тек ер деп сенген азаматымыз атына заты сай болса екен ...
Пікірлер
- .26.12.11 13:47
Жанат апай сіз маған қатты ұнайсыз, сізге ұқсағым келеді. Арқашан сәттілік сізбен бірге болсын, бақытты болыңыз.
- .29.12.11 19:58
Жанат апай, осы жылдағы “үздік тележүргізушілердің рейтингінен” бірінші орын алыпсыз, құтты болсын! Сіз соған лайықсыз!!!
- .01.01.12 15:19
Жанат, арбир казахтын кыздары озиниз сиякты ойласа гой! Рахмет Сизге! Бакыттын кушагында, отбасынызда келисимнин аясында бакытты гумыр кешуинизге тилектеспин!
- .15.01.12 15:31
Жанат апай! сіз “үздік тележүргізушілердің рейтигінен” 1-орын алыпсыз! Құттықтаймын!Сіз соған әрқашан лайықсыз!
- .26.01.12 12:58
Сәлеетсізбе! Калыңыз қалай? Сіздің айтып отырғандарыңыз өте орынды және бізге керек нәрсе. Осы айтқандарыңыз әрбіріміздің жадымызда әруақытта сатаулы тұруы керек және біз оған тырысамыз№ Сізге және сіздің отбасыңызға Алланың нұры жаусын!
- .05.02.12 23:02
Кәсіби білігі жоғары, текті азамат. Жеке басым жоғары бағалаймын, әрі сырттай тілектеспін. Ағалық көңілім осы. Мұрат Қожамқұл.
- .15.02.12 11:56
Жанат апай6 сіз сияқты менде кішкентай кезімнен журналист болуды армандайтынмын. Содан филология факультетіне түсіп, окуымды міне аяқтап, қазір газетте тілші болып жүрмін. Болашақта сіз секілді диктор болуды армандаймын. Болысуыңызды сұраймын.
- .21.02.12 12:48
Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы жұмысыңызға сәттілік, кәсіби біліктілігіңіздің бұдан да жоғарылай үсуіне шын жүректен тілектеспін! Алланың нұры жаусын!!!
- .22.02.12 08:11
Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана берші, періщтем!




















