Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , xanax online Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Жауынгер Жұматов

Дала әлі қараңғы. Тосыннан жеткен ғаламат тарсыл-гүрсіл түн тыныштығын дүр сілкіндірді де, артынша дүние астаң-кестең болып жүре берді. Казармада ә дегенде ешкім мұның не екенін бірден ұға алмады. Жер сілкініп, найзағай ойнап жатқан шығар деп те ойлады. Артынша денені түршіктіре: «Жолдастар! Соғыс басталды!» деген әлдекімнің ащы даусы естілді. Ә демей-ақ, маужыраған маусым түні қызыл отқа оранды.
Ғаббас қызмет ететін Қызыл тулы орловтық № 6 атқыштар дивизиясы Брест қамалының оңтүстік қапталында, қаладан алты-жеті шақырым қашықтықта орналасқан-ды. Оның құрамында қазақстандықтар да көп болатын. 125-атқыштар полкінде Алматы облысының өзінен ғана 15 адам болатын. Атап айтқанда, сержанттар: Иманқұлов, Ергешов, Сарыбаев, қатардағы жауынгерлер: Сарпеков, Айтбаев, Болдырев, Кравченко, Жигарев, Жанпейісов, Технеряднев, кіші офицерлер: Ш.Шолтыров, У. Гаджиев, С. Лебедев, Н. Дамурин, С. Арыскин, дәрігер-хирург - Мыржақып Нығматуллин, полк писарі - Ақан Айтбаев және басқалар. Ғаббас Жұматов қызмет ететін батальонда Александр Сопиков, Мақсат Ниязов, Сергей Лебедев, Қажымұрат Сыздықов, Мұртаза Қаралиев, Михаил Шаповалов, Владимир Фурсов, Александр Леонтьев, Николай Шахов, Петр Егоров, Нұрым Сыздықов, Қыдияр Жаншаров, Орынбай Әбдібаев, Тұрар Сатыбалдин бар еді. Тірі қалғандар лезде жиналды, келіп жеткен кіші лейтенант У. Гаджиев командирлікті өз қолына алды. Құралған топты қалашықтан Пугачево деревнясына таман алып шығып, орман шетінде қорғанысқа әзірледі. Мән-жайға қанығып, қимылды үйлестіру үшін өзге әскери бөлімдермен байланыс орнату қажет. Бірақ алдын-ала шақыру белгілері тағайындалмаған, байланысқа шығу қиын болды. Ашық мәтінмен эфирге шығу қауіпті, сырыңды жау біліп қояды. Сондықтан Ғаббас командирге «далалық жаттығу кезінде қолданылып жүрген байырғы шақыру белгілерімен эфирге шығып көрсек қайтеді», - деп ұсыныс жасады. Өзге амалдың жоқтығын сезінген командир сержанттың бұл пікірін құп көрді. Әрине, бұл сәтте төңіректегі барлық бөлімдер де алғашқы соққыдан есін жия алған жоқ болатын. Шақыруға бірінші, екінші дивизиондардың бір взводы мен батареясы жауап берді.
Осы сәт жол үстінде жау танктері көрінді. 152-миллиметрлік гаубицалар тажал танктерге қарсы оқ ата бастады. Ғаббас барлау пунктінде арттағы дивизион командирінің бұйрығын жауынгерлерге жеткізіп тұр.
– Жұматов, Жұматов! Тыңда! Бір расчетке командирлікті өзің ал. Өліспей беріспе! – дивизион командирінің қарлыққан даусы рациядан үзік-үзік шығып, анық естілмеді.
Рацияны радистің қолына ұстатып, расчетқа келді. Ғаббас Жұматов, Қыдияр Жаншаров, Орынбай Әбдібаев, Тұрар Сатыбалдин…
Төрт қазақ жігіті азалы таңның алғашқы оқтарын жау танкісіне қарай бағыттауға кірісті. Еуропаның таза топырағын арам аяқпен таптап, құмырсқадай қаптап келе жатқан қара крест темір тажалдар…
– Атыңдар! – Ғаббастың өктем үні үш жігіттің жанталасқан шалт қимылына ұласты. Тажал темірдің топ-томпақ төбесі лау ете қалды. Буг өзенін қанға бояған неміс «Фердинанды» жалын құшты. Ажал дегенің адам қуанышының қасында түк емес екен. Төрт жігіт демде бір құшақ боп үйіріле қап, «уралаған» сәтте адам мен ажал арпалысы ұмытылып кеткендей, лезде орындарын тауып, екінші танкті көздей бастады.
– Атыңдар! – Ғаббастың өктем даусы шықты. Топырақты ұнша илеп, алға тырмысқан танктің шынжыр табаны сау етіп, сыпырылып қалды. Осы сәт көздеуші Тұрар Сатыбалдин ыржиып командирге қарады. Ғаббас сарт етіп люкті ашып, адымы кесіліп, жан сауғаламақ болған қара киімді екі фашисті көздеп тұрып, басып-басып салды.
Жау жағы жауап ретінде артиллериямен және минометпен атқылай бастады, төбеден неміс бомбардировщиктері төпелеп өтті. Әуеден тиген соққыдан кейін бес жауынгер қатардан шықты. Ғаббас аяғынан жеңіл жараланды. Жау шабуылы төрт рет тойтарылды. Фашистердің бесінші шабуылы шағын топтың әскерлеріне тіпті ауыр тиді. Соған қарамастан, олар жан аямай жұлқысып, жаудың ілгері жылжуына үлкен кедергі келтіруге тырысты. Оқ-дәрі таусылған соң ғана зеңбіректі істен шығарып, өздері кейін шегінуге мәжбүр болды. Қансырап жатқан жер бетін жылытпақ ниетпен дөңгелек күн де шапағын төгуге таяды. Ғаббас болса, мызғып кетпеуге шаршаңқы көңілін сендіріп, шалқасынан жатсын. Бірақ… адам жанын керемет әсерге бөлер мүлгіген тыныштық ұзаққа созылмады. Мотор даусы кең даланы бірте-бірте шарлап барады. Жігіттер орындарынан атып-атып тұрды. Оң қолдарымен винтовкаларын қыса түсіп, белдеріндегі гранаталарын жайымен сипады.
– Танктер!..
Іле бір жауынгердің қуанышты даусы құлағына жетті.
«Өзіміздікі, өзіміздің танктер! Соғыс темір тұлпарының төбесіндегі тармақталған Қызыл Жұлдыз көзге анық көрінді. Ұрыстың бірінші күнінде көңіл аптығуы әрі-сәрі болып буырқанған кейбіреулер пилоткаларын бұлғап, қарсы жүгірді. Командир аң-таң. «Немістің майдан шебін бұзып, танк колоннасы қалай орманға өте қойды екен? Қалай жылдам өте қойды екен?!»
– Кейін қайт!
Ешкім де естір емес.
Арада аз-кем уақыт өткенде ғана буырқанған көңілдер өз қателіктерін түсінді. Бірақ кеш еді. Темір тажал адамдарға қарсы оқ атты. Командир еңбектеп барып бір гранатаны шынжыр табан астына тастап үлгерді, кейін қарай қайта атылғанда бомба шұқанағына гүрс етті. Құлақты тұндырған жарылыс… Машина орнында кілт тұра қалып, лезде жалынға оранды.
… Ғаббас жер бауырлап, кері жылжып отырып, қалың орманға жетті. Ағаш бұтағын сындырып алып, өзін-өзі сүйемелдеп алға адымдады. Аяқ басқан сайын мазасызданған бір нәрсе алпыс екі тамырымен жүйткіп, төбе құйқасына бір-ақ жетеді. Осылай қазақ солдаты Ғаббас Жұматов түнімен майдан шебін бетке алып жүріп отырды. Таңертең… Қарға адым жердегі аяқ дыбысын құлағы шалды. Бұлар армия бөлімдерімен кездеспекке шығысқа қарай жол тартқан бір топ кеңес жауынгерлері еді. Олар аяғымен әрең тұрған жиырма жасар жас қазақты қатарына қосып алды. Сөйтіп, Ғаббас ұзамай-ақ қатарға қосылып, Брянск орманы түбінде жаңадан құрылған 537-полктің бір артиллерия дивизионына радиобайланыс командирі болып тағайындалды.
Иә, бұл соғыстың небәрі алғашқы күні еді. Арада бес ай өткенде ол Бородино алқабына жақын жердегі Звенигород қаласының түбінде ұрысқа қатысты. Бұл кезде ол әбден шыңдалған, оқ пен оттан өткен тәжірибелі взвод командирі болатын.
Бір күні қатардағы жауынгер Астапов екеуіне жау күшінің орналасуы жөнінде рация арқылы дәл бағдар беру мақсатымен, алдағы фашистер орналасқан биіктердің біріне көтерілудің сәті түсті. Көп ойланып– толғанып жатуға уақыт жоқ, қайткен күнде де жауға есеңгірете соққы беруді қамтамасыз ету қажет
– Зеңбірекшілерден біз тұрған жерге оқ атуды өтінуіміз керек, – деді Жұматов серігі Астаповқа бұрылып.
Екеуі де осыған келісіп, үнсіз құшақтасып қоштасты.
– Сендер, немене, – естеріңнен адастыңдар ма? – Наушниктен командирдің қаһарлы үні естілді. Ол күйінгеннен ұрысып та жіберді.
– Біз қатты өтінеміз! Ғаббас жағдайды түсіндіріп, айтқанынан қайтпады. Артынан координаттарды хабарлай бастады. Дәлме-дәл бағдар өз дегенін істеді. Зеңбірек оқтары барған сайын жау шебіне дәл түсіп, Жұматов пен Астаповтың жандарынан жарыла бастады. Жау шебінің ойраны шығып, әскерлерінің берекесі кетті.
Мұның бәрі Ұлы Отан соғысының ардагері Ғаббас Жұматовтың майдан өмірінің алғашқы жылындағы шағын көріністер ғана. Ол 1942 жылдың аяғында Томск қаласындағы командирлер курсын бітірді. Сонан соң 2-Украин майданының құрамындағы 5-Дондағы гвардиялық казактар атты әскер кавалериясының 150–артиллеристер полкінде Отанымызды жау шеңгелінен азат етуге офицер ретінде өз үлесін қоса білді. Фашистердің Корсунь –Шевченко, Яссо – Кишинев тобын жоюға, Румыния, Венгрия, Австрия елдерін жаудан тазартуға қатысты. Әлденеше рет жараланып, көрсеткен ерліктері үшін І-дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, тағы басқа да медальдармен марапатталды.
Соғыстың соңғы оғын Австрия астанасы Вена түбінде атқан Ғаббас 1946 жылы елге оралып, жиырмадан асқан жасында студент партасына отырды. Қазақ университетінің тарих факультетінде оқыды. Сұр шинельді шешпей, білім кәусарына бас қойған сол бір шақ бәрінен де қымбат. Майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың кейіпкерлерінің арасында Ғабекең де жүр еді. Ғабекең 1950 жылы университетті үздік бітірген соң аспирантураға қалдырылды. Кандидаттық диссертация қорғап, тарих кафедрасында 45 жылдан астам жемісті еңбек етті.
Ұлы Жеңістің 30 жылдығы құрметіне орай Бресті қорғаған төрт қазақстандық жауынгерді Брест қамалындағы салтанатты еске түсіруге шақырды. 1960 жылдардан бастап 90-жылдарға дейін Ғаббас Жұматов Франция, Италия, Венгрия, Болгария, Чехословакия, Румыния және басқа елдерге бірнеше рет сапарға шығып, Ұлы Отан соғысы туралы дәрістер оқып, естеліктер айтқан. Дөңгелек стол басында Италияның, Францияның, Югославияның жоғары оқу орындары студенттерімен, Италия – КСРО қоғамының мүшелерімен кездесті.
… Кеңес – француз достық қоғамының және Нормандия – Неман авиация полкінің командирі П. Пуйядтың тікелей шақыруымен Бресті қорғаған қазақ солдаты Ғаббас Жұматов 1965 жылы 9 мамырда Парижге келді. Француз жұртшылығы кең – байтақ Кеңестер Одағына, адамзатқа төнген қауіптің алғашқы түнін бастан өткерген кең маңдайлы, қысық көз, қара торы қазаққа ыстық қошемет, зор ықылас танытты. Олар Отан солдатынан қасірет түнін қалай қарсы алғанын сұрады. Ғабекең сол түні ұйқысын қашырып, көңіл хошын кетірген мазасыз көңіл күйін айтып берді. Сосын Нормандия – Неманның әйгілі генералдары Н. Пуйяд, В. Валдэн үшеуі Мон-Валериан алаңындағы «Күрескер Франция» мемориалында ескерткіш суретке түсті. Бұл сурет мемориал мен Кеңес – француз достығы қоғамы қазақ бөлімшесінің төрінде ілулі тұр.
Ғабекеңнің соғыстан кейінгі еңбек жолының бәрі де Қазақ мемлекеттік университетімен тығыз байланысты. 1979 жылы республикамыздың Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша оған «Қазақ ССР Жоғары мектебінде еңбек сіңірген қызметкер» атағы беріліп», Республика алдында сіңірген еңбегі үшін медалі қоса тапсырылды. Жастарға патриоттық тәрбие беру жолында ерекше табыстарға жеткені үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жарлығымен Жоғарғы Кеңестің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Бұдан бөлек Ғабекең Қазақ ССР Жоғары білім министрлігінің, Бүкілодақтық соғыс ардагерлері комитетінің тарапынан Құрмет дипломдары мен грамоталарға ие болып, Қазақстанның шетелдермен достық және мәдени байланыстар қоғамы тарапынан Венгер Халық Республикасының «Алтын алқа» медалімен марапатталған. 2004 жылы мамыр айында ҚР Президентінің жарлығымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталды.
Тілеу Көлбаев
тарих ғылымдарының докторы