Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , <a >xanax online</a> Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
ДАРА ТҰЛҒА

ҚР ҰҒА президенті,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
академик Мұрат Жұрынов
Әр ұлттың, мемлекеттің өз дамуында айрықша қарқынмен дамыған, бел белес жетістіктерге қарымдап емес, қарыштап ұмтылған кезеңдері болатыны анық. Өткен ғасырдың төртінші ширегінің соңғы онжылдығында қазақ даласы да сондай қарқынды дамуға бет ала бастады. Ұлттың ренессансындай болған бұл жылдары еліміз Тәуелсіздік алып, ақ түйенің қарны жарылғандай ұлан-асыр жақсылыққа кенелді. Өзі таңдаған басшысын, өзі сайлайтын дәрежеге жетті. Осындай шақты халқымыз да мүлт жібермей, осыдан 20 жыл бұрын, кемеліне келген, қарымы анық, қадамы нығыз азаматқа ел тізгінін сеніп тапсырды. Сол Басшы - Тәуелсіз Еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сенім ақталды. Мемлекетіміз дамыған елдердің алдында өзін нық ұстап, еркін мәмілелесетін болды. Терезесі тең, керегесі кең, ұлты ұйысқан, халқы қауымдасқан елге айналды. Әлеуметтік экономикалық ұшқырлық танытқан, аймақтағы көшбасшы атандық, мемлекеттілігіміз нығайды. Көршілес мемлекеттердің бәрімен шекарамызды бекітіп, делимитация жасадық. Алпауыт елдерден төнген қауіп-қатерлерге лайықты жауап қата білдік. Экономикалық түйткілдер біртіндеп шешімін тауып, елді саяси демократиялық жолмен дамыту үрдісін қолдадық.
Тұңғыш Президентіміздің көреген саясатына талай куә болдық. Соның бірі өз басымнан өткізіп, ыстық-суығына бірдей араласқан әйгілі Түркістандағы Қазақ-Түрік университетін құру барысында Елбасының ерлігінің куәсі болғандығым еді.
Есiмi түркi әлемiне мәшһүр болған Оғыз ханның астанасы, Ахмет Ясауи атамыз гүлдендiрген рухани орталықта - Түркістанда, сан ғасырдан соң, түркi тектес ұрпақтардың бiлiм ордасын салып, оның iргетасынан бастап барлық дерлік құрылысын тұңғыш Президентiмiз Н.Ә Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен, әрі қолдауымен жауапты орындаушысы болдым.
1991 жылы наурыз айында мені Оңтүстік Қазақстан облысыны4 басшысы С.А. Терещенко шақырды. Ол кезде мен Қарағандыда Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры, ҒА корреспондент-мүшесі, облыс депутаты, экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы едім. Сергей Александровичтің айтқаны – «өзіңіз білесіз, біздің облыс республикамыздың ең үлкен облысы, бірақ университетіміз жоқ, сондықтан осындағы институттарды біріктіріп, бір университет жасамақпыз, Нұрсұлтан Әбішұлының келісімі бар, сол болашақ университетке Сізді ректорлық қызметке шақырып отырмыз». Мен, әрине, келісім бердім. Өйткені, өзімнің туып-өскен, ұшып шыққан ұям, оның үстіне ағайын-туыстар да «Қарағандыда 10 жыл қызмет істедің ғой, біз болсақ қартайып барамыз, енді қайтпайсың ба?» деп жиірек айтатын болып жүр еді.
Бірақ кейін университет Шымкентте емес, Түркістанда ашылатын болды. С.А.Терещенко: «Мен Н.Ә. Назарбаевтан университет ашу туралы қайтадан сұрап едім, «Жарайды, ашыңдар, бірақ Шымкенттен емес Түркістаннан ашып, оған Ахмет Ясауидің атын беріңдер» - деп кесіп айтты» - деді. Одан кейін мені Білім министрі Ш. Шаяметов шақырып, «Сен қорықпа, бұл Елбасының өз идеясы, өзінің шешімі, сондықтан өзі тікелей қолдап жүретін болады, әрине, қиындық бастан асады, саған сеніп тұрмыз» - деді. 6 маусым күні Президенттің Жарлығы шықты, 7 маусым күні мен ректор болып тағайындалдым, 8 маусым күні Шымкентте, 9 маусым күні Түркістанда С.А. Терещенко барлық аудан, қала басшыларын жинап, қалалық партия комитетінің 1-хатшысы Н. Балхияевтың кабинетінде қысқаша жиналыс өткізіп, мені таныстырды (университет ұжымы әлі жоқ). Оның алдындағы бір кездесуде мен С.А.Терещенкоға «180 мың адам тұратын Түркістан ауданында, ең болмаса, 1 ғылым кандидаты жоқ екен, сондықтан профессорлар мен доценттер түгілі, жәй мұғалімдердің басым көпшілігін сырттан шақыруға тура келеді, оларға көптеген пәтерлер керек, онсыз бізге ешкім келмейді» - деген едім. Сол жиналыста аудан басшыларына тамаша коттедждердің суреттері салынған жобаларды үлестіріп беріп, Сергей Александрович «Міне, көрдіңдер ме, қандай коттедждерде университет профессор-мұғалімдері тұратын болады» - деді. Одан соң қаланың сыртына шығып, 40 коттедж салынатын «Коммунизм» колхозының жеріне бардық, мақта жаңадан қылтиып шыға бастаған. Аудан басшыларының бірі «Ой, мына студенттер де келіп қалыпты ғой» - деді, мақта талшықтарына қарап, бәрі ду күлді. С.А.Терещенко: «Жоғары жақпен келісіп, біз мынадай шешім қабылдадық - әрбір аудан өз қаржысына 2 коттеджден, ал Шымкент қаласы 10 коттедж салуы керек, уақыт аз, салқын түскенше, яғни 4-5 айда, үйлер бітуі керек» - деді.
Мен кейін білдім, Шымкент қаласына 5 коттедж салу ұсынылған екен, ал қала басшысы, менің досым Қуаныш Төлеметов 10 коттедж салып беремін депті. Жиналыстан соң, Сансызбай Бекбосыновтың шақыруы бойынша Кентау қаласына барып шәй іштік. Мен С.А.Терещенкоға «Сізге үлкен рахмет, бірақ мына құрылысты бақылау ісін кімге тапсырасыз?» - дедім. Ол баршаның назарын өзіне аударып, «Ал, жолдастар, бүгін біз Тұңғыш Президентіміздің тарихи шешімін іске асыруды бастадық. Құрылыс 3 күн ішінде басталсын, мен күнде ректордан мәлімет алып тұрамын, әр ай сайын осы жерде өзім жиналыс өткіземін. Бірінші болып бітірген фирмаға «Волга», екінші орынға «Жигули», үшінші орынға «Москвич» машиналары сыйға беріледі» - деді.
Жұмыс қызу басталып кетті, тамыз айында қабылдау емтиханын өткізіп, қыркүйекте бірінші оқу жылын бастауымыз керек. Оның үстіне, мұғалімдер жинау, оларға пәтерлер табу, коттедждердің құрылысы, т.б. осы уақытқа дейін есімде қалғаны, таңертең сағат 7.00-де жалға алған пәтерімізден жұмысқа шығып, кешкі сағат 11.30-12.00-де келіп жүрдік. Кейде тамақ ішуге шамамыз келмей, ұйықтап қалушы едік. Менің қасымда ректорат мүшелері профессорлар Б.Жаңабаев пен А.Ищановтар (Шымкент), Б.Байтанаев, А.Баешов (Қарағанды), А.Есалиев (Алматы) сияқты жоғары оқу саласын Москвада және басқа ірі орталықтарда жақсы меңгерген азаматтар болды.
Сондай-ақ, Елбасымыздың батыл шешімдеріне еліміз «әу» дегеннен-ақ тәнті болып, ерекше айтатын жайттардың бірі Қазақстан егемендік алысымен, КСРО республикалар арасында үлкен беделге ие болды. «Желтоқсан» көтерілісінен кейін жер-жерде біраз қуғын-сүргін көрген қазақ азаматтары қайтадан көңіл күйлері орнына келіп, Колбин кетіп, Н.Ә.Назарбаев сайланып, кеудемізді көтере ұстап, жүрген кезіміз еді. Біздің кеудемізде сенім ұялатқан Н.Ә.Назарбаевтың өте батыл іс-қимылдары болды. Тұңғыш Президентіміздің КСРО Жоғарғы Кеңесінде «бұдан былай біз ешкімнің белбеуінің астында жүрмейміз және ешкімге «кіші іні» болмаймыз» - деп, КОКП-ның қылышынан әлі қан тамып тұрған кезде, өзінің табиғи батырлығын көрсеткені, М. Горбачевтың тапсырмасымен Разумовскийдің түн ішінде телефон соғып, «Қазақстанда Президент сайламаңыздар» - дегенін тыңдамай, еліміздің нағыз егемендігіне батыл қадам басқаны, бізді тәнті етіп жүрді. Қазақ тілінің дәрежесін көтеріп, оған қарсы болған отандастарымызға: «сендер кімді тізе бүктіргілерің келіп тұр, еліне КАРлаг, ГУлаг, АЛЖИР орнатып, оның үстіне жеріне атом бомбаларын жарғанына қарамай, жер аударылып келген сендерге жеп отырған нанын бөліп беріп, рақымшылық жасаған халықты ма?» - деген сөздер азғыруға еріп адасқандарды сабасына түсіргені және т.б. елді басқарғанына аз уақыт болса да Н.Ә. Назарбаевтың халқымыздың арасындағы беделін шыңға көтерді. Москваға ғылыми конференцияға бара қалғанымызда «Ой, сендер жарайсыңдар, 86-ның желтоқсанында көтерілдіңдер, ал қазір Назарбаевтай басшыларың бар» - дейтін, әсіресе, прибалтикалықтар мен молдовандар. Бәрімізге белгілі, Москвадағы Жоғарғы Кеңестің жиналысында Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасын КСРО Министрлер Кеңесінің төрағалығына ұсынған Өзбекстанның депутаты, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Е. Юсупов болды. Кейін ол менің шақыруымды қабыл алып, Түркістан университетіне келіп жұмыс істеді. Өзінің ұсынысын Еркин-ака, ғалым ретінде, одан бұрын зерттеп, КСРО одақтас республикалары басшылары арасындағы ең білгірі де, ең алғыры да, табандысы да, жігерлісі де Н.Ә.Назарбаев екенін анықтап алғандығымен түсіндіреді және оны ешкім үгіттемегенін айтады. Бірақ, ол өзінің адал көзқарасы үшін Өзбекстанның жоғарғы басшылығы тарапынан көптеген қиындықтар көрді, қызметінен босатылып, академик басымен жұмыссыз қалған соң, бізге, Түркістанға келіп, өмірінің соңына дейін профессорлық қызмет атқарды. Н.Ә. Назарбаев Түркістанға жыл сайын дерлік келіп тұратын, келген сайын Қ.А. Ясауи кесенесінен кейін университетке келетін. Осындай бір жиналыста Елбасы: «Мұрат, анау 3-қатарда отырған Өзбекстанның Юсупов дейтін академигі емес пе?»- деді. Мен Еркін Юсуповтың университетке қалай келгенін айтып бердім. Сөзімнің соңында «Сізді көріп, бірауыз сұхбаттасуды армандап жүруші еді» - дедім. Жиналыстан соң Нұрсұлтан Әбішұлы Е. Юсуповпен амандасып, хал-жағдайын сұрап, әңгімелесіп болған соң «Бұл кісінің барлық жағдайын жасаңдар» - деп тапсырма берді. Кейіннен Еркін-ака «мен мұндай парасатты, әрі қарапайым, әрі ұлы қолбасшы, әулие адамды өмірімде көрген жоқпын» - деп жүрді.
Түркістанды қолдауға, қазақ халқының тарихи, рухани астанасы ретінде қасиетті мекені деп санауға кеңестік Москва еш уақытта оң көзбен қараған емес. Д.А. Қонаевтың өзі де кереметтей беделді бола тұрып, А. Ясауидің кесенесін жөндетуден әрі бара алмады. Москваның шешімімен Түркістан қаласын кемсіту үшін салғандай дәл қасынан әп-әдемі, тап-таза Кентау қаласы бой көтерді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз Жарлығымен, тозығы жеткен қала боп саналатын Түркістаннан университет ашуы қасиетті көне шаhарды жандандырып, қайта гүлдендірудің ең дұрыс, әрі оңтайлы жолы екенін одан кейінгі 18 жылдық тарих дәлелдеп берді. Ал ол кезде КСРО жақтырмайтын Түркістаннан университет ашуы Н.Ә. Назарбаевтың өз халқы үшін істеген және бір тарихи ерлігі еді.
Мамыр айының 29 жұлдызында Н. Назарбаев пен С. Демирель Түркiстанға келедi деген хабар жетiсiмен дайындала бастадық. Елбасы Протоколының қызметкерлерiне мәртебелі қонақтардың университетке келуi керектiгiн айтып, өтiнiш жасап, келiсiмдерiн алған едiк. Бiрақ 1 күн қалғанда университет тiзiмнен шығып қалғанын есiттiм. Барлық жұмысым күйiп кеткен сияқты болды. 1989 жылы ресми делегация құрамында Германияға барғанымда талай университеттердiң кампустарын көрген болатынмын. Сондай кампус салуды армандаушы едім. Ендi қайтемiз? Университет тағдыры шайқалғандай болды. Егер ертең екi ел Президенттері университетке келмесе ешқандай келiсiм-шарт та, университет қалашығы да болмайды.
Кешке қарай барлық проректорлар мен декандарды жинап алып ақылдастым. Қазақ-Түрiк лицейiнiң директоры Мұстафа да келдi. Университеттің тағдыры таразы басында тұр. Сондықтан, аэропорттан шығып, Президент кортежі университеттің алдынан өтіп бара жатқанда Н.Ә. Назарбаевтың бізге келуін өтініп, плакатқа жазып алып шығуды ұйғардық. Көкіректерін қызғаныш билеген жергілікті басшыларды осылай айналып өтуді жөн көрдік. Плакатқа алыстан көрінетін, әріптерінің бойын 1 метр етіп жаздық: «Нұрсұлтан аға! Өзіңіз ашқан университетке келіңіз, күтеміз!». Түнімен жазып шықтық, Мұстафа-бей де қалыспай, С. Демирелді шақырып, сондай плакатты түрік тілінде жаздырды. Таңертең аэропортқа бардық, Президенттер кортежі қалаға қарай жылжыды. Соңында келе жатырмын. Университеттің тұсында мыңдаған адамдар тұр, қолдарында плакаттар. Біздің студенттерге қосылып, жергілікті тұрғындар да көше бойына шығыпты. А. Ясауи кесенесіне келсем, облыс басшылығы «Н.Ә. Назарбаев маршрутты өзгертіп, университетке баратын болыпты» - деп жүр екен. Бірден университетке тарттым.
Көп ұзамай Президенттер кортежі де университет алдына келіп тоқтады. Көшеге бүкіл қала тұрғындары қосыла шығыпты, лық толы. Протоколдың тапсырмасын бұзып, студент-қыздарымыз Президенттерге арнап, өз қолдарымен тігіп, дайындаған шапандарын кигізіп жіберді. Нұрсұлтан Әбішұлы маған қарап: «Ал, Мұрат, бізді шақырғандағы айтпақ болған әңгімеңді бастай бер» - деді күлімсірей қарап. Қазақша, түрікше араластырып айтқаным: «А. Ясауи бабамыз екі елге де ортақ, Түркістан бүкіл түркі дүниесі үшін ортақ, сондықтан осы университет те екі мемлекетке ортақ болып «А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті» - деп аталса құба-құп болар еді» - дедім. С. Демирельге қарап, Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мен келісемін, Сіз ше?» - деді. Сүлеймен Демирель де «-олур!» - деді де қол алысты. Жиналған жұрт ұзақ қол шапалақтады. Қуаныштан жүрегіміз жарылып кете жаздап тұр. Біздің филфактың «Түрік тілі және әдебиеті» мамандығындағы студенттер С. Демирельдің жақсы көретін «Саман йолы» деген өлеңін айтып беріп, зайыбы екеуін таң қалдырды. Студенттер алдында Нұрсұлтан Әбішұлы қысқаша сөз сөйледі: «Сендер бақыттысыңдар, өйткені, осы университеттің бірінші студенттерісіңдер. Әрине, жаңадан құрылған университетте біраз қиындықтар болады, одан қорықпаңдар, көмектесеміз. Қайта қиындықпен, еңбекпен келген нәрсе құнды болады. Жақсы оқыңдар, тәрбиелі, отансүйгіш азамат болыңдар» - деді. Университеттің даму жолындағы өте маңызды шешім еді бұл. Кортеж жүріп кетті, әуежайда Президент көмекшісі Хайрулла Қабжановқа жолығып, төрт тілде – қазақша, орысша, ағылшанша, түрікше жазылған ұсынысымызды қолына аманат етіп тапсырдым. Ертеңіне туысқан екі ел басшылары Мазмұндамаға (Коммюникеге) қол қойғанын теледидардан көрсетті, яғни 1-мамырдағы ресми газеттерге басылады, ал газеттер Түркістанға 1-2 күн кешігіп келеді. Сондықтан 1-мамыр күні таңертең Алматыда тұратын досыма телефон соғып нәтижесін білдім. Газетке басылған Мазмұндамада біздің университетке Халықаралық статус берілу туралы өзіміз ұсынған текст бір пункт болып, өзгеріссіз басылыпты. Қуанышта шек жоқ, төбеміз көкке жете қуандық. Университеттің жарқын болашағына деген сенім нығайды.
Бұдан кейінгі ұйымдастыру жұмыстары да оңай болған жоқ. Қаншама бюрократтық қиыншылықтарды шыдаммен жеңіп өту керек болды, Түркия Үкіметінің талай кеңселерінің есіктерін тоздырдық. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Қ. Саудабаев және оның сол кездегі көмекшісі Қ. Сарыбаев біздің Келісім-шарттарға қол қойылуына көп жәрдем берді. Жарты жылдан соң Үкіметаралық Келісімге және жарты жыл өткен соң Университет Жарғысына қол қойылды. Екі мемлекет үшін де бұл білім саласындағы жаңа жол еді. 1993 жылы халықаралық университеттің тұсаукесері (презентация) болды, оған Н. Назарбаев Түркия Президенті Т. Өзалмен бірге келді. Бұл тойға бүкіл Түркістан жұртшылығы қатысты.
Университет қалашығының құрылысы 1995 жылы бірінші іргетасы Н. Назарбаев пен С. Демирельдің қатысуымен қойылды. Мен ол кезде Елбасының шақыруымен Білім министрі болып істеп жүрген едім. Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен мен Түркияға барып университет қалашығын салудағы паритетті қаржы бөлу мәселесін оңтайлы шештік. Ол жоба бойынша Түркия тарапы Қазақстаннан қаржы талап етпей өз үлесін сала беруі керек. Сол жоба бойынша Түркиядан, кері қайтпайтын 100 млн. АҚШ долларына тең қаржы бөлініп, университетке 30-ға жуық ғимарат салынды, Түркістаннан басқа төрт қалада (Шымкент, Кентау, Тараз, Алматы) университет бөлімшелері ашылды.
Түркістанның 1500 жылдық мерейтойына дейін университет ірі университеттер қатарына қосылып, олардың алдыңғы шебіне шықты. 600-ден астам оқытушы, олардың 93-і ғылым докторы, профессор, 276 ғылым кандидаттары болды. Жер серігі арқылы істейтін университеттің «видеоконференция» аудиториясын студенттерге бірінші лекцияларын оқып Н. Назарбаев пен С. Демирель ашты. Екеуі арасы мыңдаған километр болатын екі қалада бір-бірін көріп тұрып сұхбаттасты.
Университетте түркі әлемінің 6 дербес мемлекетінен, Ресей Федерациясының 6 республикасынан және тағы басқа жерлерден келген студенттер дәріс алады. Мұның астарында терең мағына жатыр. Өз тiлiн ана сүтiмен бойына сiңiрген қазақ жастары болашақта әлемнiң кез келген мемлекетiндегi бiлiмдi де, бiлiктi кадрлармен, мамандармен иық тiрестiре алады. Осы университеттi ашудағы бастапқы мақсатымыздың өзi де Қазақстанды бүкіл түркі әлемінің ата жұрты екенін көрсету, тәуелсiз мемлекетiмiздiң мәртебесiн зайырлы, көкiрегi ояу азаматтары арқылы әлемге таныту және Түркі дүниесінің балаларын, яғни болашақ ірі азаматтарын достастыру болатын. Сондықтан ұстаз-ғалымдарды iрiктеп таңдауда да жершiлдiк-жiкшiлдiкке, тамыр-таныстыққа жол бермеуге тырыстық.
Жалпы айтқанда, қаланың гүлденуіне, әсіресе, өсіп келе жатқан жастар үшін университет өте зор роль атқарып келеді. Түркістанның қайтадан дүние жүзіне танымал болуына да университет пен онда жиналған зиялы қауым, ірі ғалымдар теңдессіз ықпал жасады. Қаланың 1500 жылдық мерейтойы да келгендерді әсемдігімен таң қалдырған университет қалашығында, мәдениет сарайында өтті. Бұл елімізге үлкен абырой берді.
Алматыда өткен соңғы Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төралқасының кеңейтiлген мәжiлiсiнде сөйлеген сөзiнде Н.Ә.Назарбаев: «Алдағы жиырма бiрiншi ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемiн. Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейлiне сай етiп ұлан-ғайыр жер берген, жаны үшiн малын, ары үшiн жанын садаға ететiн ер берген. Қазақтың жерiнде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнауына қажеттi жағдайдың барлығы бiзде бар. Бұл үшiн бiз ең алдымен елдегi тыныштықты сақтай алуымыз керек, ерiнбей-талмай еңбек етiп, экономикалық қуатымызды жаңа заманға сай қайрап, шыңдап, ширатып шығаруымыз керек» — деген болатын. Иә, туған елiмiзде, қазақ жерiнде ғасырлар тоғысында жарқын болашаққа барар жолда тамаша iстер жүзеге асырылуда. Тәуелсiздiк туын көкке көтерген қазақ елiнiң, күллi түркi халықтарының тағдырын ғылым мен бiлiмге иек артқан қазiргi жастар белгiлейтiн болады. XXI ғасырдың бiлiм мен ғылым ғасыры болатынына ешкiм де күмән келтiре алмайды.
Қазақстан елі жаңа Тәуелсіз ел атанып, өз жұртының тілегімен, өз елінің жүрегімен үндескен тіршілік кешуге көшті. Сондай сәтте, ең алғашқы әрекеттің бірі де көрегендікпен, елге деген жанашырлықпен біздің жерімізде орын алған әлемдегі ең ірі Семей полигонында ядролық сынақ жасаудан бас тарту болды. Осы ұлы Абай, Шәкәрім мен Мұхтарлардың туған өлкесіндегі ядролық сынақтар өткізу полигоны Елбасымыздың Жарлығымен бұдан 20 жыл бұрын жабылды. Қасіреті көп, ылаңы әлі бірталайға созылар қауіптің апаны жабылды. Жарты ғасырға жуық жарылыстардан көз ашпаған полигонды қысталаң кездің өзінде-ақ, Кеңестік елдердің құрамында тұрған қытымыр заманда көреген басшымыз Н.Ә. Назарбаевтың тайталаса жүріп атқарған қыруар қызметінің арқасында жабылғаны белгілі. Бұл туралы Елбасымыз өзінің Семей ядролық полигонында сынақ жүргізуге тиым салудың 20 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде былай деп айтты: «Менің Жарлығыммен Семей сынақ алаңының жабылғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бірақ, бұл оңайға түскен жоқ. Оған біз халқымыздың қайсарлығы мен күш-жігерінің, ауызбірлігі мен жылдар бойғы табанды іс-қимылының нәтижесінде қол жеткіздік. Полигонды жабу егемендігіміздің арқасында жүзеге асты».
Елбасының бұл ерлігі - біздің елімізге әлемнің дамыған елдерінің өз жеріміздің қауіпсіздігіне, халқымыздың бейбіт жолмен өсіп-өркендеуіне кепіл болды.
Тағы да өзім куә болған, Елбасының ерлігіндей елеулі іс – Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясының қабылдануы барысындағы білім беруге қатысты 30-шы бабының қабылдануы болды. Конституцияның сол 30-шы бабын дайындауға Білім министрі ретінде біз де араластық. Қаржы саласының мамандарымен пікірталастық туғызған орта білімнің тегін және міндетті түрде берілуі қажет деген сөздер болды. Осы аса маңызды екі сөздің міндетті түрде жазылуын талап етуге көштік. Сол кездегі қаржылық органдар мен Премьер-министрдің сөзін сөйлеп тұрған банк басшыларына дейін осы екі сөзге шүйлікті. Оларды да түсінуге болады, елдегі жағдай өте қиын, қаржы, қаражат жетіспей тұрған кез. Конституцияның редакциялық комиссиясының төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Н. Шәйкеновке «Нағашыбай, сен екеуміз ертелі-кеш, уақытымыз келгенде, әйтеуір, бір кетеміз, бірақ Конституция деген ғасырларға қалады ғой. Барлық мектеп ақылы болса, келешек жеткіншектер не істейді. Бас-аяғы 10-15 жылда-ақ Қазақстан Пәкістан мен Тайланд сияқты жартылай сауатсыз елге айналады ғой» деп турасын айтып салдым. Екеуміз түнгі сағат 24.00-ден кейін сөйлесіп отырмыз. Ертесіне таңертең Елбасы біздің жобамызды қолдап, еліміздің болашағын жарқын ететін 30-шы бапты осы күйінде енгізіп, Конституцияның мәтініне қол қойды. Бұл Елбасының тағы бір ерлікке пара-пар ісі болды.
Тағы бір ауыз толтырып, мақтанышпен айта алатынымыз - біздің Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жетекші ірі ғалым – экономика ғылымдарының доктары, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Экономика саласындағы фундаменталды еңбектері үшін және сол ғылыми жаңалықтарды практикалық өндіріске енгізіп, елімізді жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткізу ісінде дүниежүзіне белгілі жетістіктері үшін Тұңғыш Президентімізге эксперттік комиссияның бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, ҚР ҰҒА-сының №1 «Үлкен Алтын» медалі академияның 60-жылдық мерейтойына арналған салтанатты сессиясында тапсырылды.
Елбасымыздың көреген саясатының бірегейі деп Еліміздің жаңа Елордасын – Астананы салу ісін мақтанышпен айтуға болады. Астана – арманның нағыз шындыққа айналғанының нағыз көрінісі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ТМД елдерінің ішінен суырылып шығып, тұңғыштардың қатарында өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Осындай келелі өзгерістер мен кемелді жаңарулар Елге де, Елбасшысына да қанат бітіріп, еуразия кеңістігіндегі озық үлгідегі бас қала атануға күн санап лайықтанып келе жатқан Астананы – жаңа Елорданы салуға бастады. Аздаған жылдар аралығында жас қала, ару Астана бой түзеп, көз тартты. Бұл шын мәнінде, елдігіміздің, мемлекеттігіміздің беріктігін, ұлттар достығы мен қазақстандық халықтың еңбекқорлығы мен бірлігінің, ынтымағының жемісіндей қала. Кемел келешекке, толымды толқынысқа, бекімді бекініске айналар Елордамыз біздің мақтанышымыз, Елбасшымыздың Еліне арнаған ерен еңбегі.




















