Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , xanax online Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Ұят болды-ау...
Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасұлы өзінің туған жері – Ақмола өңірінде неліктен елеп-ескерусіз келеді?
Қазақстанның бас қаласы Астананың батыс беткейінде 20 шақырымдай жерде орналасқан Қажымұқан ауылының аты дардай болғанымен әлеуметтік жағдайы сын көтермей тұрғаны ащы болса да ақиқат. Қайран, Қажекеңнің кіндік қаны тамған ауылда көз тоқтататын, ауыз толтырып айтар мәдени мүйіс, тарихи орны жоқтың қасы. Сонау өткен ғасырдың басында-ақ, қазақты төрткүл дүниеге танытқан тұлға туған жерінде құрмет тұғырына бір көтерілмей-ақ қойды.
Күпірлік болар, жоқ деп кесіп айтпайық. Ауылда шағын мектеп бар. Онда Қажымұқанның күрес әлеміндегі жасындай жарқылдаған сәттері туралы әр жылдарда газет-журналдарда, кітаптарда жарияланған мақалалар, бірді-екілі болмашы бұйымдар жинастырылған. Сондай-ақ, мектептің ауласында атақты спортшының осы жерде туғанын білдіретін белгітас тұр. Басқа ештеңе жоқ.
Шіркін-ай деймін, кешегі социализм кезеңіндегі молшылықтың тұсында да Қажекеңнің аруағын сыйлаған бір азамат басшының табылмағанын қараңызшы. Осындай ойлардың жетегіне түскенде, аруағыңнан айналайын, Қажеке, өзіңіздің рухыңызбен сырласқым келеді…
Сонау нәубет жылдары “халық жауы” атансаңыз, әңгіменің жөні басқа еді ғой. Қайта боз кілемдегі нағыз интернационалист сіз болған жоқсыз ба?! Қажет дегенде орыстың да, қазақтың да, жапонның да, түріктің де шашбауын көтермеп пе едіңіз. Есіміңіз дүние жүзінің спорт тарихында атақты балуан ретінде тасқа басылған, Ұлы Отан соғысы кезінде қартайған шағыңызға қарамай, қайырымдылық танытқан сізге туған жеріңізде лайықты құрметтің көрсетілмеуі неліктен екен?! Әлде, сіздің тұлғаңыз ескерткіштің стандартына келмеді ме? Мүмкін алып бейнеңізді сомдауға қаражат қат болды ма?
Ойды ой қозғайды. 1993 жылы Алматыда дүркіреп өткен “Қажымұқан бенефисіне” қатысқанда, сол шараға куә болған түрік ағайындар “Қажымұқандай мықтысы бар халық бақытты” дегені әлі есімде. Сонда маған олардың сол сөзінде ұлттық мақтанышқа деген қызғаныш та жоқ емес сияқты болып көрінді.
Иә, қайран баба, сіз сенбессіз, бірақ жағдай осылай. Өзіңіздей өр тұлғаға еліміздің оңтүстігіндегі Шымкент шаһары мен сондағы Бөген ауданының орталығы Темірлан кентінен басқа облыстарда бір ескерткіш қоюға да дәрмен болмай тұр. Чемпиондардың чемпионы болсаңыз да, кіндік қаныңыз тамған ауылыңыз ондаған жылдар бойы Буденный атанып келіп, әйтеуір еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қажымұқан ауылы атанды. Бертін келе Астанадағы орталық стадионға есіміңіз берілді. Ақмола облысын әр кезеңдерде басқарған басшылардың, аудан әкімдерінің дәрмені осыған ғана жетті.
Тағы да ойлаймын… Осы стадионның алдында ескерткішіңіз тұрса ғой. Оның ішінде бәленбай шаршы метр бөлмелер бар. Солардың бірінде Темірлан кентіндегі сияқты сіздің өмір жолыңызға арналған мұражай болса, қандай ғанибет болар еді.
Басқаны білмеймін, өзім Қажымұқан бабаны ойласам, боз кілемде буырқанған алыпты, халқының қайратын көрсеткен қазақты елестетемін. Екі кісі белдесе кетсе, күрес туралы сөз қозғалса да, Қажекеңнің құдіретіне сыйынып: “Аруақ”, “Аруақ!” деп қиқу салмайтын қазақ кемде-кем шығар.
Жә, жарайды, өткен күннің өкінішіне несіне өкпе арта береміз. Одан да бүгінгі күннің ағымына тоқталып, келешектің көкжиегіне иек артып көрейікші. Қажымұқан ауылында бұрын 50-ге таман отбасы түтін түтетіп келген. Бүгінде жан-жақтан қоныстанған жұрт көбейді. Бұл ауыл едәуір ел болып қалды. Бау-бақша шаруашылығы іске қосылды. Бірнеше мың гектар алқапта дәнді-дақылдар өсіреді. Оның үстіне әр әулеттің меншігінде жылқысы, сиыры, қой-ешкілері жетерлік. Яғни, малын бағып, шаруасын жайлап отырған елдің, құдайға шүкір, қарны тоқ, көйлегі көк десе де болады. Ауылды көркейту, көгалдандыру жөнінен де шаралар жүзеге аса бастады. Егер осы ниет, осы қолдау жалғасын таба берсе, ертең-ақ алақандай ауылдың ажары ашыла түсетіндігіне күмән келтірмейміз. Тағы бір ескертетін жәйт, халықаралық маңыздағы “Алматы – Екатеринбург” автомобиль тас жолы осы ауылдың тура ортасын кесіп өтеді. Қазіргідей шалғайдағы еңсесі түскен елді мекендерден қоныс аударушылар Қажымұқан ауылына уық шаншып жатса, өрістің кеңейгені емес пе? Сөйтіп, ауыл тұрғындарының саны артып, осындағы шағын мектеп үлкен орта білім ошағына айналары сөзсіз. Сосын осы мектепте күрес секциясын ашу міндеті өзінен-өзі туындайды. Қажымұқан ауылынан сайысқа түскен балуан осал болмауға тиіс. Яғни, күрес секциясы нағыз шеберлер ұстаханасына ұласар еді. Байқайсыз ба, осы шаруалардың өзі жүзеге асып жатса, елдің ертеңгі күнге сенімі, ауыл жастарының болашаққа деген ұшқындаған сезімі жалынға айналар еді ғой. Батыр бабаның рухы да алға ұмтылған ұрпағын жебемей қоймайды. Ауыл, аудан, облыс басшыларынан қолдау болып жатса, бұл алынбайтын қамал емес. Тек ниет керек.
Мемлекетіміздің елордасына айналған Астанадан таяқ тастам жерде болған соң Қажымұқан ауылын көруге ниет білдірушілер болмай қоймайды. Бүгінде Астанада түрлі спорт кешендері, стадиондар салынып жатыр. Алдағы уақытта бас қаламызда халықаралық жарыстардың да жиі өтетіні белгілі. Қажекеңді тілге тиек етіп, қазақ балуан халық деп мақтанғанда, сондаймыз, ал сол Астанаға жарысқа келген спортшылар: “Ұлы Қажымұқан бабаларың туған ауылға барып келейік, күш атасының туған жерінен бір қуат алып қайтайық…” десе, қалай жауап бермекпіз? Қажымұқанды ұлы балуан деп таныған шетелдіктерге ауылдағы малдың тұяғы, егістіктің бітімі дүние емес. Олар келсе, күш атасының еңселі ескерткішін, мәуелі мұражайын тамашалауға келеді. Ал бізде ол жоқ. Оқу бөлмелері, кітапханасы, мұражайы, от жағатын орны бар төбенің астындағы мектеп қана бар. Әйтеуір, оның ауласындағы “Осы ауылда Қажымұқан Мұңайтпасұлы туған” деген белгітас тұр. Көңілге медет болар дүние әзірге осы ғана. Осыдан кейін рухың түспей көрсін. Бабаңның ұлы күрескер болғанын өрең жеткенше езеуреп, сөзбен дәлелдеуге тура келеді.
Міне, ендігі әңгіменің желісі осы ұлттық рух хақында болмақ. Егер біз Қажымұқанды қазақтың тұңғыш әлем чемпионы, “Дала батыры” деп танысақ, дара тұлғаның кіндік қаны тамған ауылды қазақ спортының оймақтай ұясына айналдыруымыз қажет. Ол үшін осы ауылда спорт кешенін іске қосуды қолға алатын кез жеткен сияқты. Бұл шараны жүзеге асыру үшін алдымен ауыл ортасынан мәдени-спорт кешенін тұрғызу керек. Онда жарыс және жаттығу өткізілетін зал, мұражай, тағы басқа да қажетті бөлмелер болса жеткілікті. Кешеннің айналасы кең болып, әшекейленіп қоршалса, ауласында ағаштар отырғызылып, гүлзарлар бүршік жарса. Мәселен, Астанадағы “Еуразия”, “Астана”, “Каспий” спорт кешендерінің үлгісінде шап-шағын етіп салса да жарайды. Содан кейін ескерткіш сомдалса. Егер осындай кешен пайдалануға берілсе, оның жұмысын атқаруға осы ауылдан “отымен кіріп, күлімен шығуға” дайын азаматтар табылары сөзсіз. Егер біздің ойымыздағыдай осы ауылда спорт кешені ашылып жатса, онда мұндағы жарысқа қатысушылар ауылға түнемей-ақ, іргедегі Астанаға келіп-ақ қонақтап жүре берер еді ғой. Бұл заманда 20 шақырым деген алыс жол емес қой. Әрине, мұның бәрі айтуға ғана оңай сияқты болып көрінуі мүмкін. Әйтсе де, республикалық, облыстық, аудандық спорт және туризм жөніндегі органдардың жетекшілері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қимыл көрсетсе алынбайтын қамал емес.
Халқымыздың бағына біткен күш атасы Қажымұқанның өнеріне тәнті болған әлем жұртшылығы оған “Мұсылмандардың ең үлкен балуаны” деген атақ берген. Біле білсек, Қажекең төрткүл дүниені түгелдей аралап, қазақ ұлтының күшті екенін, қайратты екенін сан мәрте дәлелдеген. Осындай біртуар тұлғаның туған жерінде қадірі неге төмен деген сауалға жауап беретін адам табылар ма екен? Болмаса, жұрты неге намыстан жарылмай жүр?
“Қажымұқан біздің бабамыз”, “Қажымұқан қазақ халқының ұлы перзенті” деп кеудеңді соққың-ақ келеді. Іштегі тұншыққан құрметте шек жоқ-ау. Әттең, көзге көрінер, тұғырға байланған құрметке не жетсін. Достың рухын тасытатын, дұшпанның мысын басатын айбар болмаған соң ұлықтың өзі кішікке айнала береді екен ғой.
Қажымұқан бабаның рухы туралы ойлай берсем, қолымдағы қалам су жорғалап тоқтар емес. Кезінде халқының абыройын асқақтатқан біртуар тұлғаның бағын қазақтан басқа кім ашады деймін өзіме өзім.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ, журналист, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.