Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , xanax online Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Қазақша сөйлейтін, билейтін, ән айтатын қуыршақтар жасағалы жатырмыз
– Қыдырәлі мырза, қазір не тындырып жүрсіз, немен айналысып жатырсыз, шұғылданып жүрген шаруаларыңызбен бөлісе отырсаңыз…
– Рахмет! Аллаға шүкір, бүгінгі таңда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтарымыз көп, алған асуларымыз, бағындырған белестеріміз көңіл қуантарлық. «Ұлытау» тобының құрылғанына 10 жылдың жүзі болды. Тек Қазақстанда ғана емес, әлемде болмаған жаңалықты ойлап табу үшін екі жылдай тынбай ізденуге, тер төгуге тура келді. Сырт көзге оңай көрінуі мүмкін, бірақ ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттемей, мұндай топты жасау еш мүмкін емес. «Қайтсем, қазақтың қара домбырасын қазіргі жастарға насихаттап, болашаққа аманат етіп жеткіземін. Батысқа еліктеп бара жатқан ұрпақты қалай да қос ішекке бет бұрғызамын» деген намыстың алдаспанын жалау етіп, іске кірісіп те кеттік. Домбыраның қоңыр үніне гитара мен скрипканы қосып, Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Нұрғисаның күйлерін, Бах, Вивальди, Паганинидің туындыларын үйлестіре орындау аса тап-қырлықты, кәсіби шеберлікті талап етті. Алдымызда ұлттық мұраны эстрадаға сүйене отырып тыңдату міндеті тұрды. Осы жолда жан аямай тер төгіліп, керек болса, музыканттармен студияда таң атқанша кірпік қақпай өткізіп, табанды ізденуге тура келді. Осы еңбектің жарқын айғағы – бүгінгі «Ұлытау» тобы. Алғаш 2001 жылы Голливудта орындаушылық шеберліктен өткен әлем чемпионатына қатысып, алтыннан алқа тағып, 86 мемлекеттен келген үміткерлердің ішінен Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Сол жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының «Музыка» аталымы бойынша «Үміт» сыйлығы тапсырылды. 2004 жылы түрік эстрадасының танымал жұлдызы Тарканның концертіне қатысып, түрік аға-йындарға таңдай қаққызды. Бірте-бірте музыканттар құрамы кеңейіп, домбыра, скрипка, бас гитараға электрлі гитара, күйсандық, барабан қосылды. 2004 жылы Польшада өткен концерттік турдан кейін «New Century Media Group LTD» маркетинг және сатылым» компаниясының директоры Томас Маккарти хабарласып, «Ұлытау» тобымен Ұлыбритания, Шотландия, Франция елдерінде турне өткізуге ұсыныс білдірді. «Сабақты ине сәтімен келіп» Италияның сегіз қаласында концерт қоюға қол жеткізілді. Сондай-ақ «World Muzic Netbork» компаниясының өкілі Луис Миттон Құрманғазының «Адай» күйін этно-рок жанрындағы шығармалар енетін әлемдік жинаққа енгізуді сұрайды. Бір-бірімен осылайша жалғасқан екі жақты келісімдер топты жыл өткен сайын алға сүйрей түсті. Вьетнам, АҚШ, Германия, Корея, Колумбия, Украина, Ресей мемлекеттеріндегі гастрольдер табыспен аяқталу дәстүрге айналды. 2006 жылы топтың «Жұмыр қылыш» альбомы аспаптық топтар арасында әлем бо-йынша төртінші орынға көтерілді. Тірілей ойнаудың қыр-сырын меңгерген музыканттар қатарына ресейлік орындаушылар да шақырыла бастады. Ол аз десеңіз, «ІMusіc Records GmbH» әлемдік деңгейдегі дыбыс жазу компаниясының өкілдері - вице-президент Марко Квирини мен атқарушы директор Анар Рейбонд Алматыға арнайы келіп, қазақстандық музыкалық топқа «құда» түсіп кетті. Еуропада 500 мың жинағы сатылған «Ұлытау» тобына «Алтын диск» белгісі тапсырылды. Германиялық телеарнадан «Ұлытау» тобының «Жұмыр қылыш» бейне клипі көрсетілген кезде неміс халқы этно-инструменталдық жанрдағы музыканттарымыздың шеберлігіне тәнті болып, онлайн дауыс беру нәтижесінде бірінші орынға шығарды. Бүгінгі таңда «Ұлытауды» әлемге танымал қазақстандық бірден-бір топ деп ауыз толтырып айта аламыз. Тағы бір үлкен жаңалық, өндіріспен айналысып жатырмыз. Жақында алғаш рет қазақтың сөйлейтін, билейтін, ән салатын, әңгіме айтатын, сапасы жоғары қуыршақтары пайда болады. Ұлттық киім мен қазіргі заманға сай киім үлгілерін араластыра отырып үлгісін жасадық, бірақ тілі қазақша болады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл бар емес пе қазақта, осы қуыршақтар арқылы аңыз, әңгімелерімізді, ертегілерімізді насихаттаймыз. Гангконгтың «Барби» қуыршақтарын шығаратын ірі компаниясымен келісімшарттарын жасасып, патентін қорғап келдім.
– Сонда бұл қуыршақтарды нарыққа қай уақытта шығаруды жоспарлап отырсыз?
– Қазір нақты ештеңені кесіп айтқым келмейді. Ең бастысы, қуыршақтардың үлгісі жасалып, өндіріске жіберіліп жатыр.
– «Ұлытаудың» аты әлемге шарықтады. Әуелде топты құрғанда мұндай биік белестерді бағындырам деп ойладыңыз ба?
– Адам алдына мақсат қоймаса, ісінің алға басуы, өсіп-өнуі еш мүмкін емес. «Ұлытауды» құру жай ғана мақсат емес, ол – қып-қызыл ізденіс, қып-қызыл ғылыми зерттеулер. Компанияны ұлғайту, оны әрі қарай дамытудың заңдылықтарын меңгеру сынды әлемде маркетинг саласының өзіндік заңдылықтары бар ғой. Бәзбіреулер секілді бір топты құрып алып, оған пәленбай миллион салып, оны айналдырып отыру қажет емес. Мен әлі күнге дейін оған миллион салып көрген емеспін. Оған жұмыс істеу керек. «Топты ана жаққа апарамын» дегенге Қазақстанда кім миллион бере салады?! Оның миллионнан миллиардқа бергісіз екенін ешкім пайымдай бермейді. Өйткені, ол – имидж, яғни, абырой. Үндістер дегенде біз көз алдымызға аттың үстіндегі, бұлшық еттері бұлтиған, керемет шабандоз жігіттерді елестетеміз. Ал, сіз ойлаңыз, Англия, Германия, Финляндия, тағы басқа елдерде қазақ халқы дегенде көз алдына нені елестеді? Мүмкін, Н.Назарбаевты таныр, бір ғана адамды. Ал халық ретінде мәдениетіміз арқылы танытпасақ, біздің образымызды өзгелер еш елестете алмайды. Халқымыздың мәдени имиджін қалыптастыру үшін міндетті түрде «Ұлытау» сияқты топтар керек. Бұл топ тек қана Болмановтың емес, мемлекеттің тобы болуы керек. Шүкір, мен бүгінгі таңда осындай топ жасауға болатынын, олар өздерін әлемге мойындата алатындарын дәлелдеп болғандаймын. Америка кімге тегіннен-тегін бас жүлдесін береді, олар тек қана саф өнерге бас ұрады. Сәтбаевта өткен концертке өзі қазақ, әйелі неміс, Германияда тұратын екі адам келді. Белгілі себептермен «Ұлытаудың» Германияда өткен концертіне қатыса алмай қалыпты. Содан әлгі азаматтар қызмет бабымен Астанаға келіп, интернеттен концерттің Сәтбаев қаласында өтетінінен хабардар болады. Алып-ұшып, Астанадан арнайы Сәтбаевтағы концертке келіпті. Төрттен бастап мәдениет сара-йының маңында жүріп, «қандай бағаға болса да концертке билет сатып аламыз деп» жар салып, билет тауып кіріпті. Мен қатты таң қалдым. Мәдениетті өнердің биігі деп түсінетін адамдар – мәдениеті өте дамыған адамдар. Олар фанат болып жүре беретін жас балалар емес. Қай қазақ концерт үшін Астанадан Сәтбаевқа ұшып келеді?! Сондықтан осындай топтарды қолдап, бүгінгі таңдағы бағындырған белестерінен де жоғарыға шығаруға ел болып ат салысуымыз қажет. Әлі-ақ «Ұлытау» тобы әлем жұлдыздарына айналады, қараңыз да отырыңыз. Аллаһ Тағала маған мұндай парызды, үлкен жауапкершілікті артты ма, сол жолда өзі күш-қуат береді.
– Ұлт мәдениетіне қызмет ете бастаған сәттеріңізді тәуелсіздік таңы атқан жылдармен байланыс-тырады екенсіз. Осы төңіректе не айтасыз?
– Ұлт мәдениетіне «Азия да-уысынан» бастап қызмет ете бастадым деп есептеймін. Өйткені, алғаш мен термені эстрадаға қосып, «Азия дауысында» көрермен назарына ұсындым. Оған дейін жалпы қазақ эстрадасында терменің үлгісі жасалып көрген емес. Заман ағымына сай техника мен технологияның да мүмкіндіктері зор болып келеді. Біртіндеп дәстүрлі музыканың ауылы алыстап барады. Қарапа-йым мысал, Ұлытау-Жезқазған өңірінде соңғы жылдары дәстүрлі концерттер өтті ме, жоқ. Неге олай? Осыдан жиырма жыл бұрын Қайрат Байбосыновтың, Секен Тұрысбектің, Бекболат Тілеуханның концерттері болатын. Соңғы жылдары гастрольдік сапармен тек эстрада әншілері, өнер театрларының өкілдері ғана келіп жүргенінен хабардармыз. Технология дамыған сайын, оның алпауыт күші бәрін басып барады. Сондықтан, дәстүрлі музыканы синтездеп, эстрадаға қосып, көзімізден кетірмеу жолында тірлік етіп жүрген жайым бар.
– Өзіңіз құрған орындаушылардың құқығын қорғайтын «Демеу» одағының жұмысы туралы не айтасыз?
– «Демеу» одағы – сапасыз клиптер мен әншілерді экраннан алыстатып, авторлық құқықты жолға қоятын болады. Өнер иелерін бір ортаға біріктіріп, күріш пен күрмекті ажыратпақ. Есептеп, қаттап, 2005 жылы тіркеттім. Ол заң биыл, яғни, өзі күшіне енбек. Заң күшіне енгеннен кейін әр орындаушының құқығы қорғалады. Бүкіл мейрамхана, қонақ үй, телерадио кешендері орындаушы құқығына ақша төлейді, яғни, орындаушыны адам деп тани бастайды. Әу баста мұндай одақ біреу ғана болатын, кейіннен заң күшіне енісімен жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай топырлап кетті, әлі де көбейетіні сөзсіз. Негізі, бұл істің тізгінін бастаған адамның қолына беру керек. Жасыратыны жоқ, көбінің іздегендері ақша. Одан басқа одақтың жұмысын жүйелейік, арнасын кеңейтейік, өсіп-өнейік деген сияқты армандарының көп емес екеніне мен сенімдімін. Ертеңгі күні күтпеген одақтар бір-бірімен жаға жыртысып, орындаушылардың миын қатыратын болса, онда ортақ істен ештеңе де өнбейді. Егер, мәмілелі сөзге келіп, одақтың жұмысын жандандырайық дейтін азаматтар болса, онда 2005 жылдан бері бұл істі қолға алған мен жүргізе алам ба, әлде көшке тосыннан қосылған топтар ма, ол жағын өздеріңіз па-йымдай беріңіздер. Жоғарыда айтқанымдай жағдайлар орын алатын болса, қолымды бір сілтеймін, себебі, олардың әрқайсысымен айтысып жүретін менің уақытым жоқ.
– Сонда бес жылғы еңбекті еш кетіресіз бе?
– Неге еңбегім еш кетеді? Менің әзірлеп отырған арнайы бағдарламам бар, осы сәуірдің басында біз аккредитация алуымыз керек. Оны алғаннан кейін бұл заң толық күшіне енеді де, біз ерікті жұмыс істейтін өкіліне айналамыз.
– Меншікті мекеніңізге барлау жасасақ, жеке шаруашылығыңыз бар ма?
– Осы Ұлытау-Жезқазған өңірінен марқұм әке-шешем еңбек еткен үлкен фермадан ертеректе жер сатып алғанмын. Сол жерде ағаларыммен бірге өзімнің шаруашылығым бар. Қазақтың ойыншықтарын шығаратын «Бал бала» компаниясы басқа компанияларымның ішіндегі ең ірісі болмақ. Жиырма жылда біз бірде-бір қазақ қуыршағын жасамаған елміз. Яғни, жиырма жыл бойы біз балаларымызды жат елдің қуыршағымен, жат елдің тілімен, жат елдің иісімен тәр-биелеп келдік.
– Жарыңыз Қарақат екеуіңіз де ат үстінде, халық назарында жүрген жандарсыздар. Бауыр еті балаларыңыздың тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөліп жүрміз деп айта аласыз ба?
– Көріп отырсыз, кішкента-йымызды өзімізбен бірге алып жүрміз. (Кенжелері Иманәлі жанымызда ойнап отырған. Авт.). Балаға күтуші жалдасақ та болар еді, бірақ, өзіміздің қасымызда, көзіміздің алдында жүргенін жөн көрдік. Құранда: «Баланы екі жыл емізу керек» деп тегін айтылмаған, медицинада да ғылыми негізде бұл дәлелденген. Яғни, бала екі жасқа дейін тек қана емшектің сүтін еміп, анасының айналасында болуы керек. Үлкен ұлымыз Астанада мектепте оқып жатыр, сабақтан кейін әр пәннен қосымша дайындайтын оқытушылары бар. «Локомотивтің» кіші балалардың құрамасын дайындайтын футбол командасында жаттығады, каратэге қатысады. Қолымыздан келгенше мен бала тәрбиесін алғашқы орынға қоямын.
– Алдағы уақытта сізді билік басынан көруіміз мүмкін бе?
– Маған берілген екі мемлекеттік қызметті де абыроймен атқардым. Үкіметтің жұмысына бару үшін компанияларды тоқтатып, жобаларымды бір шетке ысырып қою қажет. Ал менің олай жасағым келмейді. Себебі, бұл жасап отырған жұмыстарымның миллиондаған санаға ықпалы зор. Ал мемлекеттің жұмысы тек өзіме ыңғайлы, ақшаң келіп тұрады, жүргізушің бар, көмекшің бар дегендей. Сондықтан әзір үкімет жұмысына барам деп ойламаймын, барғым да келмейді.
– Өткенге өкпеңіз бар ма, болашаққа бағдарыңыз қандай?
– Өткенге өкпем жоқ. «Қурай да Құдайсыз құламайды» дейді ғой, яғни, жапырақ та Алланың бұйрығынсыз жерге түспейді. Тек Жаратқанның берген миссиясын қаншалықты толық орындап жатырмын, ел игілігіне жұмыс істеп жатырмын ба деген сынды пендешілік сұрақтар ғана. Болашақта «Бал бала» компаниясының жұмысын жандандырып, іргесін кеңейтіп, ортаазиялық деңгейге көтеру жоспарда бар.
Дереккөз: ЕЛ - Ұлттық қоғамдық-саяси, экономикалық апталық
11.05.2010