Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , <a >xanax online</a> Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА Алматы облыстық мем. мұрағатында сақтаулы А.Асқаров туралы құжаттар не дейді?

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы
Асанбай Асқаров туралы құжаттар не дейді?
Мұрағат – халықтардың өткенінен мол ақпарат беретін зор кеніш, шежіре, өшпеуге тиіс мұралардың көзі. Оның сансыз қолат-қойнауларына үңілер болсаң, талай беймәлім асыл қазыналарға жолығасың. Мұрағатшылардың мақсаты – осы сырлы әлемді жинақтап, сақтап қана қоймай, дерек көздерімен ғылыми қоғамды хабардар ету. Мұрағаттағы деректер небір ұлы адамдардың өмірлері жайлы сыр шертеді. Осындай ұлы тұлға, халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Асанбай Асқарұлы Асқаровтың біраз құжаттарын зайыбы Фатима Ғалиқызы Асқарова Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатқа тапсырған еді. Асыл азаматтың жарық дүниеден озғанына үстіміздегі жылы бес жыл болды. Өзі дүниеден озса да, артына қалдырған рухани дүниесі тозбайды. А. Асқаровтың мол мұрасы келешек ұрпақ тағылым алар Отан байлығына, халық қазынасына айналды. Келесі әңгіме осы құнды құжаттар төңірегінде болмақ.
А. А. Асқаровтың мұрағатқа тапсырылған құжаттары толығымен ретке келтіріліп, ғылыми өңдеуден өткізіліп, оларға тізімдеме құрылды. Осы тізімдеме бойынша алдымен өмірбаяндық құжаттарын парақтасақ, ұлы адамның жүріп өткен жолының өзі көпке үлгі боларлықтай екендігін аңғаруымызға болады.
Асанбай Асқарұлы 1922 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысына қарасты Мерке ауданындағы Тәті ауылында дүниеге келеді. Әкесі Асқар 1930 жылы қайтыс болып, анасы он бір баламен қалады. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында жұмыс істеген ағасы Құлназар оны Шу бекетіндегі орыс мектебіне оқуға береді. Алғашында ағасының танысының үйінде тұрып, кейін интернатқа ауысады. 1936 жылы 7 сыныпты бітіргеннен кейін, Фрунзе педагогикалық училищесінде оқып, білім алады. “Мен өте жақсы оқып, жоғарғы стипендия алатынмын”,- деп жазады өзінің 28 беттік (артқы бетімен) түрмеде жазған ғұмырнамасында, – әйтсе де, жазғы каникул кездерінде үйге анама келіп, колхозда жұмыс істейтінмін. Сөйтіп, он төрт жасымнан бастап еңбекке араластым. Анам мен ағама үлкен семьяны асырау өте қиынға соқты. Аштық жылдары төрт бауырымнан айрылдым. Қалғандарымыз әрең-әрең аман қалдық. Адамдардың қалай аштықтан өлгендерін өз көзімнен көрдім...”.
Ол 1939 жылдан бастап Фрунзе облысында орта мектептің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ел басына күн туғанда Отанын қорғады. 1942 жылы мамыр айында Қарулы күштер қатарына шақырылды, полк мектебін, әскери-саяси училищесін бітіріп, офицер шенін алды. Соғыстан 1946 жылы туған жеріне оралады. “Менен бұрын соғысқа кеткен үш ағамның ішінен Құлназар ағам ғана қайта оралды... Жоқтықпен өткен балалық шақ, жақын адамдардан айырылу маған қиынға соқты. Сондықтан да мен осындай моральдық қазаның орнын адал еңбегіммен толтыруға тырыстым, өзімді еңбекке арнадым...”, - деп еске алады /1/ (Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты, 1252-қор, 1 (қос) тізімдеме, 5-іс, (келесіде АОММ деп қысқартылып көрсетіледі).
Сөйтіп, әскерден келген соң, алдымен Мерке аудандық комсомолының бірінші хатшысы, бір жылдан кейін Жамбыл облыстық комсомолының идеология жөніндегі хатшысы қызметтерін атқарады. Қызмет пен оқуды бірге алып жүрген Асанбай Асқаров 1950 жылы Мәскеудің КОКП Орталық комитетінің жанындағы Жоғарғы партия мектебінде оқып, оны 1954 жылы үздік бітіріп шықты.
Содан кейінгі жылдары Мерке аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық жастар комитетінің хатшысы, облыстық жастар комитетінің хатшысы бола жүріп, ол өзінің ақыл ойы мен білімін, жастық жалыны мен жігерін жастардың дүниеге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне, рухани дәрежеге көтерілуіне арнады. 1954-1958 ж.ж. Жамбыл облысының Красногор және Мерке аудандық пария комитеттерінде бірінші хатшы қызметтерін атқарды. 1958 жылы Жамбыл облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағалығына тағайындалып, мемлекеттік басқару жұмысының жаңа сатысына көтерілді. Жас басшыға жаңа міндеттермен қатар үлкен жауапкершілік те жүктелді, халық пен мемлекет сеніп тапсырған бұл міндеттерін абыроймен орындап, 1959-1965 ж.ж. Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды /2/( АОММ, 1252-қор, 1 тізімдеме, 3, 12, 73 -істер).
1965-1978 жылдары Алматы облысы партия комитетінің бірінші хатшысы және Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюро мүшесі қызметін атқара жүріп, Кеңес Одағы Компартиясының Орталық комитеті жанындағы қоғамдық Ғылым академиясында дәріс алып, “Экономические проблемы интенсификации животноводства (на примере овцеводства юга-востока Казахстана)” деген тақырыптағы диссертациясын өте жақсы қорғап, Ғылымдар академиясы алқасының 1968 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен экономика ғылымының кандидаты дәрежесіне ие болды /3/ (АОММ, 1252-қор, 1 тізімдеме, 7-іс).
1978-1985 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Ол жиырма үш жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, жиырма екі жылдай Кеңес одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің пленум мүшесі, жиырма жеті жыл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті құрамының мүшесі және он бес жыл жастар істері жөніндегі комиссияның төрағасы болды. Ал 1985 жылы құрметті демалысқа шыққан соң, Алматы қаласына көшіп келді /4/ (АОММ, 1252-қор, 1 тізімдеме, 11-іс).
“Жалпы алғанда, әскерден келгеннен бері комсомол, партия жұмыстарында 40 жылдай еңбек еттім, - деп жазады А. Асқаров, – оның 25 жылында облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқардым... Қай жерде жұмыс істемесем де, партиялық, мемлекеттік тәртіпті сақтауды өзімнің борышым деп есептедім. Тіпті әскерде курсант, сержант, офицер дәрежелерінде болған кездерімде де, тәртібіме жаза қолданылып көрген емес /5/ (АОММ, 1252-қор, 1 (қос) - тізімдеме, 5-іс).
Осындай жігерлі, азаматтық еңбегі мен талабына сай қызмет атқарған Асанбай Асқарұлы кейін халқымыздың мейіріміне бөленіп Жамбыл, Шымкент облыстарының “Құрметті азаматы” атақтарына ие болды. Бірақ халқының мейіріміне бөленгенмен, желкеден жекіп тұрған Мәскеу оған мейірімін төге қоймады. Қырық жылдай халқына аянбай еңбек етіп, құрметті демалысына шығып, еңбегінің зейнетін көретін шағында жалған айыптар тағылып, қамауға алынды. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі Мәскеудің ұлт басшыларының ішінен “ұлтшылдарды” іздеп табу науқанында қарауылға бірден алғашқы болып ілінуі де ол кісінің қоғамдағы салмағын анықтаса керек.
Жоғарыда айтылған тізімдемеде басқа қор құрушыларда кездесе бермейтін, зерттеушінің назарын тез аударатын бір бөлім бар, ол “А. Асқаровтың жазықсыз жазаланғандығы туралы құжаттар” деп аталады. Осы құжаттар адал да асыл азаматтың басына қара бұлт үйірілген кезеңдер жайында сыр шертеді. Құжаттарды оқи отырып, небір төбе құйқаңды шымырлатар әділетсіздіктерге куә боласың. Асекеңнің жары Фатима Ғалиқызының жазбаларынан біраз шындықты көруге болады: “...Мен А. Асқаровты ұстап әкеткен соң, ес-тұсты білмей ауырып қалдым. Ес-түс жоқ болып жатқанда, үйдің ішіндегі заттарды түк қоймай, шыраққа дейін кесіп алып кетті. Қараңғы үйде қалдық. Балалар біраз күн майшаммен отырды... Гаврилов (тергеуші) айтады: 160 мың сом берсең А. Асқаров ертең-ақ үйде болады. Ол қамауда отырып жылап отыр. Сені бала-шағаңмен қосып қамаймыз. Күйеуіңнің өлген жерін де таппайсың, ойлан деп қорқытады. Біз не айтсақ, соны орындайсың, сені кәрі екен деп ойламаймыз, қамауға аламыз. Өзбекстанды білесің ғой, түгел семьясымен қамап жатырмыз. Сені де сондай тірлік күтіп тұр...” /6/. (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 21-іс). Бұл үзінділер Фатима апамыздың мықтылығын тағы да бір айғақтай түскендей болады.
Ал Асанбай ағамыздың бұл кезде қандай күй кешкенін оқи отырып, жан дүниең тебіренгендей болады. Пайғамбар жастан асқанда төрт жарым жыл бойы ауыр азап пен тар қапасты басынан кешірді. Оны өз естеліктерінен байқауымызға болады: “...Мәскеудің изоляторында да тергеуден тергеу, қорқыту мен үркіту жалғасты. Маған әр түрлі тергеушілер келіп, әрқайсысы мені бірдеңелер айтып қорқытып, үркітуді өздерінің міндеттері деп санады... Бірде маңызды істер жөніндегі тергеуші В. И. Калиниченко маған былай деді: ”Сізден барлығы бас тартты. Сіз бізге жеуге берілген бір түйір етсіз. Біз қалай қаласақ, солай болады. Сіз әлі өкінетін боласыз”. Мен өмірімде бұндай тіл тигізуді ешқашан естіген емеспін... Менің қасыма камераға 23 жылға сотталған бір баскесерді орналастырды. Ол мені ұрып, қорқытып қорлай бастады... Көзіңді ойып аламын, сенен тірілей котлет жасаймын деді...” /7/
( АОММ, 1252-қор, 1 (қос) - тізімдеме, 5-іс).
Бірақ “Ер мойнында қыл арқан шірімейді” демекші, қиындыққа мойымай, тағдырдың сынағына төзе білді. Осындай жағдайда отырып, отбасы мүшелерін жігерлендіріп, балаларына ақылын айтып, хаттар жолдап отырды. Осы тұста біз жары Фатимаға жазған сол хаттарынан үзінді келтіргенді жөн көрдік: “Алтыным, жаным Фатима! Денсаулық жақсы ма? Балалардың, немерелердің бетінен сүйіп қой, Дәлел бұзықты екі рет сүй. Құдай соны көрсетіп, бетінен сүйгізіп, иіскетер күн туса болар еді... Балаларға сәлем айт. Әкесі таза, ақ. Мен үшін ұялмасын. Если весь казахский народ стоит за меня, это что-то значит. Сүйемін, өзіңді сақта. Бізге тірі кездесу керек. Ол үшін ақыл, сана, шыдам керек. Оның бәрі менде бар. Еш нәрсе уайымдама... Айтқаныңның бәрін түсіндім. Жігіттерге қүлкен рахмет. Жұмысты сол бетінше жүргізе беріңдер. Жылқыбайға, Арыстанға үлкен жүректен сәлем айт. Қилыбайға да сәлем. Басқа ағайынға, жолдастарға сәлем айт. Өзіңді сақта, ауырып қалма... Камераға неше түрлі адамдар келіп жатады. Көбінше сурет салып, өлең жазып, газет оқып көп сөздеріне құлақ салмаймын”. Келесі хат балаларына арналады: Амансыздар ма, менің қымбаттыларым! Бұл істің қашанға дейін созылатынынан бейхабармын. Денсаулығым мәз емес. Бірақ бәріне шыдап, өмір үшін күресемін. Менің арым бәрінің алдында таза. Мен ешқашанда ешкімнен пара алған жоқпын. Мамаларыңа қарайлаңдар, күтіңдер. Сендерді құшақтап, сүюші папаларың”.
Қазақтың қай батырын алсақ та, әрдайым адал да асыл жарының демеуі сеп болған. Асанбай ағамызға Фатима апамыздай жардың кез болуы да тағдырдың бір сыйы шығар. Басына қиындық туған шақта балалардың басын біріктіріп, белді бекем буып, ерін қорғауға жан аямай атсалысты. Жылқыбай Аралбаев өзінің естелігінде: “...Кешегі нәзік, биязы мінезді Фатима осынша қиыншылықтарда жасымай, қайта қайраттана түсті. Батыл істеріне таң қалдым. Кешегі Асанбайдың басына түскен қиянат халқымыз үшін сын болды десек, Фатимаың басынан өткен ауыртпалығы өз алдына. Бұл сынды үлкен ерлікпен көтере білді. Үйде жылап-сықтап отырмай, жанды шүберекке түйіп, белсеніп күреске шықты. Замандастарына, құрбы-құрдастарына, сіңлі бола білді”, -деп жазады /9/ (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 109-іс).
Асанбай Асқарұлына тағы да демеуші болған, қиын-қыстау кезінде көмек беріп, тіпті түрмеден шығарып та алған өзінің туған халқы еді. Халқы Асанбайын жамандыққа қимады. Қырық жыл Асанбайы халқына қызмет етсе, халық үшін де азаматын қорғайтын кез туды. Халық қол қусырып отырмады. Сот жүріп жатқан кезде де, одан бұрын да Кеңестік Социалистік Республика Одағы мен Қазақ Кеңестік Республикасы, Қырғыз Республикасы басшыларына, Қырғызстан Жоғарғы сотының атына мыңдаған хаттар келді. Жамбыл, Шымкент облыстарындағы “Асқаровты құтқару комитеттері” ұйымдарынан, сондай-ақ өз бетінше өткен митингілерден, халық жиындарынан, қоғамдық ұйымдардан, тіпті қарапайым тұрғындарынан да көптеген қаулылар, ашық хаттар, өтініштер мен үндеулер санын есептеу мүмкін емес еді /10/ (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 23-25-істер).
Сонымен бірге қазақтың біртуар азаматтары, қоғам қайраткерлері, ақындары мен жазушылары, соғыс және еңбек ардагерлері де Асқаровты қорғауға жанын салып кірісті. Кеңестік Социалистік Республика Одағы халық депутаттарының, Қазақстан мен Қырғызстан жазушыларының, тіпті шетелдік қайраткерлердің сұраулары өз алдына бір төбе болды. Осыны растайтын құжаттардан, түрмеге жазылған хаттардан үзінді келтірген жөн шығар. Мәселен, “Ардақты аға Асеке! Жаратушы Құдырет үстінен жалақор арыз түскен Иов деген пайғамбарды сынамаққа неше түрлі азапқа салған. Ақыры ақ екеніне көзі жетіп, бақытты ұзақ өмір сүрген. Құдырет Сізге шарболаттай төзім, қайсар қажырлық бергей деп тілейміз. Ақиқатқа көз жеткізу қиын әрі ұзақ болса да шыдамыңыз таусылмаса екен, баяғы батыр бабалардың рухы қолдап, әділеттік жеңгенше мойымасаңыз екен деген үміттеміз. Достарыңыз тілеулес. Дұшпандарыңыз Сізді қажып-қалжырап, пенде болғаныңызды қалайды. Ендеше досқа күлкі, дұшпанға таба болмас үшін де шыдап бағыңыз. “Қызыл Жебенің” соңғы кітабының алғашқы тарауларын беріп жібердім. Қолыңызға тисе, бәлкім, аз да болса қуат берер деп едім. Сізге Құдыреттен жігер тілеуші – Шерхан Мұртаза” /11/( АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 31-іс).
“Қымбатты Асанбай аға! Денсаулығыңыз қалай? Халқыңыз бәрін біліп отыр, тек жекелеген адамдар болмаса. Бірақ түбі бәрі орнына келеді, мен бұған сенемін. Әйелдерді ұйымдастырып хат жазып, барам ба деп отырмын. Аға, тек өзіңіз берік болып, саулығыңызды күтіңіз. Уаым ететіндей Сіздің қылмысыңыз жоқ қой. Сондықтан да ыңылдап ән салып, Әділеттің жеңетініне берік сеніп жүріңіз. Біз Сізбен біргеміз. Аман қауысалық, аға! Бетіңізден сүйдім. Сәлем жолдаушы қарындасыңыз – Фариза (Оңғарсынова)” /12/ (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 30-іс).
“Бір күні күтпеген жай болды”, -деп әңгімелейді Асанбай Асқаровтың сотындағы қоғамдық қорғаушы Бекбосын Көбеев, – сот залына жас шамасы сексеннен асқан, таяққа сүйенген ақсақал кемпірін жетелеп кірді де, айыпталушылар отырған жаққа беттеді. Қос қапталда тұрған солдаттар бөгемек болып қоғала бергенде, шал бір қолын созып: “сынок, не стреляй”,-деп отырғандарға жақындап барды да: “Шырақтарым, Асанбай Асқаров қайсысың?”, - деп көздерін сығырайтып жағалай қарады. Асекең орнынан тұрып: “Асқаров менмін, ақсақал. Ел-жұртыңыз аман-есен бе? ”, - деп қолын ұсынды. Қария сәлемін алып: “Шырағым, мына жаман кемпірім екеуміз Қордай ауданындағы Сұлутөрден өзіңді іздеп келдік. Елдегі жақсы істеріңе бұрыннан құлағым қанық. Өзіңді бір көрсем деп жүруші едім. Құдайдың жүздестіргеніне мың да бір шүкір. Жаны ізгілер түрмеде жатпауы керек. Қолыңды жай, қарағым! Батамды берейін!”, - деп тілегін айтты. Залда отырғандардың бәрі қолдарын жайып, беттерін сипап, “әумин” десті. Қария кемпіріне бұрыла қарап: “Әй, кемпір, сөлпимей әкелген құрт-майыңды берсеңші”, - деді. Кемпір қолындағы орамал түйіншегін Асқаровқа бермекші болып, қалбалақтап тұрғанда, оны солдаттар алып бір шетке қойды. Шал қоштасып, “Алла тілеулеріңді берсін, шырақтарым! Енді біз жарық барда елге жетіп алайық”, - деп аяңдап есіктен шығыр кетті. Асқаров қарақан басын ойлаған басшы болса, еліне еңбегі сіңбесе, халқының қамын ойламаса, қыстың көзі қырауда таяққа сүйенген қарттар ит арқасы қияннан іздеп келер ме еді?” /13/ (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 32-іс).
“Қиянаттың да қиянаты бар”,- деп жазады Қазақстанның халық жазушысы Қалижан Бекқожин А. Асқаровтың сотын жүргізуші Н. Ибрагимоваға, – жеңеді деген ұлы халқымыздың сөзі бар ғой. Дәлелсіз жала жабудың қажеті не? Асанбай Асқаров ары, жаны таза еңбекқор азамат еді ғой. Асекең жайлы жан-жақты барлығын жазбақ едім. Бірақ сырқатым шыдатпай қаламымды ұстауға халімді келтірмей отыр. Асекеңнің қазіргі тағдыры қарағым-қызым Нәйлә Әлімқызы, өз қолыңда”.
Сот жүріп жатқан кезде де халық хабарсыз тыныш отыра алмады. Сот барысы туралы хабардар етуді сұраған халықтан редакцияларға көптеген хаттар келіп түсті. Сөйтіп, елдің өтініштері бойынша газет беттерінде сот барысы жайлы мақалалар жарияланып тұрды. Сондай-ақ, А. Асқаровтың бостандыққа шығуына достары Жылқыбай Аралбаев, Арыстан Өтеулин, екі рет Еңбек Ері С. Оңғарбаева, Батыр Ана Дариға Жантоқова, белгілі журналист-қаламгер Жақсылық Сәтібеков сынды азаматтардың сіңірген еңбектері зор болды.
Келесі хатты Қазақстанның халық ақыны Әбділдә Тәжібаев жазады: “Қарағым, аса құрметті қызым, әділ биім Нәйлә Әлімовна! Мен осы 80-нен асқан жасымда жалғыз-ақ қасиетіме ырзамын. Ұзақ өмірімде жалған сөйлеп көрген емеспін, адал достардан жанымды аяп қалған емеспін... Мен, Сіздің алдыңызда іні досым болған Асанбай Асқаровтың жаны жайсаң, халық үшін ғана туған аса парасатты кемеңгер азамат екенін растап ант етемін. Сеніңіз, қызым, менің аталық антыма!.. Аса білімдар, гуманист, барынша ақын жанды, ғалым, адамшылық арын биік ұстайтын Асқаровты парақор қатарына қосу – шегінен асқан ұятсыздық. Мен, қызым, әділ сотым, сізден ерлік-әділдік күтіп алдыңызда аппақ шашты басымды иемін” /14/. (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 24-іс).
Ақ шашты Тәжібаев ағамыздың басы иілгенмен, Ибрагимованың басы иілмеді. (Осы хаттарға көз қырын салды ма екен?) 17 айға созылған сот процесінің нәтижесінде А. Асқаровты бас бостандығынан айрыуға 11 жыл үкім кесілді. Бірақ осымен бәрі біткен жоқ. Халық бұл үкіммен келіспеді. Сот үкіміне наразылық білдірген митингілер, ашық хаттар, өтініштер, үндеулер толассыз айтылып, жазылып жатты.
“Біз, Жамбыл облысы Свердлов ауданының тұрғындары А. Асқаровтың төрт жыл түрмеде отырғанына қарсылық білдіреміз... Әділеттік жеңетініне сенеміз”.
“Жамбыл, Шымкент облыстарының тұрғындары мен А. Асқаровтың ары мен абыройын қорғайтын қоғамның өкілдері өткізген митингісінің қарары: Біз, А. Асқаровқа шығарылған Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты алқасының үкіміне наразылық білдіреміз... А. Асқаровтың ісін қайта қарауды талап етеміз”.
“Қымбатты Акаев Асқар Акаевич! Біз әр ұлттың әйелдері, Қазақстандағы Шымкент облысының белсенділері Сізге А. Асқаровтың ісі бойынша хат жолдап отырмыз. Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының үкімі және А. Асқаровқа берілген жаза әділетсіз болып табылады... Біз, әйелдер-аналар әділеттілік түсінігіне аса көңіл бөлеміз. Бәрінен де ауыр тиетіні, мұндай үкімді әйел соттың шығарғаны... Егеменді Қырғызстан Республикасының Президентінің билігімен Сізден А. Асқаровты түрмеден босату шараларын қолдануыңызды өтінеміз”/15/. (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 23-25-істер).
Шымкент облысы еңбекшілерінің айыптаушы Романюкке жолдаған үндеуіне Балықшы ауылдық Кеңесінің 105 тұрғыны қол қойыпты. Мұндай хаттардың бәрін бірдей жариялау мүмкін емес. Осындай құжаттар ерін қорғайтын ел бар екендігін, ел арасында бірлік бар екендігін айқындағандай.
Ақыры халқының қолдауымен 1991 жылдың 31 тамызында Асанбай Асқарұлы түрмеден босатылды. Әділеттік жеңіп, тағылған айыптардың негізсіздігі анықталып, 1995 жылдың 23 тамызында Қырғыз Республикасының Жоғарғы соты төралқасының шешімімен толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді. Сөйтіп, Тәуелсіздік таңымен бірге ұлтымыздың ұлы қайта оралды.
Асекеңнің сүйікті жары Фатима Ғалиқызы: “Біз ешкімге ренжімейміз, сол жылдар өзі бірін-бірі аңдыған кез еді ғой. Құдай өзі қолдап, Қазақстанымызға басшы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, көрші ел Қырғызстанның Президенті Асқар Ақаев арасындағы татулық жылылығы жақсылық күнге жеткізді. Тозақ отынан келгендей күй кешкен Асекеңнің жан жарасы көпке дейін жазылмай жүрді. Қайта қарап отырмай, іштегі шер толқынын кітап етіп жазып шықты”, - деп еске алады /16/. (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 111, 112-істер).
“Мен сондай қорлықты көрсем де, сол жерде жатып, елімнен ешбір күдерімді үзгенім жоқ, - депті Асанбай ағамыз бір әңгімесінде, – Мен халқымнан айналайын. Халқым үшін керек болса, қазір де садаға болуға дайынмын. Халқымнан басқа күннің де, түннің де маған керегі жоқ. Халқым аман болса, мен де аманмын. Мен халқымның арасындағы бір қауызымын. Халқым парықтайды. Түрмеден мені шығарып алған да осы халқым деп ойлаймын”.
Қолжазба бөлімінің құжаттарын парақтай отырып, Асанбай ағамыздың ақталғаннан кейін де қоғамдық істерге қайтадан белсене араласқанын көреміз. Айталық, 1996-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Бәйдібек-Сыланды” қоғамының Президенті және Мұхаммед Хайдар Дулати қорының Президенті болды. Сонымен бірге мұрағатта Асанбай Асқаровтың Санкт-Петербургтегі Халықаралық Акмеология Ғылымдар Академиясының мүшесі болғандығын айқындайтын құжаттар кездеседі.
Асанбай Асқарұлы Асқаров әдеби шығармашылық саласында да айтарлықтай еңбек етті. Көзімен көрген, ойында қалған, басынан кешкен өмір құбылыстары туралы бес кітап жазып, баспадан шығарды. Олардың ішінде “Тағдыр”, “Жұмақ пен тозақ жырлары”, “Көзқарас” секілді еңбектері қалың елдің қолына тиіп, құрметпен ұстайтын кітаптарына айналды. Асанбай Асқарұлы Асқаров қариялылық өмірінде де данагөйлік көзқарасымен Тұран даласының перзенттері туралы “Ұлы Тұранның ұлдары” атты қомақты кітап жазды.
Сондай-ақ, мұрағатта Асанбай Асқаровтың оңашада отырып салған суреттері де бар, бұл оның тағы бір талантын байқатады. Әсіресе, абақтыда отырған кездегі салған жоғарыдан құлап келе жатқан қыран құстың суретінің үлкен маңызы бар. Суретте өзінің мынадай өлең жолдары жазылған:
“Ақиық аспандағы – құс төресі,
Қапаста топшысынан жерге түсті.
Тағдырдың жазғанына айла бар ма?
Күші жоқ енді мұның қорғануға” /17/. (АОММ, 1252-қор, 1 - тізімдеме, 20-іс).
Ол кісінің қолынан шыққан табиғат этюдтері, әкесінің, анасының, сүйген жары Фатима Ғалиқызының, балаларының бейнелері отбасылық қорында сақтаулы тұр.
Сонымен бірге, қолжазба бөлімінде А. Асқаровтың Д. А. Қонаев, Н. Ә. Назарбаев, М. Бейсебаев, Ө. А. Жолдасбеков, А. Ш. Жомартов т.с.с. жайлы жазған естеліктері, мақалалары, журналистерге берген сұхбаттары, өлеңдері, поэмалары жинақталған.
Тізімдеменің соңында Асанбай Асқаровтың көзін көрген, тәлімін алған, сыйлас-пікірлес болған замандастарының, жазушылардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, қарапайым еңбек адамдарының естеліктері және журналистердің мақалалары топтастырылды. Бұл құжаттар ресми сипаттағы құжаттарға қарағанда Асқаров сынды алып тұлға жайлы тереңірек сыр шертеді. Д. А. Қонаев бір әңгімесінде: “...Асанбай Асқаровқа мен толық сенім арттым. Ол жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген ең тәжірибелі басшы, ол осы облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына көп үлес қосты”, - деп еске алады.
Қазақ мемлекетінің нығаюына, Еуразия аймағында қоғамның демократиялануына, гуманистік бағытта жаңарып жаңғыруына Асанбай Асқарұлы Асқаровтың қосқан үлесі шексіз. Оның кешегі істеген істері, еңбектері бүгінде ел игілігіне айналса, қазақтың біртуар азаматының сол еңбектеріне дәлел болатын, кешегіні бүгінгідей етіп көз алдыңа әкелетін құжаттары да тарих игілігіне айналса, қазақтың біртуар азаматының сол еңбектеріне дәлел болатын, кешегіні бүгінгідей етіп көз алдыңа әкелетін құжаттары да тарих игілігіне айналып, ешқашан өшпек емес.
“Мен елімнің перзентімін, гүлімін,
Арқа сүйер азаматы, ұлымын.
Еліме мен аямаймын, жұмсаймын,
Ғұмырымның мағыналы шырынын”, - деп жырлап қана емес, халқына өмірін арнап өткен осындай ел азаматына қалай ғана бас имейсің.
Мұқашева Зайра Кәрімғалиқызы,
Алматы облысының Мұрағаттар мен құжаттаманы
басқару жөніндегі Басқармасының жетекші маманы




















